«Алтын қазына» ойыны оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында сабақта оқушының өз еркі бойынша ойналады.Оқушы өзі шығарған өлең немесе көркем шығарма, ой толғау тағы басқа ізденістерін қазына қорына әкеп қосады. Әр тоқсан соңында кімнің алтын қазынаға қосқан үлесі мол болса жинақталып, баспаға беріліп марапаттау қағаздарына ие болады.
«Антонимдер» (5-сынып) жаңа тақырыпты пысықтауда мынандай ойындарды кіргізе өтырып, оқушылардың шығармашылық қабилетін дамытып қызығушылығын арттыруға болады.
Деңгейлік тапсырма беру бойынша: 1-деңгей: Кім тапқыр? Ойыны бойынша мақалдың жалғасын тауып тапқыр атанады. 2-деңгей: Сөз тізбек ойыны бойынша антонімдер тізбегін жасап шебер атанады. 3-деңгей: Суреттер сөйлейді ойыны бойынша мәтінге қарап сурет салып, шебер суретші атанады. 4-деңгей: Берілген тақырыпқа қарап, антонимдерді қатыстыра отырып шығарма жазып , шешен атанады.
Деңгейлеп оқыту бойынша бала қиялын ертегімен ұштастыра отырып, сабақтың барысын ертегі желісімен өз мәресіне желісімен өз мәресіне жеткізуде «Шыңға шық , туыңды тік!» ойыны.
Ойынның мақсаты: Ойынға қызықтыру арқылы оқушы білімін жоғары деңгейге көтеру.
1. Ат суреті тақтаға ілінеді.
Пырақ ат мына кедергілерден өтіп биік шыңға көтеріледі.
Алғаш жеткен оқушы шың басына Қазақстанның туын тігеді.
Кедергілер:
1. Жазық шөл даладан тоқтаусыз сұраққа жауап беріп өтуі керек.
2. Сөз жұмбақ немесе бейне жұмбақты дұрыс шешсе, көлден өту үшін алтын көпір беріледі.
3. Мәтінмен жұмыс жасауда жаттығу жұмыстары қатесіз орындалса қалын орманнан оту үшін семсер беріледі.
Шығарма немесе эссе сынақ түрлерінен (тест, диктант) сүрінбей өтсе , тауға ұшып шығу үшін атына қанат беріледі.
«Әлипби» ойыны оқушыларға төмендегі сыныптарға сергіту сәті ретінде өтіледі.
Мұғалім:
-Біз жақсы баламыз, қане «Р» әріпі боламыз!
-Балалар тіке тұрып, сол жақ қолдарын белдеріне қояды.
-Біз таза баламыз, су шашатын боламыз!
Балалар екі қолдарын белдеріне қойып «ф» әріпін жасайды.
-Біз тату баламыз, қол ұстасып бәріміз «м» әріпі боламыз!
Балалар өз көршілерімен қол ұстасып «м» әріпін жасайды.
Ойынды мұғалім шеберлігімен түрлендіре беруге болады.
Қазақ халқының салт – дәстүрлерін дәріптеуде ұлттық ойындарды сабақта ойын элементтері ретінде пайдаланудың тиімділігі өте мол.
«Айтыс» ойыны оқушылардың жеке шығармашылық қабілетін дамытуда үлкен қызмет атқарады. Бұл ойында «Бес жолдық өлең» стратегиясы бойынша жүзеге асыруға болады.
1. зат есім (бір сөз) Ана
2. сын есім (екі сөз) Асыл, дара
3. аралас (үш сөз) Мақтанышым сен ғана.
4. етістік (төрт сөз) Өстім-өндім, көктедім, жандана.
«Көкпар» ойыны әр сабақта әр қилы пайдалануға болады. Мысалы фонетика саласы бойынша оқушыларды екі топқа бөліп, бірінші топқа – біріңғай жуан дауыстардан, екінші топ – біріңғай жіңішке дауыстылардан, немесе біріңғай тұйық буыннан, біріңғай ашық буыннан жасалған т.б. сөздерді екі топ үздіксіз бір-біріне көкпарды асыру арқылы мәреге тез жетіп, қазандылыққа салу керек. Берілген уақыт ішінде қай топ қазандыққа көп көкпар (сөз) салса, сол топ жеңіскер. Ойынды лексикология саласы бойынша: синонимдерді, антоним, омонимдерді табу арқылы өткізуге болады.
«Тоғызқұмалақ» ойыны СТО технологиясы бойынша семантикалық картамен жұмыс жасау арқылы жүргізіледі немесе басқалай ұйымдастыруға болады. Тоғыз түбір сөзді өз қосымшаларына дұрыс жалғау арқылы жүргізіледі.
Тоғызқұмалақ-тоғызқұмалақты тоғыз ұяшыққа есептеп салып шығу арқылы ойналатын ұлттық ойын түрі.
«Ақ сүйек» ертеде ай жарығымен сүйек лақтыру арқылы байқампаздығын, шапшаңдығын арттыру мақсатында жүргізілген. Ал ол ойынды сабақ кезінде «ой талқы» ретінде сүйекке сұрақ орап лақтыру арқылы жүзеге асыруға болады. Қағып алған оқушы сүйектегі сұраққа жауп берсе ол ептілігімен шапшандығымен білімімен жеңіскер боп танылады. Сұрақтарды тақырыпқа сай түрлендіріп беріп отыра беруге болады.
«Қыз ұзату» тұрмыстық салт дәстүр бойынша ойналады. Ойынды сабақтың пысықтау немесе жаттығу жұмыстарын жүргізу кезеңдерінде топ арасында сайыс сабақтарында қолдануға болады. Ойын ережесі: екі топ қарсылас топтың бір-бір қызын таңдап сол қыздың есіміне «Сөз жұмбақ» немесе «Бейне жұмбақ», «Сан жұмбақ» құрау арқылы екінші топтың қызына құда түседі.
Мұндай кезде оқушылар әдетте үздік, белсенді оқушыны таңдауға тырысады. Сондықтан екінші топ өз қыздарының есіміне құрылған жұмбақтың түйінін шешсе өз қыздарын қорғап қалады, егер шешімін таба алмаса қарсылас топ таңдаған қыздарын ұзатып әкету арқылы өз тобына қосып алады. Әрине таңдалған есім топтың өз арасында құпия сақталады, шешімін тапқан кезде ғана жария болады. Бұл ойын қазақ салт дәстүрін сезінуімен қатар достастық, ынтымақтастық сезімдерін арттырып, білімдерін де шыңдай түседі.
«Хан алшы» ойыны «Кубизм» элементтерімен тікелей ұштастыруға болады. Бұл ойынды сабақтың «Мағынаны тану» кезеңінде деңгейлік тапсырма ретінде ұйымдастырған жөн. Асықты иіру арқылы жүргізіледі. Төрт жағының (алшы, тауқа, бүк, шік) қайсысы түссе соған орай сол деңгейдегі сұраққа жауап береді.
IV деңгей – алшы
III деңгей - тауқа
II деңгей - алшы
I деңгей – бүк
Бұл ойын оқушылардың ептілігі мен білім деңгейін байқауда ұтымды әдіс деп ойлаймыз.
«Сандар сөйлейді» ойыны әліпби ретімен қойылған әріп сандарын табу арқылы ойналады. Бұл ойын «Қызығушылықты ояту» кезеңінде ұйымдастырылғаны жөн. Сіз сабағыңыздың тақрыбын немесе басқа да тосын нәрселерді сандарды сөйлету арқылы таныстырсаңыз оқушы назарынан тыс қалмайсыз.
Сонымен іс – тәжірибемізді бірнеше ойын түрлерін қолдану арқылы іске асыру тиімді екенін көрсете алдық деп ойлаймыз.
ІІ. Кәсіби бағдарлы білім беруде ұлттық мәдени компаненттердің тәжірибелік жағынанда жіті көңіл аудару қажет. Өз елінің нағыз шынайы патриоты ғана тіліне тарихына мәдениеті мен әдебиетіне дәстүріне құрметпен қарауы тиіс. Туған жер атамекен туралы айтылған мақал-мәтелдер, шешендік сөздер ұлттық тәрбиенің басты құралдарының бірі. Оқыту процесінің құрамдас бөлігінің бірі ретінде тарихи аңыздар дерегі бойынша Қазақстан картасымен жұмыс істеу, пікір таластар жүргізу тиімді тәсіл. Қызықты тапсырмлар беру арқылы тіл үйренушілердің ынтасын қызығушылығын арттыруға болады. Оқыту процесінде ұлттық мәдени компаненттерді тиімді пайдалана білу тіл үйренушілерге өз нәтижесін береді. Олардың тілге, елге мәдениет пен әдебиетке деген сүйіспеншілігін құрметін арттырады.
Мұғалім ең алдымен қоғамның әлеуметтік тапсырымын өзі өмір сүріп отырған ортаның негізгі мақсаттарын жұзеге асыру айналасында жұмыс істеуі керек.
Мысалы: бүгінгі таңда мәдени мұраны танытып, көркем сөз қадірін арттыруда, ұлттық келбетімізді ұлықтайтын Абай, Шәкәрім, Махамбет, Мұқағали, т.б. ұлы ақындардың өлеңдерін жатқа оқуда дәстүрлі түрде іс – шаралар өткізілуде. Осы тұрғыда сайысқа дайындау, сонымен қатар көркем сөзге деген қызығушылығын, патриоттық сезімін арттыру, ақындық, әншілік пен әртістік қабілетін ашу мақсатында қосымша шығармашылық жұмыстар жүргізіледі.
Осы тұрғыда «Әдеби мұра – мәдени мұра» айдарымен қосымша шығармашылық тапсырмалар беру арқылы шешендік пен көркем сөз өнеріне, салт-дәстүрдін сырын ұғына білуге, туған жері мен елін қастерлей білуге тәрбиелеу мақсатында жұмыс жүргізу кестемді ұсынып отырмын.
Достарыңызбен бөлісу: |