XX ғасырдың бірінші жартысында түркі фольклортануында өткен ғасырда қалыптасқан ғылыми шарттар жүзеге асып жатты. Г.Н. Потаниннің ізденісі арқасында фольклордың құрамы әлемнің жаратылысы, рудың шығуы туралы және қиял-ғажайып, тұрмыссалт, мысқыл-сықақ ертегі, аңыздармен толықтырылды. Ш. Ыбыраев, С. Бахадырова және Б. Рахымовтың құрастыруымен шыққан «Түркі халықтарының фольклоры» (2009) еңбегінде тұңғыш рет отызға жуық туысқан халықтың ауызша сөз өнерінің үлгілері тұтастай жинақталып, ғылыми сипаттамасы берілген. Ертегілік емес прозаға қатысты деректер мол қамтылған. «Туысқан халықтардың фольклорына арналған еңбекті шығарудағы басты мақсат: тұтастай белгілі бір аймақта емес, бірі шалғай, енді бірі жақын жатқан түркі халықтарының тілімен қатар, олардың рухани қазыналарының ұқсас, сарындас келуінің сырын аңғарту болған»