Трахеит – кеңірдектің қабынуы. Бронхи т – бронхтардың қабынуы. Жіктемесі



бет5/7
Дата09.02.2023
өлшемі1,37 Mb.
#168122
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
9f042f39-2059-4da1-91ba-2f4879c0b316 2

Алдын – алу шаралары:

  1. ауаның шаң – тозаң және газбен ластануымен күрес;

  2. дене шынықтыру (душ, физ-ра, спорт);

  3. шылым шегумен күрес;

  4. жұтқыншақтағы ошактардың санациясы;

  5. туберкулезді, пневмонияны дер кезінде емдеу.



Б р о н х и а л д ы қ а с т м а
(бронх демікпесі)


Бронхиалдық астма (бронхтық астма, бронх демікпесі) –бронхтың шырышты қабаты ісінуінен бронх тарылып, тұншығу пайда болуымен сипатталатын инфекциялық – аллергиялық ауру. Бұл ауру бүкіл әлемдегі халықтың 2%-да кездеседі. Ауылда тұратын адамдарға қарағанда қала тұрғындары жиі ауырады, сонымен қатар ер адамдармен салыстырғанда әйелдер көбірек сырқаттанады.
Этиологиясы: Негізгі себебі - аллерген – организмнің сенсибилизациясына әсер етіп, аллергия тудыратын зат.

  1. экзогендік аллерген (иіс су, бензин, гүл, жастық үпелегі, кілем шаңы, үй жануарлары, бояу (краска), дәрілер (аспирин, витамин, антибиотиктер), жұмыртқа, балық, шоколад, бүлдірген, цитрустық өнімдер, металл, ағаш, мақта шаңы, қышқылдар мен сілтілер буы, түтін, стресс, психикалық әсерлер);

  2. эндогендік аллерген (гаймориттің, созылмалы бронхиттің, созылмалы пневмонияның микробтары, олар антиген болып ауруды тудырады);



Патогенез 3 сатысына бөлінеді :

  1. иммунды сатысы (антигенге антидене бөлінеді);

  2. патохимиялық сатысы (биологиялық белсенді заттар – гистамин, ацетилхолин, серотонин бөлініп шығады );

  3. патофизиологиялық сатысы (биологиялық белсенді заттар бұлшық ет тырысуын, майда бронхтың тарылуын тудырады, кілегей бөлінеді, тыныс алу қиындайды. Осының бәрі жүйке жүйесіне күш түсуіне, толқуға, қорқынышқа әкеп соқтырады).



Г.Б.Федосеев бойынша жіктемесі ( 1982ж):

    • атопиялық

    • инфекцияға тәуелді

    • аутоиммундық

    • дисгормональдық

    • нервтік психикалық

    • адренергиялық дисбаланс

    • холинергиялық

    • нервтік – психикалық

    • аспириндік



Клиникасы: тұншығу түнде немесе таңертеңгілік болады, кейде аллергеннің тікелей әсерінен дамиды. Науқасты ұстамалы түрінде жөтел мазалайды, қақырық өте қиындықпен түседі, демді сыртқа шығару қиын. Кеудеден шығатын ысқырықты сырылды алыстан естуге болады (дистанциондық сырылдар).
Қарағанда- Ұстама кезінде науқас аяғын төменге түсіріп, екі қолымен тіреп, кеудені алға қарай шалқайтады, мұны ортопноэ деп атайды.
Кеуде сарайы эмфизематозды «бөшке» тәріздес болады. Пульс жиі.
Пальпация – кеуде сарайының серпінділігі төмендейді.
Перкуссия – қорапша тәрізді дыбыс болады.
Аускультация – тыныс алу әлсіз, құрғақ ысқырықты сырыл ;
Ұстама бірнеше минуттан бірнеше сағатқа созылуы мүмкін. Тұншығу ұстамасының ұзаққа созылуын – status astmaticus деп атайды.
Біртіндеп қақырық сұйылып, қақырық оңай бөліне бастайды. Қақырық бөлінгеннен кейін ұстама басылады, тыныс алу қалпына келеді, науқас тынышталады, сырыл жоғалады.
Қақырық анализінде – лимфоциттер және эозинофил көбейеді, Куршман спиралі және Шарко – Лейден кристаллдары табылады .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет