Түркітілдес халықтардың өнерін, мәдениетін біртұтас кешенді түрде зерттеу-қазіргі жаһандану үрдісінде де маңызын жойған жоқ. Осы бір байырғы ортақ мәдениетті тану мен сақтап қалу түркі ұрпақтарының әлемдік өркениеттегі алар орны айқындауда ерекше маңызды. Халықтардың тарихи туыстастығы оның тарихи мен тілінде ғана емес музыкалық өнерінде де сақталады. Музыкадан ұлыстардың тарихи тамырын тануға себі тиетін көптеген фактілер табуға болады, сол фактілердің бірі туыстас музыкалық аспаптар. Сондықтан, ортақ музыкалық мұрамызды кешенді түрде, салыстыра зерттеу-түркология ғылымына да, түркі халықтарын жақындастыруда да берері мол игілі іс. Тәуелсіздіктің арқасында әлемдегі сандаған елдермен әртүрлі салада байланыс орнатып келеміз.Тілі мен діні,ұлттық мәдениеті ортақ түркі тілдес халықтардың қарым-қатынасының орнығуына ғылым мен өнердің ықпалы ерекше болары сөзсіз.