Түркі әлемінің исламға кіру жолдары мен формалары Шағатай мемлекетінің құрылуы



бет3/5
Дата16.03.2023
өлшемі22,22 Kb.
#172660
1   2   3   4   5
Байланысты:
Түркі әлемінің исламға кіру жолдары мен формалары-emirsaba.org

1333 жылы Шағатай ұлысының билеушісі Тармашырынның ордасында болған ибн Баттута Шағатай ұлысын әлемнің төрт ұлы мемлекетімен (Қытай, Үндістан, Иран және Өзбек хан билігіндегі Алтын Орда) тең дәрежеде қарым-қатынас орнатқан мемлекет деп көрсеткен. Шағатай ұлысында, жалпы түркі-моңғол ұлыстары көлемінде отырықшы мәдениетті жақтайтын және әскери-бюрократ. күштің қолдауымен көшпелі мемлекет құ-руды жақтайтын екі бағыт болды. Дува, Кебек, Тармашырын бастаған топ бірінші бағытты қолдады. Қала тұрғызды, әкімшілік және ақша реформасын жүргізді. Олардың бұл бағыты әрдайым көшпенділікті қолдайтын екінші бағыттағылардың қарсылығына ұшырап отырды


  • 1333 жылы Шағатай ұлысының билеушісі Тармашырынның ордасында болған ибн Баттута Шағатай ұлысын әлемнің төрт ұлы мемлекетімен (Қытай, Үндістан, Иран және Өзбек хан билігіндегі Алтын Орда) тең дәрежеде қарым-қатынас орнатқан мемлекет деп көрсеткен. Шағатай ұлысында, жалпы түркі-моңғол ұлыстары көлемінде отырықшы мәдениетті жақтайтын және әскери-бюрократ. күштің қолдауымен көшпелі мемлекет құ-руды жақтайтын екі бағыт болды. Дува, Кебек, Тармашырын бастаған топ бірінші бағытты қолдады. Қала тұрғызды, әкімшілік және ақша реформасын жүргізді. Олардың бұл бағыты әрдайым көшпенділікті қолдайтын екінші бағыттағылардың қарсылығына ұшырап отырды

Ирандағы Хулагу мемлекеті мен Алтын Ордада негізінен отырықшылық салты басым болса, Шағатай ұлысы екінші бағытты қатаң ұстады. Қаракүлік, Есенбұға, Хайду қатарлы тұлғалар көшпелілік бағытты қолдады. Бұл қайшылықтар ақыры Шағатай ұлысын 1346 жылы Шығыс және Батыс деп екіге бөлді. Олардың шекарасы Балқаш көлі арқылы өтті. Мауераннахрға сүйенген батыс бөлімі біраз уақыт Шағатай ұлысы атын сақтады. Әйгілі шағатай тілі осы өңірде дүниеге келді. Ал шығыс бөлімі бұрынғы моңғол атауын сақтап, “Моғолстан” атанды. Оның орталығы Жетісуда болды. Қазақ халқының, Қазақ мемлекетінің қалыптасуына Шағатай ұлысы, Моғолстанның қосқан үлесі зор.


  • Ирандағы Хулагу мемлекеті мен Алтын Ордада негізінен отырықшылық салты басым болса, Шағатай ұлысы екінші бағытты қатаң ұстады. Қаракүлік, Есенбұға, Хайду қатарлы тұлғалар көшпелілік бағытты қолдады. Бұл қайшылықтар ақыры Шағатай ұлысын 1346 жылы Шығыс және Батыс деп екіге бөлді. Олардың шекарасы Балқаш көлі арқылы өтті. Мауераннахрға сүйенген батыс бөлімі біраз уақыт Шағатай ұлысы атын сақтады. Әйгілі шағатай тілі осы өңірде дүниеге келді. Ал шығыс бөлімі бұрынғы моңғол атауын сақтап, “Моғолстан” атанды. Оның орталығы Жетісуда болды. Қазақ халқының, Қазақ мемлекетінің қалыптасуына Шағатай ұлысы, Моғолстанның қосқан үлесі зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет