3.Сыбаға дегеніміз не? ( Құрметті қонаққа немесе өздерінің жақын – жуығына арнап сақтаған кәделі ет сыбаға деп аталады. Үлкен ақсақалдарға, құдаларға, жолы үлкен адамдарға сыбаға әдейі сақталады.)
4. Ереулік деген не? (Басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерде бұрынан тұратындар ерулік береді, яғни қонаққа шақырады.)
5.Шілдехана дегеніміз не? (Кіндігі түскен баланы бес күннен кейін бесікке салады. Бұл тойға жиналған көрші – қолаң шашуларын ала келеді. Баланы бесікке салардан бұрын ауылдың жасы үлкені, беделді әйел кісі бесік жабдығын орын – орнына қояды.)
6. Тұсау кесер және оны қандай жіппен кеседі? (Бала қаз тұрып жүре бастағанда жасалатын салт – дәстүр. Бұл дәстүр бала құламай, аяғын тез басып жүріп кетсін деген оймен жасалады.)
7. Байғазы (дәстүр)- балалардың, жастардың жаңа киімі, заты үшін берілетін ақшалай, заттай сый.
8. Беташар дегеніміз не?
4 айналым – «Сен білесің бе?»
1-сұрақ: Қазақ халқының ұлттық тағамдарын атаңыз. (Қазы – қарта, жал – жая, құйрық бауыр, шұжық, қымыз, шұбат, қатық, айран, құрт, ірімшік т.б.
2-сұрақ: Киіз үйдің басты бөліктерін атаңыз. (шаңырақ, кереге, уық)
3-сұрақ: Ұлттық киімдерді атаңыз. (сәукеле, кимешек,орамал, бөрік, ішік, шапан, қамзол, мәсі т.б.)
4-сұрақ: Жеті қазынаны атаңыз. ( ер жігіт, сұлу әйел,ақыл – білім, жүйрік ат , қыран – бүркіт,берен мылтық, жүйрік тазы.)
5-сұрақ: Қазақтың ұлттық ойындарын атаңыз. (көкпар, алтыбақан, тоғызқұмалақ, ақсүйек, күрес, аударыспақ т.б.)
6-сұрақ: Ер қаруы бес қаруды атаңыз.
7-сұрақ: Қазақтың әшекей бұйымдарын атаңыз
8-сұрақ: Қазақтың музыкалық аспаптарын атаңыз
5 айналым – «Қара жәшік»
Қара жәшіктегі жасырынған затты анықтау қажет (1 минут ) Ойлануға 1 минут, білмеген жағдайда, басқа топ жауап беруіне болады. Жауапқа 10 ұпай беріледі.
Қамшы — атқа мiнген адам ұстайтын, бiрнеше таспа қайыстармен көмкерiлiп, өрiлген, сабы тобылғыдан, ырғайдан, аңдардың тұяғы, мүйiздерiнен жасалған атты айдап жүргiзетiн құрал.
Достарыңызбен бөлісу: |