12 тақырып. Орыс философиясы Философия тарихына жасаған көлемдi саяхатымызда солтүстiктегi көршiмiз - Ресей халқының рухани-философиялық мұрасын естен шығармауымыз керек. Қазақ халқы “Ұлы мәртебелi Тарихтың² шешiмiмен Х1Х-ХХ ғғ орыс мәдениетiнiң ықпалында болып, қалай дегенде де, олардың көп құндылықтарын өз бойына сiңiрдi. Екiншi жағынан алғанда, орыс руханиятының бүкiл дұниежұзiлiк философиядағы алатын өз орны, қайталанбас құндылықтары бар. Сондықтан, оларды әрбiр бiлiмдi азамат игеруi қажет. Үшiншi жағынан, бүгiнгi қазақ елi - көп ұлтты ел, ал орыс халқының өкiлдерi негiзгi ұлт – қазақтардан кейiнгi екiншi үлкен әлеуметтiк-демографиялық топ, сондықтан, қазақ-орыс мәдениет және тағы басқа қатынастарының негiзiнде бiр-бiрiнiң дүниеге деген көзқарасын түсiну қажеттiгi жатыр, сонда ғана олар толыққанды болуы мұмкiн.
Философиялық ой-пiкiрдiң Ресейде дұниеге келуi ХI ғ басталып, негiзiнен, христиандық дiндi қабылдаумен байланысты болды. Осы уақыттан бастап Ресейдiң ойшылдары өз мемлекеттерiнiң Құдай нұрының шапағатына қатысты екенiн негiздей бастайды. Алғашында ойшылдардың ой өрiсi адамның жұрiс-тұрысын ретке келтiретiн мақал-мәтел, нақыл сөздерге, соңынан православие дiнiнiң бұкiладамзат цивилизациясының дамуындағы ерекше орнын негiздеуге бағытталды.