Әдеби мұра – мәдени мұра
Осы бірнеше жұмыстың ішінде бір-екеуінің жұмыс жасалу мақсатына және берер енәтижесіне мысал келтіре кетейік.
«Өлең сөздің патшасы» бөлімі бойынша әр оқушы өзі қалаған ақынын таңдап алып, сол тақырып бойынша үнемі жұмыс жүргізеді. Мысалы, мына кестенің үлгісі бойынша оқушы өзін-өзі бағалайды.
Оқушының аты жөні:__________________________________
Тақырыбы: М. Мақатаев - ақиық ақын
|
Күні
|
Өлеңнің аты.
|
Мәнерлеп жатқа оқу шеберлігі
|
Өлеңнің тәрбиелік мәнін ұғынуы
|
Әнімен айтуы
|
Өлеңнің көркемдік құрылымы
|
Қазақ тілі теориясы бойынша талдау
|
04.09.2012.
|
«Үш бақытым»
|
5
|
5
|
-
|
4
|
5
|
11.09.2012.
|
«Сарыжайлау»
|
4
|
5
|
4
|
5
|
4
|
Нәтижесінде:
1. Жадында сақтау қабілетімен мәнерлеп оқу шеберлігі артуы;
2. Өр рухты сөз қадірін ұғынар ұрпақ болуы;
3. Қазақ тілі бойынша теориялық білімінің нығаюы;
4. Сайысқа үміткердің дайын болуы.
2) Қосымша рубрика: «Жаңалықтар» айдарымен ақпараттандыру технологиясы бойынша жүргізіледі. Оқушылар телеарналардан немесе күнделікті тұрмыста қоғамда мектепте естіген, көрген жаңалықтарымен бөліседі, талдау жасайды.
Мысалы:
1. Әлем жаңалықтары;
2. Ел жаңалықтары;
3. Ауыл жаңалықтары;
4. Мектеп жаңалықтары.
Өз қалаулары бойынша әр кезде, әр қалай жаңалықтар дайындап келеді.
Нәтижесінде:
1. Отанға, елге деген патриоттық сезімі артады.
2. Көзі ашық, жан - жақты хабардар тұлғаға айналады.
3. Ұлы тұлғалар мен жетістіктерге жетіп, биіктен көрініп жатқан жастарға қарап бой түзейді.
4. Ұлтаралық достастыққа , мейрімділік пен қамқорлыққа тартылады.
Білім қоғамды тұрақтандыратын рухани мұраны сақтайтын ұрпақты ұрпаққа сабақтастыратын құрал. Барлық мүмкіндіктерді пайдаланып оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану, жаңа технологияны қазіргі заманға бейімдеу, оқыту жетілдіре түсу, жастарға білім берумен қатар олады халықтың дәстүр үрдісінің адамгершілікке баулу, әр оқушының біздің ертеңіміз, болашағымыз екенін терең ескере отырып жеке тұлға ретінде қалыптастыру, оларды білім деңгейінің мемлекеттік және халықаралық стандартқа жетулеріне күш салу – біздің, яғни мұғалімдердің басты міндеті.
Достарыңызбен бөлісу: |