Түркістан-2021ж Деңгейлік тапсырмалар: і-деңгей Бірінші және екінші түйсік жүйелері, олардың өзара байланысының жас ерекшеліктері


Балалардың жоғары жүйке әрекетінің типологиялық ерекшеліктері



бет5/5
Дата23.02.2022
өлшемі21,49 Kb.
#132950
1   2   3   4   5
Байланысты:
ОФД 3-апта Абдимажитова Шахниза лек

1.Балалардың жоғары жүйке әрекетінің типологиялық ерекшеліктері
Жаңа туған бала (туған сәттен бір-екі айға дейін). Бала көптеген жануарлардың төліне қарағанда дәрменсіз болып туылады. Оның шартсыз рефлекстік мінез-құлық формаларының қоры, сыртқы ортаға бейімделулері біршама шағын мөлшерде болады. Олар түрлі физиологиялық функциялардың өтуін реттеуші: сору рефлексі, қорғану және бағдарлау рефлекстері, сондай-ақ бірқатар арнайы қозғалыс рефлекстері, жармасу және сүйену рефлекстері, аттап басу рефлекстері және т. б. жатады. Олардың бәрі баланың сезім мүшелері сияқты туылатын сәтке қарай тиісті мөлшерде дамып жетілетін жүйке және ми қабығы асты нерв орталықтарымен реттеліп отырады. Сыртқы, әсерлердің көпшілігіне нәресте қолдары мен аяқтарының жалпы, жіктелмеген қимылдарымен жауап қайтарады. Үлкен ми сыңарларының қабығы әлі толық қалыптасып болмаған: нерв клеткаларының тармақтануы жок, дерлік, өткізгіш жолдар сақтағыш миелин қабықтарымен қапталмаған. Бұл қозудың кең жайылып кетуіне және шартты рефлекстердің пайда болуының қиындауына жеткізеді.
Жаңа туған баланың дамуының айрықша ерекшелігі сол, оның соматикалық (дене) кимылдарынан гөрі анализаторлар іс-әрекеттері тезірек қалыптасады, соның ішінде әсіресе көру, есту тәрізді жоғары анализаторлардың іс-әрекеттері қарқынды қалыптасады. Осының негізінде бағдарлау рефлексі дамиды және сан алуан шартты рефлекстік байланыстар жасала бастайды.

Пайдаланылған әдебиеттер:
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
https://ppt-online.org/521097
https://ppt-online.org/81626
https://baribar.kz/student/20890/balanynh-zhuyke-zhuyesininh-damu-erekshelikteri/

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет