Моральдық мәселелер Ендi И.Канттың теортикалық зердесiнен өтiп, оның практикалық философиясына көшуге уақыт келдi. “Практикалық зерде² деп ол моральдық салаға әр-түрлi принциптер мен нормалар беретiн зерденiң қабiлетiн айтады. И.Канттың ойынша, “Ерiктiктiң негiзiнде болуы мүмкiннiң бәрi практикалық зердеге жатады².
И.Кант өзiнiң философиясында моральдық саланы ғылыми салаға қарағанда анағұрлым жоғары қояды. өйткенi, моральдық сала - өз-өзiне жеткiлiктi, автономиялық ақуалда өмiр сүредi. Мораль адамды дүниеде болып жатқан емес, болуға тиiс биiктiктерге итередi. Адамның әр-түрлi сезiмдерiнен шығатын тiлек, өзiме ғана болсын деген ойдан щығатын iс-қимыл, пайдалықты көздейтiн әрекет - мұның бәрi де моральдық салада есепке алынбауы керек, өйткенi оның бәрi де күйкелi күнбе-күнгi өмiрлiк тәжiрибеден пайда болады.
Практикалық зерде априорлық жолмен өз-өзiне моральдық принциптердi ұсынады. өмiрден емес, тек таза моральдық ерiктен шығатын нормаларды бiз басшылыққа алуымыз керек. Мұндай көзқарасты парыз этикасы деп әбден айтуға болады.