Сәлемдесу. «Менің есімім және ерке атым» техникасы - есімін жэне жақындары еркелетіп айтатын есімі. (5мин)
Негізгі бөлім
Күйзеліс туралы әңгіме-сұхбат жұргізу. Ол төмендегі сұрақ арқылы жүзеге асырылады. (5-7 мин)
Күйзеліс дегеніміз не?
Ол неден пайда болады?
Оның белгілері қандай?
Оның адам өміріне немесе денсаулығына зияны немесе пайдасы бар ма?
Бар болса қандай?
Күйзелісті болдырмау жолын білесіздер ме?
Өз тәжірибесімен бөлісу?
Күйзеліске үшыраған кезде, онымен күресу әдісі бар ма?
Қандай эдіс қолданасыз?
Күйзеліс жөнінде қысқаша лекция. (5 мин)
Күйзеліс - бұл нақты жағдайда басқаруға келмейтін қиын эмо- циялық-физикалық қысым. Ғылыми тілде жеткізетін болсақ ағзаның болған жағдайға физикалық, психикалық, эмоциялық және химиялық эсері.
Күйзеліс 3 деңгейде көрінеді: ақыл, ой, көңіл-күй. Ең алдымен, ақпаратты ой елегінен (саналы, санасыз), сосын эмоциялықсезіну (элсіз жэне күшті), кейіннен барып бұл үрдіс физикалық деңгейде бекиді. Ең алғашқы бұлшықеттегі қысымды шешуді, алғашқы сыныптан-ақ білеміз. (саусақты ашамыз, жұмамыз). Күйзеліс кезінде қандай-да бір бұлшықеттің қысымда тұрғанын сезінесіз. Ол жақсүйектің, іштің, арқаның бұлшықетіндегі қысым болуы мүмкін.
Күйзелістің денсаулыққа зияны.
Күйзеліс күйден («стресс») арылмау, торығу денсаулыққа зиян екенін бэріміз де білеміз. Болмашы нәрсеге күйгелектену-жүйкені тоздырады, жүрекке күш түсіреді, өмірді қысқартады, адамның мінез- құлқын өзгертеді.
Күйзелісті жағдайда бүйрек бездері қанға қуатты гормондарды ай- дайды, оны бүкіл ағзаға жайып жібереді. Ол қан қысымын көтереді, тамырдың соғысы мен тыныс алуды жиілетеді, бұлшық еттері тар- тылады, бауыр қанға қантты көбірек жібереді. Бұлар адамның есте сақтау қабілетін элсіретеді, тез шаршап-шалдығатын күйге түсіреді, неше түрлі ойлар басына келіп, ұйқысы қашады. Бұлшық еттерінің босаңсып, бастың ауруы, жыныстық дэрменсіздік пен тері ауруының мазалауы да сары уайымнан арыла алмаудан болады.
Күйзеліс кезінде ағзадагы дәрумен жедел жойылады, кейін орнын толтыру қиынға соғады.
Осы қысымнан арылу үшін бұлшықетке дұрыс жаттығу жасай білу қажет.
Бойдағы күизелістен арылуға арналған жаттығу қешені. (10 мин)
Моиын. Арқаны тік ұстап, төбеден ілгекпен тартып жатқандай мойынды барынша созу. Енді, ілкегтен төмен түсіріп жібергендей, бірден босаңсыту.
Арқа. Екі жауырынның арасын жақындатып, өзіңізді киім шгіште ілініп тұрғандай сезіну. Екі жауырынның арасын барынша жақындату. Бірден босаңсу.
Іш. Мұрынмен өкпені ауаға толтыру, іштің көлемінің үлкеюіне жол бермей тартып ұстау. Ауаны ауыз арқылы сыртқа шығару кезінде ішті де босаңсыту.
Достарыңызбен бөлісу: |