Триз технологиясының мектепке дейінгі тәрбиелеумен оқытудағы тиімділігі



бет69/79
Дата04.01.2022
өлшемі3,48 Mb.
#10542
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   79
Технологиялық карта

Білім беру саласы: Әлеуметтік

Білім көздері: Көркем әдебиет. Сурет салу.

Тақырыбы: «Аққала мен оның достары»

Мақсаты: Балаларға жоспарға сүйене отырып ертегі құрастыруға үйрету. Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту . Жоспар дегеніміз не екені туралы білім беру. Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Аққала- снеговик, хат- письмо, достар- друзья.

Іс-әрекет бөлімдері


Мұғалімнің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті


Ынталандыру,

сезімді ояту.


Шаттық шеңбері:

Жарқын, жарқын үніміз,

Болашақтың күніміз

Балалық шақ үйінің

Жайнап тұрған гүліміз.

Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

Хош келдіңіз бәріңіз!

Ойын: «Иә-Жоқ»



Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Ойын ойнайды




Ізденістер,

Ұйымдастыру


Педагог баяу өуен қойып, балаларға көздерін жұмғызып, Ертегілер әлеміне саяхатқа шығуды ұсынады. Балалар көздерін ашқанда алдыларында сандықша пайда болады. Тәрбиеші сандықшаны ашып ішінен хат табады. Хат Ертегі елінің ханшайамынан екенін балаларға айтады, балалардың назарын хатқа аударады. Мен сендерге хатты оқып берейін.

Балалар мен сендердің ақылды, мейірімді, қамқор болып өсіп келе жатқандарыңа қуанамын. Сендердің ертегілер еліне саяхатқа шыққандарыңды естңді мен сендерге көмектесейіндеп хат жолдадым. Ертегілер еліне жету үшін сендер өз ойларыңнан ертегі құрастырып оны суретке салыңдар . Тақырыбы «Аққала мен оның достары». Ертегі құрастыру үшін сендерге Жоспар керек. Жоспар дегеніміз– мақсаты‚ мазмұны‚ әдістері мен құралдары көрсетіліп‚ нақты кезеңге бөлінген шараларды жүзеге асырудың белгіленген тәртібі мен реті.  Сендерге оңай болу үшін мен сендерге жопарды сурет ретінде жіберемін.



Ең бірінші сендер Аққаланың достармен кездескенге дейінгі кезеңін.

Одан кейін Аққала достарымен қалай танысқанын,



.

соңында олардың бастан кешкен оқиғаларын бейнелеңдер.

Жоспар барлығында бірдей болғанымен

Соңында ертегі барлықтарыңда әр түрлі болып шығады. Сендер өздеріңде ертегілерінің алуан түрлілігіне таң қаласыңдар. Сендердің ертегілеріңді асыға күтудемін.

Ертегілер елінің ханшайымы.

Сергіту сәті

Домалатып ақ қарды,

Ұлпа қарлар жинаймыз.

Үлкен, кіші, орташа,

Дөңгелектеп құраймыз.

Мұрнын жасап сөбізден,

Баскиімін - шелектен.

Көңілденіп, секіріп,

Аққаланы жасаймыз.

Сергіп алдық енді ертегі құрастыруға кірісейік. Жоспарды естеріңнен шығармаңдар.Суретті әдемі, ұқыпты салыңдар.

Балалардың жұмыстарын бақылап, қиналған тұстарында көмек беремін.

Жұмысын аяқтаған балалар ортаға шығып ертегілеріңді баяндап берсеңдер болады.

Ойын: «Аққаланы құрастыр!»


Балалар көздерін жұмып, ертегілер еліне саяхатқа шығуға дайындалады.

Хатты тыңдауға дайындалады.

Балалар хатты мұқият тыңдап отырады .

Сергіту сәтін орындайды

Ертегі құрастыруға кіріседі

Ертегілерің суреттерін көрсетіп өз ертегісін баяндап береді.


Қорытындылау

Өзін-өзі бағалау


Не білдік?

Не үйрендік?

Не қызық болды?

Ертегі құрастыру оңай болды ма?

Кейін үйлеріңде отбасы мүшелеріне осындай ертегі құрастырып бересіңдерме?

Балалардың жұмыстарынан көрме ұйымдастыру, жақсы жұмыс жасаған балаларды мақтап - мадақтау.

Балалар тәрбиешінің сұрағына жауап береді.

Күтілетін нәтиже

Білуі тиіс: жоспарға сүйене отырып ертегі құрастыру

Түсінігі: жоспар деген не екенін

Көрсете білуі: шығармашылық ойын суретке салу арқылы көрсете білуі.

Подготовила: воспитатель Фираго Е.Е

Технологическая карта организованной учебной деятельности для старшей группы «Радуга»
Образовательная область: Познание



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет