Сыныптың қыздарының орындауындағы қазақ биін қабыл алыңыздар. Oтбасым — менің жүрегім
Отбасым — менің тірегім
Отбасым – менің Отаным
Тек сен деп соғар жүрегім – дегендей, отбасы болашақ ұрпақ бойына адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықтарын сіңіретін тәрбие ошағы.
Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы.
ІІІ кезеңіміз «Менің отбасым – менің байлығым». Бұл кезеңде 1-топ. Отбасы туралы өлең жолдарын айтады.
2-топ, «Менің бақытты жанұям» тақырыбында эссе жазады.
3-топ. «Бақытты отбасы» тақырыбында суреттер салып, қорғайды.
4-топ. Отбасы туралы мақал-мәтелдер айтады.
Отбасы — әр бала үшін алтын бесік. Бала отбасы аясында түлеп өседі, оңы мен солын сонда таниды. Ол отбасы жағдайында өмірдегі әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстауды, адамгершілік әліппесі: кішіпейіл болу, ізеттілік, сыйластық, үлкендермен және кішілермен қандай қарым — қатынаста болу керек сияқты тәжірибе жинақтайды және оны меңгереді. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек.