Түр, тұлға, logos сөз, ілім дербес сөздердің грамматикалық мағыналарын


Архаизм мен историзмдер. Оқулықтарда, ғылыми еңбектерде (Мұсабаев, Болғанбаев, Белбаева) басын ашып, анық көрсетілмеген



бет12/23
Дата20.02.2023
өлшемі169 Kb.
#169448
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23
Байланысты:
Қазіргі қазақ тілі сабақ жоспарлары

Архаизм мен историзмдер. Оқулықтарда, ғылыми еңбектерде (Мұсабаев, Болғанбаев, Белбаева) басын ашып, анық көрсетілмеген.
М: Ғ.Мұсабаев = архаизм =сәукеле, кебене; историзм = кіреуке, сауық.
Белбаева =садақ, қорамсақ, сәукеле талыс, шөншік = историзм. Ай аттары (желтоқсан, қаңтар) = архаизм. Болғанбаев = архаизм және историзм болатынын айтады. Бірақ ажаратпаған.
Көнерген сөздердің бір ерекшелігі – көнеріп тілден бір кетсе, қайтып оралмайды. М: Кірекей (аюдың ұрғашысы), қонжық (аюдың күшігі), асаба (тамада), түмен. Рас, тарихи тақырыпқа жазылған әдеби шығармаларда қолданыла береді.
2) Түбір қалпында жеке айтылмайтын, бірақ белгілі бір туынды сөздердің түбірінде сақталған көнерген сөздер болады: баданадай, дардай, алпамсадай (алпамыс), қаршадай т.б.
3) Жеке сөз ретінде қолданылудан шығып қалғанымен, мақал-мәтелдерде, фразалық тіркестерде қолданыла береді: Тоғыз қабат торқадан тоқтышақтың терісі артық. Сол сияқты жаннан күсу, жарақты жау, түлен түртті.
4) Көнерген сөздердің кейбіреулері қайта түлеп, жаңа мағынаға ие болады: жасақ (халық жасағы, жасақшы – дружинник, төре – төреші)
ІҮ. Неологизмдер. Бір тілде жаңадан пайда болған, бірақ әзірше көпшілік арасында толық қалыптаспаған жаңа сөздерді неологизмдер дейміз. Бұлар жаңадан пайда болған зат атауларын, жаңа ұғымдарды, жаңадан танылған құбылыстарды білдіреді. М: космос, космодром, космонавт, теледидар, тоңазытқыш, шаңсорғыш, балмұздақ, аялдама, оқырман, көрермен, саяжай т.б. Неологизмдер былайша пайда болады:
1) тілімізде бұрыннан бар сөздердің бірігуі, қосарлануы немесе жұрнақтар жалғану арқылы жасалады: бірігу шаңсорғыш, балмұздақ, саяжай; жұрнақтар жалғану арқылы: оқырман, аялдама.
2) басқа тілдерден сөз ауысу арқылы: космос, космодром, ракета, спутник, атомоход.
3) сөз мағынасының жаңаруы, жаңғыруы арқылы: талдау, талқылау, құн, жарыс.
Неологизмдер көпшілікке кеңінен тарап, жалпыхалықтық сипат алған кезде неологизм болудан қалады, сөйтіп жалпылама лексикаға етене болып кетеді: партия, совет, комсомол, революция, талқылау, талдау, жарыс т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет