Талқылауға арналған сұрақтар: «Қандай сезімде болдыңыздар? Қиындық туды ма? Неліктен? Бір-бірінен айырмашылығы қандай?
Ережені қабылдау.
Біздің жұмысымыз нэтижелі болу үшін кейбір ережені қабылдаған жөн:
Топтың психологиялық жэне физиологиялық жабықтығы.
Физиологиялық жабықтық дегеніміз - топ құрамын тұрақты. ешкім
топқа жаңадан кіре алмайды немесе топ түгелденбейінше тренинг бас- талмайды.
Психологиялық жабықтық - әркім айтқан өзі туралы сөзі осы топтың шеңберінен шықпау қажет.
Ойланыңыздар, осы ережені қабылдай аласыз ба? Әркім өзі үшін жауап берсін...
Шынайылық ережесі.
Менің ойым, ол менің ішкі сезімім. Өтірік айтуга жол жоқ. Осы ережені қабылдай аласыз ба?
Шеңбер ережесі. Ешкімнің сөзін бөлмей тыңдаймыз.
«Қазір жэне осында». Біздің талқылауымыздың пәні - қазір топта болып жатқан үрдістер, сезім мен ой болып табылады.
Мен заңдылығы. Әркім өз атымен сөйлейді (яғни «мен ойлай- мын», «менің байқауымша»...).
Белсенділік. Жаттыгу барлық қатысушымен жүргізілуі қажет.
Тренинг психогимнастикалық жаттығудан басталған орынды. Ол
қатысушының сізге жэне өзге топ мүшесіне бой үйретуіне, икемделуіне әсер етіп, негізігі бөлімге еркін өтуге мүмкіндік береді.
«Орын ауыстыр» жаттығуы.
Қатысушылар шеңбер жасап отырып, жүргізуші дэл ортасында оты- рады.
Нүсқау: «Қазір бізде танысуды жалғастыруға мүмкіндік бар, оны былай орындаймыз. Ортада тұрған адам ортақ белгісі бар бар- ларға орын ауыстырудьі үсынады. Мысалы, мен: «ағалары барлар орын ауыстырыңдар», - деп айтамын, сол кезде орын ауыстырған қатысушының орнына отырып үлгеруім қажет. Ортада орындықсыз қалған адам ойынды осы нұсқау бойынша жалгастырады. Бұл ойынды бір-бірімізді жақсы тану үшін пайдаланамыз».
Достарыңызбен бөлісу: |