Арыс қаласы Арыс ұғымы мен атауының ерте замандардан бері қарай ру мен жер-су атауларын құрап келгенін аңғартады. Біздің эрамыздағы І-VІІІ ғасырларда жергілікті жерлерде қалалар мен қалышықтар салынған. 1900-1906 жылдары Арыста әкімшілік-қоғамдық орталық құрылды. 1904 жылы Арыс стансасы салынды. 1956 жылдың 31 шілдесінде Арыс облыстық бағыныштағы қала статусына ие болды.
Кентау қаласыАщысай қорғасын-мырыш кен орнын игеру мақсатында; Хантағы мен Мырғалымсай жұмысшылар поселкілері негізінде құрылған. 1955 жылы 1 тамызда Мырғалымсай ауылын Кентау деп өзгерту туралы жарлық шықты. 1971 жылы қаланың бас даму жоспары бекітіліп, оған сәйкес Кентауда 4-5 қабатты үйлер тұрғызылды. Кентау деген кенді тау деген мағынаны білдіреді.