Трахеит – кеңірдектің қабынуы. Бронхи т – бронхтардың қабынуы. Жіктемесі


С о з ы л м а л ы б р о н х и т –



бет3/7
Дата09.02.2023
өлшемі1,37 Mb.
#168122
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
9f042f39-2059-4da1-91ba-2f4879c0b316 2

С о з ы л м а л ы б р о н х и т – бронх талының кілегей қабатының ұзақ ағымымен және мезгіл-мезгіл қозуымен сипатталатын диффузды қабыну ауруы. Бұл ауруда науқас ең кемінде соңғы екі жыл қатарынан үш ай қақырық тастап, жөтеледі.
Тыныс алу жүйесінің аурулары ішінде созылмалы бронхит 3-10% құрайды, 40 және одан да жоғары жастағы адамдарда жиі кездеседі, ерлер әйелдермен салыстырғанда 2-3 есе жиі ауырады.
Созылмалы бронхит - өкпенің созылмалы бейспецификалық ауруларының (ӨСБА) негізгі түрі. ӨСБА термині тұңғыш рет 1958 жылы енгізілген. Оның құрамына кіретін аурулар : созылмалы бронхит, бронхтық астма, өкпе эмфиземасы, пневмосклероз, бронхоэктаз ауруы.


Этиологиясы: жедел бронхиттің толық емделмеуі, жоғарғы тыныс жолдарының созылмалы аурулары (ринит, синусит, тонзиллит), жедел респирациялық ауыру, зиянды әрекеттер - шылым шегу (50-80% - «бронхит курильщика»), маскүнемдік, өнеркәсіптік шаң-тозаңдар (мұнай, газ, сера), ылғалды климат, жүрек пен өкпенің созылмалы аурулары, кондиционердің әсері, бүйрек жетіспеушілігі, генетикалық бейімдеушілік (альфа1-антитрипсин ферменттың жетіспеушілігі (дефициті).


Клиникасы:
Созылмалы бронхиттың клиникасы қабыну процесінің бронхтарда таралуына, бронх қабырғасының зақымдалу тереңдігіне, бронх калибрінің зақымдалу түріне байланысты болады.
Клиникасына байланысты созылмалы бронхиттің екі түрі болады : катаральды (қарапайым) бронхит және іріңді бронхит. Функцияның бұзылуына қарағанда бұл бронхиттің әрқайсысы обструктивті немесе обструктивсіз болып екіге бөлінеді. Катаральды бронхитта науқас кілегей қақырық тастайды, іріңді бронхитте іріңді қақырық түкіреді. Созылмалы обструктивті бронхиттің клиникасында бронх өзегі өткізгіштігінің бұзылу белгілері басым болады.
Негізгі шағымдар: таңертеңгілік жөтел, қақырық тастау және ентікпе. Жөтел тұрақты, құрғақ немесе кілегейлі – іріңді қақырықпен, физикалық ауыртпалық кезінде ентігу (баспалдақпен көтерілгенде), мазасыздану, тез шаршау, терлеу болады. Жөтел салқын және ылғалды күндерде күшейеді. Өршіген кезінде – жөтел күшейеді, t° . Созылмалы бронхиттің асқынбаған түрінде ешқандай өзгеріс болмайды.
Пневмосклероз, өкпе эмфиземасы және өкпе–жүрек әлсіздігі, бронхоэктаз қосарласқанда науқасқа жалпы қарау жүргізгенде тыныс алуда қабырғааралық бұлшық еттер қатысады, мойын веналары ісінеді, цианоз болады, «сағат әйнегі» тәрізді тырнақтар байқалады;
Перкуссия – қорап тәрізді дыбыс;
Аускультация – әлсіз везикулярлы немесе қатқыл тыныс + құрғақ ысқырықты сырылдар, кейде дыбыссыз ылғалды сырылдар естілуі байқалады;
Қанда – цитоз және ЭТЖ
Қақырық анализінде – лейкоциттер, эпителий клеткалары, микробтар (кокктар) табылады.
Rграфия – өкпе сүреті күшейіп деформацияланады, пневмосклероз және өкпе эмфиземасы көрінеді.
Бронхография – бронхтың деформациясы байқалады.
Бронхоскопия – бронхтың шырышты қабатының қабынуы мен жұқаруы байқалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет