Түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиеттің өзгешелігі туралы баяндаңыз



бет93/129
Дата10.11.2023
өлшемі0,97 Mb.
#190653
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   129
Байланысты:
Ii блок түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиеттің өзгешелігі туралы -emirsaba.org

Романтизм - өмірді, өмір құбылыстарын асқақтата суреттейтін әдіс. Көркем әдіс ретінде романтизм әдебиетке жаңа тақырып, жаңа кейіпкерлер әкелді., сөз өнерін көптеғен көркемдік ерекшеліктермен байытты. Романтизм мен реализмді екі түрлі әдіс деп қарасақ, олар бірін-бірі толықтырып, біріне-бірі нәр бере алатынын есте сақтауымыз керек. М:Жұмабаевтың «Батыр баяны» романтикалық сарын айқын көрініс тапқан , әсерлі шыққан туындылардың бірі.
Реализм - өмірдің көріністерін шынайы суреттеу ідісі. Реализм өмірде болатын үнемі кедесетін нақтылы жай-жағдайларды кеңінен қамтьш, қай құбылыстың болсын даралық белгілерін де жинақгалган көптеген құбылыстарға ортақ сипаттарын да нанымды суреттеп, нағыз типтік дәрежеде көркем образдар, бейне, тұлға жасау.
Қазақ әдебиетінде реализм әдісі Абай поэзиясында жоғары сатыға көтерілді. Абайға жалғас қазақ әдебиетінің ірі өкілдері Ш.Құдайбердиев, М.Дулатов т.б. реализм әдісін өркендетіп, дамытты. Ағартушылық реализм, сьшшыл реализм, социалистік реализм қазақ прозасьшың даму кезеңдерін айқындаған әдістер. Ұлттық әдебиетімізде ағартушылық реализмнің күшеюі дәстүрлі жанрлық канондардың өзгеріске ұшырауына, прозалық жанрлардың өркен жаюына мықты серпін берді. Ағартушылық реализмдегі дидактизм - публицизм – поэтизм бірлігі сақталды. Сыншыл реализм суреткерлері адам болмысын бейнелеуде оның тек сыртқы тұрпат-белгілері және әрекеттерімен шектеліп қалмай, тұлғаның ішкі дүние иірімдері мен әлеуметтік шарттылығына баса назар аударды. Ұлттық прозамызда соцреализмнің әдебиеттің халықтығы, партияльшығы, таптығы, тарихи оптимизм, социалистік гуманизм, интернационализм сияқты қағидалары жүзеге асқан әр түрлі деңгейдегі шығармалар дүниеге келді. Адамзат баласының көркемдік дамуындағы ең ірі белестері болған классицизм, ағартушылық, сентиментализм, романтизм, реализм, модернизм, постмодернизм сияқты бағыттар мен ағымдардың алмасулары – әдебиеттің сатылап дамуындағы ортақ заңдылықтар көрсеткіші. Әдебиет дамуының сатыларына сәйкес пайда болған бағыттар мен ағымдар көркем ойдың түрлі арнада дамуына, әдебиет функциясының күрделенуіне әкелді. Қазақ әдебиеті басқа елдердің мәдениетімен белсенді қарым-қатынасқа түсуі нәтижесінде жаңа стимулдар қалыптастырды. Ондай ықпалдастьщтар ұлтымыздың бай фольклоры жэне поэзиялық құндылықтарымен бірге өрілуінің нәтижесінде кәсіби ұлттық прозамыздың дүниеге келуін жылдамдатты. Ең бастысы, жаңа формамен бірге сыртқы елдердің әдебиетінде дамып үлгерген бағыттар мен ағымдардың эстетикасы мең түрлі көркемдік әдістердің бейнелеу элементтері келді. Әдеби байланыстардьщ күрделенуі ұлттық әдебиетімізді жедел даму кезеңіне шығарды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет