Бірінші сигналдық жүйе - жануарларға да және адамға да тән қасиет. Оның орталығы ми кыртысында орналасады. Бірінші сигналдық жүйе аркылы ағза сырткы ортаның нақты тітіркендіргіштеріне қайтарады. Бүл кезде сыртқы ортада болатын заттар және құбылыстар шартты рефлекстің түзілуіне әсер етеді. Оған мысал ретінде, сәбидің тамаққа, ойыншыққа катысты рефлекстерін атауға болады
Екінші сигналдық жүйе — тек адамға ғана тән касиет. Бұл жүйедегі негізгі
шаррты тітіркендіргіш - сөз. Сөздің әсерінен пайда болған қозуды ми қыртысы қабылдап, талдап, жауап кайтарады. Сөз бірінші сигналдық жүйенің жұмысына түрткі болады. И. П. Павловтың пікірі бойынша, сөз «сигналдардың сигналы» болып есептелінеді.
1-ші сигнал жүйесі жаңа туған нәрестеде бірнеше күннен кейін қалыптасады. 7-10 күндері алғашқы шартты рефлекстері қалыптаса бастайды. Ал 2-ші сигнал жүйесінің даму белгілері 6 айдан пайда бола бастайды. Сөздің мағынасын нәресте ерте түсіне бастайды, сондықтан оны дамыту үшін нәрестемен сөйлесу қажет. Жаңа туған баланы емізгенде, киімін ауыстырғанда, қасына келгенде сүйіспеншілікті көрсетіп, алғашқы күндерінен бастап, сөйлесуге болады. Бұл 2-ші сигнал жүйесінің дамуына жақсы қозғаушы әсер.
2.Баланың дамуы барысында сөздің талдағышты және моторлық механизмінің тұрақтануы.
Бала моторикасының дамуы ұсақ моторикадан басталады. Ол қарапайым қимылдан, мысалы: ойыншықты ұстаудан , күрделі қимылға дейін, мысалы: жазу мен сурет салуға дейінгі баланың дамуын көрсетеді. Ұсақ моторика бала туғаннан бастап іске қосылады. Ұсақ моториканың ерекшелігі маңызды, ол баланың нерв жүйесі, есте сақтау, көру, назар аудару және қабылдау жүйесімен тікелей байланысты. Сонымен қатар ғалымдардың дәлелі бойынша ол сөйлеу қабілетімен де тығыз байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |