Жүктіліктің, босанудың немесе босанғаннан кейінгі кезеңнің акушерлік асқынулары нәтижелерінен, сондай-ақ босандыру және басқа да дұрыс жүргізілмеген медициналық әрекеттер нәтижесінен болған өлім жағдайында өлімнің себебі туралы мәліметтер 1-бөлімнің «а)», «б)», «в)» жолдарында көрсетіледі.
Жазбада жүктілікке, босануға, босанудан кейінгі кезеңге байланыстылығы анық көрсетілуі керек, өлім болған әрбір кезең үшін сипаттық патология көрініп тұруы тиіс.
Мысалы:
1) а) Қан кету
б) Афибриногенемия
в) Медициналық аборт
г)
2) 10 апталық жүктілік
Кодтау кезінде өлімнің негізгі себебі болып «Қан кеткен кездегі медициналық түсік» (О04.6) есептеледі.
* қайтыс болған 1 жастағы бала үшін анасының қатысуымен толтырылады ---------------------------Кесу сызығы------------------------------