6 тақырып. Қайта Өрлеу дәуірі философиясы Қайта Өрлеу дәуірінің ерекшіліктері Қайта Өрлеу дәуірі (Renessance - фр. ) - Орта ғасырдан Жаңа Заманға өту дәуірі болды. Оның шеңберін біз X1V-XV1 ғ. ғ. белгілейміз.
Қайта Өрлеу заманы Италия елінде басталды. Оған себеп болған әлеуметтік-экономикалық жағдайларды алатын болсақ, бұл кезде солтүстік Италияда, әсіресе теңіз жағалауларындағы аймақтарда орналасқан қалаларда сауда, қөлөнер өндірісі тез дами бастайды, мұның өзі феодалдық қатынастардың сарқуына, көп іскер шаруалардың өз қожайындарынан ақша төлеп бас бостандығын алып қалаларға келуіне, алғашқы капиталистік экономикалық қатынастардың дамуына әкелді.
Жартылай ұйқылы-ояу өмір сүріп жатқан бір үлгідегі феодалдық қоғам оянып, жаңа өмірге аттанады, қалалар тез өсіп, ондағы әлеуметтік өмір өзінің әр-түрлілігімен, күнбе-күнгі өзгерістерімен , қызықтығымен көзге түседі.
Жоғарыда көрсетілген өзгерістер біршама қоғамның рухани өміріндегі жаңаруларға әкеледі.
Біріншіден, өндіргіш күштерді дамыту қажеттігі схоластикалық ой-өрісінен жаратылыстану ғылымдарына бетбұрыстың пайда болуына әкелді. Ал оның өзі бірте-бірте материалистік бағыттың философияда күш алуына әкеліп соқты.
Табиғаттың заңдылықтарының бірде-бір зерттеу жолы - ол тәжірибелік зерттеу - эмпиризм (emperіa, -грек сөзі, - тәжірибе) бағытын тудырды. Тәжірибе арқылы алынған деректерді пайымдау, қорыту қажеттігі рационализм ағымын дүниеге әкелді. Ал бұлардың өзі ой еңбегінің бағалануына, әсіресе ағарған интеллигенцияның дүниеге келуіне әкеліп соқты. Егер Орта ғасырдағы қоғамда ой-еңбегі негізінен дін шеңберінен шыға алмаған болса, қазір жағдай күрт өзгере бастады.
Орта ғасырдағы қауымдық негізде ұйымдасқан әр-түрлі кәсіби топтар жаңа жағдайда бірте-бірте ыдырап, оның орнына жеке адамдардың іс-әрекеті көбірек бағалана бастайды: табиғи мол дарыны бар адамдар өздерінің мүдделері мен мақсаттарына сай сүретші, мүсінші, дәрігер, жазушы, сәулетші т. с. с. болуға тырысады. Ал мұның өзі ресми ғылымға, сол кездегі схоластикалық нәтижесі жоқ ой-өрісіне қарсы сезімдерді туғызады, өйткені олардың ой-өрісі, дүниесезімі, шығармашылық ізденістері діннің шеңберінен шығып жаңа қөзқарасты талап етеді.
Ал бұл айтылған ойлардың айқын көрінісі - Орта ғасырдағы университеттер мен шіркеуден тыс жаңа ұйымдардың көптеп пайда бола бастауы. Оларды “Studіa Humanіtatіs² (гуманитарлық пәндерді зерттеу) деп атады. Сонымен, қайта Өрлеу Заманының өшпес нәтижесі – гуманистік (Humanus – латын сөзі, - адамгершілік, адамдық) ағымның сол кездегі қоғамның мәдиниетінің саласында пайда болып, оған жан-жақты зор әсерін тигізуінде болды. Бұл ағым философиялық ой-өріске ғана емес, сонымен қатар саясатқа, моральдық нормаларға, әдебиет пен көркем өнерге, діннің өзіне үлкен ықпалын тигізді. Негізгі идеясы - жеке адамның бойындағы табиғи дарындарын өмірге әкелу, адамның құдіретін, ар-абыройын көрсету болды.
X1V ғ. екінші жартысынан бастап Көне классикалық грек және латын әдебиеті мен өнеріне, философиясына деген сұраныс жылдам өсе бастайды. Оларды мәдени саладағы маңдай алды үлгі, білім алғысы келетін адамға ең қажетті нәрсе ретінде бағалай бастайды. Гуманистік әдебиет білім мен “vіrtus² (лат. сөзі) ізгілікті рақымшылдықпен теңей бастады. “қайта өрлеу² деген ұғымның мазмұнының өзін, міне, осы антикалық мәдиниетке деген іңкәрдән шығаруға болады. Алайда бұл талпынысты біз көне заманның мәдениетіне, философиясына тұрпайы түрде қайта оралу деп түсінсек, ол қата болар еді. Оны біз қайта оралу, көне мәдениетке баға беріп өз заманынан бөлу, сонымен қарым-қатынасқа түсу,- деп түсінуіміз керек. Сонда ғана біз “Өрлеу² дегенде әрі қарай даму, жетілу мағнасына ие боламыз.
Міне, “Қайта-өрлеу² деген ұғым осыны көрсетеді.