І. Функцион. сем. заңы. Мысалы:
Оқ – садақтың оғы (қайың, қарағай)
Оқ – мылтықтың оғы (пуля) (қорғасын)
Оқ – зеңбіректің оғы (снаряд)
Қалам – қауырсын қалам
Қалам – болат қалам
Қалам – автомат қалам
Орта (среда)
Жол – көп жүріп, тапталған із (нақты)
Жол – идея, бағыт (Ленин жолы) абстракциялану
Жол – тәсіл, әдіс
ІІ. Ұқсату заңы. Мысалы:
Көк – аспан әлемі
Көк – түс (сапа сыны)
Көк – жас шөп
Көк – көкөніс
Көк – бүліну, көгеру (плесень)
Бас – мүше атауы
Бас – ағаштың басы, таудың басы
Бас - судың басы
Бас - сөздің, істің басы
ІІІ. Бөлшектің бүтінге ауысуы. Мысалы:
Қол – мүше
Қол – әскер, жасақ
Түбек – бесіктің түбегі (бөлшегі)
Түбек – жартылай су қоршаған жер (полуостров)
Бұл сөз мағынасы өзгеруніңі сыртқы себептері болып табылады. Сөз мағынасы өзгеруінің ішкі себептеріне мағынаның тарылуы не кеңеюі, жаңғырып-өзгеруі сөздердің ауыс мағында қолданылуы жатады.
Мағынаның тарылуы. Мысалы:
От-азық, тамақ (бастапқы мағына) (от іштім) мал оты
От – мал оты (кейінгі мағына)
Тары – астық өнімдерінің жалпы аты
Тары – бір ғана дақыл аты
Тон – жалпы киім аты (іш тон, сыр тон) - бастапқы мағына
Тон – тері киім - кейінгі мағына
Мағынаның кеңеюі. Қатынас – бастапқы мағынасы барып келу, қазір (кейінгі) – ауа қатынасы, темір жол қатынасы, радио телефон, телеграф қатынасы, қатынас қағазы – демек бастапқы тар мағына кеңейе түсті.
Жарыс – ат жарыс, жазу жарыс.
Қазір – ат жарыс, жазу жарыс, соқ. жарыс кеңейе түсті.
Мағынаның жаңғыруы. Құн – адамның құны. Қазір қолданылмайды. Құн – себестоимость
Сөз сөйлем ішінде, контексте ауыс мағынада қолданыла береді дедік. Ауыспалы мағына (келтірінді мағына) өз ішінде метафоралық мағына, метонимия және синекдохалық мағына болып сараланады.
Достарыңызбен бөлісу: |