2.Жоғары жүйке әрекетінің типтері, олардың өзгермелігі. Жоғары жүйке іс-әрекеті және типтері туралы көптеген қағидалар мен болжамдар бар. Ежелгі грек дәрігері Гиппократ (ІV ғ. Біздің дәуірге дейін) адамдардың төрт типін ажыратты:
1. Сангвиник; 2. Флегматик; 3. Холерик; 4. Меланхолик. Ширақ тип – күшті, теңдесілген, жылжымалы. Ол - жігерлікпен, қажырлықпен, ұстамдылықпен, тез шешім қабылдаумен және т.б. сипатталады. Бұл тип Гиппократтың сангвиник типіне сәйкес.
Салмақты - күшті, теңдесілген, жылжымалығы баяу. Ол – қозу және тежелу процесстерінің жеткілікті күшімен, ұстамдылықпен, сабырлылықпен
сипатталады, бірақ күнделікті дағдылардың өзгерістеріне қиындау бейімделеді. Бұл тип Гиппократтың флегматик типіне сәйкес.
Ұстамсыз - күшті, теңдесілмеген, жылжымалығы жоғары. Қозу процессі тежелу процессінен басым. Ол – жоғары белсенділікпен, қайраттылықпен,
ұстамсыздылықпен сипатталады. Бұл тип Гиппократтың холерик типіне сәйкес.
Әлсіз – процесстері әлсіз, теңдесілмеген, жылжымалығы төмен. Тежелу процессі қозу процессінен басым. Ол – төменгі белсенділікпен және қиыншылықтар мен өзгерістерге қиын бейімделумен сипатталады.
Бұл тип Гиппократтың меланхолик типіне сәйкес.