Түркі фальклоры



бет7/9
Дата19.03.2022
өлшемі2,84 Mb.
#136090
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
арт аси (1)

Сонымен, түркі халықтарының аңыздық прозасын жинау, жариялау, зерттеу ісімен түрлі уақытта түрлі қызығушылықтағы адамдардың айналысқандығын көреміз. Алғашқы деректер көзінде келтірілген мысалдар барлық кезде фольклорлық мәтін талаптарына жауап бермейді. Олар көбінесе шығарманың өзі емес, оның мазмұндамасы түрінде берілді. Кейбір түркі фольклорының жазбалары әлі де түрлі мұрағаттарда сақтаулы. Олардың арасында ертегілік емес проза мәтіндері де баршылық. Бұл ретте фольклорлық материалдарды жинаудың бағдарламасын түзу – басты, әрі бастапқы жұмыстардың бірі болмақ. Сонымен қатар, жиналған, жазып алынған материалдарды жүйелеуде каталоганықтамалықтарды құру қажеттілігі үлкен. Қолға түскен деректердің нұсқа, версия бойынша тәртіптелген күйі фольклортанушы жұмысына қарқын беретіні анық. Жарияланған мәтіндер көп жағдайда жоспарлы сипаттан алшақ. Олар ізденуші маманның жеке ұстанымына тәуелді болып келеді, яғни, фольклорлық материалды жинаудың нақты жүйесі жоқ. Бұл жерде жинау жұмысына сұрыптау ісі қосылады. Ал бұл нәрсе зерттеудегі проблемалардың көбеюіне әкеледі. Бүгінде жекелеген жанрларды тыңғылықты сұрыптау арқылы ғылыми басылымға шығару ісінің маңызы зор. Өйткені бұл олардың ғылыми классификациясындағы түйінді мәселелерді шешуге ықпал етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет