Түркістан қалалық білім бөлімі А. Югнаки атындағы жалпы орта мектебі



бет2/4
Дата17.02.2017
өлшемі0,8 Mb.
#9547
1   2   3   4

Ұлттық құндылық

Ұлттық құндылықты ұлықтап, әдеби - мәдени мұраны бала бойына сіңіруде қазақ тілімен әдебиеті пәнінің алатын орны ерекше. Әрбір тілдегі сөздік қордың байлығы тікелей сол халықтың мәдени, тарихи және әдеби қазынасына байланысты. Тілдік элементерді игеру жолында оқытушы сол ұлттық мәдени компоненттердің түрлі жолдарын ұсынып, оқу процесінде лексикалық талаптармен ұштастыра білуі тиіс. Сонымен қатар мемлекеттік тіл бойынша басқа салалық мамандар жүйесімен ұштастыра отырып қазақ тілін кәсіби қызметте жан – жақты игеруде ақпараттық талдау материалдарымен жұмыс жүргізуге тілдік қызметтің барлық түрін айтылым, оқылым жазылым, тыңдалым, бір тілден екінші тілге аудару меңгеруге үйрету болып табылады.

Ұлтымыздың болашағы, еліміздің ертеңі, бүгінгі жас ұрпаққа тиянақты терең білім беріп, ой өрісін кеңейтуде, жеке адамды қалыптастырып дамытуда соңғы жылдары көптеген оқыту технологиялары ұсынылуда.

Бірақ сол технологияларды өз бетінше, өз тәжірибесімен ұштастыра отырып қолдану мұғалім шеберлігіне байланысты. Мен өз тәжірибем бойынша оқушыға терең білім берумен қатар Қазақстандық патриотизмді бала бойында сіңіре білуде екі бағыт бойынша жұмыс жүргіземін.

«Әдеби мұра – мәдени мұра» бағыты бойынша ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің үлгілерін меңгерте отырып өр рухты Қазақстандық патриотизмдік сезімі жоғары тұлға тәрбиелеу.

Бірнеше оқыту технологиясы элементтерін ұлттық ойын элементтерімен ұштастыра отырып, ұлттық салт-сананы бала бойына сіңіру.

Оқушыға жалпы бірдей қалыптасқан дәстүрлі әдістермен әлемдік деңгейдегі озық технологияларды салыстыра, байланыстыра, өмір тәжірибесімен ұштастыра отырып білім беру білімге дұрыс бағыттай білуге үйрету әрбір оқытушының міндеті.

Жаңа әдістерді пайдалануда өзіміз қолданып жүрген әдістерді жаңа жағдайға бейімдей пайдалануымыз керек.

Өзіміз қолданып жүрген «Сын тұрғысынан ойлауды дамыта оқыту». «Деңгейлеп оқыту», «Модулдік жүйе бойынша оқыту», «Сатылай комплексті талдау», «Ақпараттандыру» технологиялары әр қилы болғанымен бір бағытқа яғни сапалы білім бере отырып, жеке тұлғаның білімділік дағдысын патриоттық рухын қалыптастырып, шығармашылық қабілетін дамыту.

Ал енді осы тұрғыда өз тәжрибем бойынша екі бағытта жұмыс жасау үстіндемін

І. Бірнеше оқыту элементтерін ойын элементтерімен ұштастыра отырып, жеке тұлғаның қызығушылық қабілетін дамыту.

ІІ. «Мәдени мұра - әдеби мұра» айдарымен қосымша шығармашылық тапсырмалар беру арқылы шешендік пен көркем сөз өнеріне, салт-дәстүрдің сырын ұғына білуге, туған жері мен елін қастерлей біліуге тәрбиелеу.

Оқыту технологиясы элементтерін ойын элементтерімен ұштастыра, жандандыра отырып, жұмыс жүргізу, бәсекелестікке қабілетті шығармашыл тұлға қалыптастырудың ең тиімді жолы болмақ. Өйткені ойын – оқытудың маңызды байыпты түрі. Оқушылардың білім – біліктілік, танымдық, коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыруда ойын элементтерін қолданудың маңызы зор.

Оқытушы ойынның жүру барысында оқушылардың түгел қатысуын қадағалаумен қатар, оларды ойын үстінде дұрыс шешім қабылдай білуге жетелеуі маңызды болып табылады. Жеке тұлғаны қалыптастыру үстінде оқушы қабілетін зерттеудің тиімділігін де пайдаланған абзал. Нысаналы мақсатымыз – ақыл-ойын, сезімін, білімін, құзіреттілігін еркін үйлесілімділікте ұстай білетін, өнегелі мінез қалыптастырып, адамгершілік қағидаларды менгерген тұлға тәрбиелеу. Бұл ретте білім мен тәрбиені ұштастыра отырып оқушылардың бойында өзіне сын тұрғысында қарау түсінігін қалыптастыруға күш салуымыз қажет. Ол үшін әңгіме, пікірталас және басқа да әдіс-тәсілдерді, сондай-ақ рөлдік, іскерлік ойындарды енгізіп отырған жөн.

Осы тұрғыда қазақ тілі сабақтарына қолдануға тиімді болып табылады деген ойын элементтеріне тоқтала кетейік.

«Даналық ағашы» ойынын өткезудегі мақсат - оқушылардың қазақ халқының ұлы адамдарының ғұламаларының, данышпандарының нақыл сөздерін оқып-үйреніп мазмұны мен мағына бірлігін таныта білу, даналық сөздерден дән іздете білу. Сөз қадірін, тіл құдіретін ұғындыру. Ойынның шарты бойынша оқушылар «Даналық ағашы» деп аталатын бәйтеректің бұтақтарына жапсырылған конверттегі жазылған нақыл сөздердің авторларының кімдер екенін тауып, бәйтеректің бұтағын жаю.



Мысалы: «Тәрбие басы – тіл» (М. Қашқари), «Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды» (Абай), «Тіл - өнердің тілмашы» (С. Дөнентаев), «Ол өнердің ұшер биігі де, Қонар жайсаңы да – біздің қазіргі өміріміз» (М. Балақаев), «Абайдың сөздері – қазақтың бойтұмары» (Н. Назарбаев)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет