Түпқараған аудандық білім үйлестіру орталығы мемлекеттік мекемесі



бет2/17
Дата15.12.2016
өлшемі4,38 Mb.
#3943
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17



Алғы сөз
Қазір заман талабына сай жас ұрпақты оқу – тәрбие үрдісінде тәрбиелеу тәрбиеші ұстаздың алдына қойған мақсаты.

Мектепке дейінгі ұйымдарда білім сапасын арттыру аса маңызды мәселе.

Еліміздің болашағы саналатын ұрпақ тәрбиесінде, оқу тәрбие үрдісі, өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен міндетін, еркін ойлау қабілетін, бала танымын, білімін, қоғам талабына сай жан – жақты дамыған, тұлға қалыптастыруды қажет етеді. Тәрбие тиімділігінің ең басты мәселесі, мемлекет мүмкіндігінен туындайтын қажеттілікке сай тәрбиенің мақсатын анықтау.



Мектепке дейінгі балалардың сөздік қорын дамыту, қоршаған ортамен таныстыру, логикалық ойын жетілдіру, таным қалыптастыру арқылы өз тәжірибесінде дұрыс қолдану.

Мектепке дейінгі мекемелер, яғни балабақшалар үшін жарық көрген мектепке дейінгі Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен бағдарлама әдістемелік нұсқаулықтарды негізгі ала отырып, «Айгүл» балабақшасы тәрбиешісі Жақсылықова Айгүл Қатынас, Денсаулық білім беру саласы оқу іс – әрекетінің үлгісін тәжірибе алмасу мақсатында ұсынып отыр. Балабақша тәрбиеші, педагогтарына арналған дайын оқу іс – әрекет технологиялық карталары білім сапасын арттыруда зор ықпал етері сөзсіз. Жас маман, тәрбиешілерге көмекші құрал ретінде ұсынылып отыр.


Балабақша әдіскері А.Баянова

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Әдептілік-әдемілік белгісі»

Мақсаты: Бұл оқу іс-әрекетінің негізі мақсаты балалардың әдептілік туралы білімдерін кеңейту. Әдептілік ұғымдарын баланың бойына сіңіру көрініс арқылы балалардың бойындағы әртістік қабілеттерін ашу, дамыту.

Білімділігі: Әдепті, әдемі, таза болып жүру

Тәрбиелік:. Үлкенді сыйлауға, кішіге жәбір көрсетуге болмайтынын түсіндіру.

Көрнекілігі: Видеопроектор экранымен, «Әдептілік- әдемілік белгісі» оқу іс-әрекетінің презентациясы, мақал-мәтелдер

Әдіс-тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойындар


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы


Балаларды ұйымдастыру

Отанымызға, бақшамызға, отбасымызға арналған жылы-жылы лебіздерімізді айтайық.
Жыл ерекшелігіне тоқтау. Суреттерді әңгімелеу.


Балалар, табиғат дегеніміз не?
Табиғат нешеге бөлінеді және оны қалай атаймыз?


Үлкенге де Сіз

Кішіге де Сіз

Барша жұртты құрметтеп

Бас иеміз біз
Жылы лебіздер айтады.


Жыл мезгілін айтып,

суреттегі балаларға есімдер беріп олардыің іс-әрекеттерін айтады.
Табиғат бізді қоршаған әлем.
Табиғат екіге бөлінеді, олар тірі және өлі табиғат.

Іздену ұйымдастырушы

Әдепті бала дегеніміз кім? Әдептіге не жатады? Әдептілік туралы қандай мақал-мәтел білеміз? Міне бүгін осы сұрақтарға жауап іздеп көрейік.
«Жылы киім тәнді жылытар,

Жылы сөз жанды жылытар»-дегендей, балалар егер бірдеңе қажет бола қалса өтінемін деген сөзді айту керек.

Ортада Альбина мен Сәулемайдың сурет салуын тамашалайық.


Балалар, біреудің құралын рұқсатсыз алуға бола ма?
Қане, бұл қателікті кім түзейді.

Балалар, қараңдаршы Адайбек қандай әдепті. Өтінемін деген ізгі сөзді айтуды ұмытпады.
Кейде біз жылтыраған, жалған сөздерді естиміз.

Қасқыр қойды мақтады,

Барлық ісін жақтады.

Қасқыр жолдас болмайды-ау,

Қой түбінде оңбайды-ау.

Әрине, қасқыр сияқты залым да зұлым адаммен алысқа бара алмайсың. «Ежелгі жау дос болмас» деген бар. Балалар жалған сөйлеуге бол ма?
.

Біз кешірім сұрап білеміз бе? Кешірімді қай кезде сұраймыз?

Балалар бірге ойнайтын достарын ренжітуге бола ма?
Қане, Диана қатеңді түзету үшін Інжуден кешірім сұрайық.
Енді, балалар мына суреттерге назар аударайық.
1-сурет. Ересек адам кішкентай балаға қол көтеруде.

Балалар мына суретке қараңдаршы. Кімдердің суретін көріп тұрсыңдар.
Ересек адам кішкентай балаға не істеп жатыр?
Не үшін қол көтеріп жатыр білеміз бе?
Өзінен кіші адамды да, өзгені де ұрып соғу әдептілікке жатпайды. /түсінік беріледі/
2-сурет. Жасы үлкен адам кішкентай балаға ауыр жүк артып қойды.




«Тәні саудың жаны сау» дейді дана халқымыз. Тазалық туралы не білеміз?

Әрқашан таза, сүйкімді болу үшін не істеу керек? Балабақшада жуынамыз ба? Қай кезде жуынамыз?


Дидактикалық ойын:

«Мен атаған нәрсені көрсет».

Мақсаты: Танымдық қабілетін, зейінін тұрақтандыру.

Шарты: Түрлі заттардың ішінен айна, тарақ және шашты сәндеу үшін керек бұйымдарды табады.


Әдемілік бейнесі.





Мақал-мәтелдерді еске түсірейік:



Каталог: aigulskom -> files
files -> «Дәрілік өсімдіктер» Ересектер,
files -> МКҚК «Айгүл» балабақшасы іі-сәбилер, «Айналайын» тобы
files -> Білім беру саласы
files -> МКҚК «Айгүл» балабақшасының әдіскері А. Баянова
files -> Сабақтың жүрісі: Кәне, балалар біз сабақта қалай отырамыз? Өте жақсы
files -> Менің ойыншықтарым» Ересектер,
files -> Баянова Алмагуль Ерболатовна Жаксылыкова Айгуль Алиаскаровна
files -> Баянова Алмагуль Ерболатовна Жаксылыкова Айгуль Алиаскаровна
files -> Сабақтың тақырыбы: «4- ке дейінгі сандарды тура және кері санау»
files -> Сонбергенова а наурыз 2016 жыл, Таушық


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет