Рефлексия . «Біздің топтың жүрегі». Әр оқушы өз жүрегің ерекше етіп бүгінгі тренингтен алған әсерлерімен бөлісу керек.
Нәтижесінде: -бәрі өз қолымызда екенін түсіндік
-ҰБТ-ге сеніміміз осыдан соң артты.
- тренинг ұнады деген жауаптар алынды.
Психологиялық тернингтің тақырыбы: «Мейрімділік»
Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке , мейрімдікке тәрбиелеу.
Жаттығу:«Ауа райы» Мақсаты: Оқушылардың қазіргі кездегі көңіл-күйлерін сурет салу арқылы анықтау.
Керекті құралдар: қағаз беті, қарындаш, түсті қарындаштар.
Жаттығу барысы:Қолдарыңызға қағаз бетін және қарындаш алыңдар. Енді өзіңіздің көңіл-күйіңізге сәйкес келетін сурет салыңыз. Сіз қазір боран соғып тұрғанын, күлімсіреген күнді, жаңбыр, найзағай, т.б. суретін сала аласыз. Бір-бірімізден көшірмейміз. Айналамызға қарамай, өзіміздің көңіл-күйімізге сай сурет саламыз.
(ашық түстер, үлкен сурет – көңіл-күйі жақсы)
Жаттығу: «Алақанға жан бітір»
Мақсаты: оқушылардың қиялын дамыту және көңіл-күйін көтеру
Жаттығу барысы:Жүргізуші қатысушыларға альбом парағына алақанын салып, оған жан бітіру керектігін ұсынады. Алақанға ауыз, көз..... салу. Саусақтарын бояу. Әрбір саусаққа ерекше есімдер ойлап тауып жазу. Соңында неге олай аттағандықтары туралы айтып беру.
Жаттығу: «Сенімділік» жаттығуы .
Мақсаты : оқушыны стресстік жағдайдан арылтып , сенімділікке үйрету .
Жаттығу барысы :оқушыларға бос парақ таратылады . Сол парақты қаламсаппен теңдей екіге бөлу ұсынылады . Ол бөліктерді 1 , 2 деп белгілеп , бірінші бөлікке жағымды қасиеттерді , ал екінші бөлікке жағымсыз қасиеттерді жазу керек те , ортасы қырқылып алынады . Жағымды қасиеттерін өзіне қалдырып , жағымсыздарын қатты мыжып , қоқыс жәшігіне салады .
Жаттығу:«Мен- күнмін», немесе «Мені не үшін сыйлау керек».
Мақсаты: Сенімділікті арттыруға арналған жаттығу.
Ойын барысы: Күннің сүретін салып, ортасына қатысушы өз атын жазады. Қатысушы күннің әр сәулесіне өзінің жақсы қасиетін, жетістігін, өнерін жазады. Неғұрлым күннің сәулесі көп болса, соғұрлым адамның шапағаты да көп болғаны.