Қаратау жотасыТянь-Шань тау жүйесінің солтүстік-батысында орналасқан тау жотасы. Қаратау негізінен, Жамбыл облысының аумағында орналасқан, Ең биік жері Бессаз тауы (2175 м) Қаратау жотасының геологиялық зерттеу тарихы шамамен ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталады. Осы кезеңге дейін Қаратау туралы мәліметтер тосаттан, жекеленген мәліметтер көпестер (саудагерлер), елшілер т.с.с. адамдар жинаған. Қаратаудың геологиясы туралы мәліметтер жоғарыда көрсетілген авторлардың еңбектерінде кездеседі, Семен Ремезовтың (1697), П. Бурнашев және М. Поспелов (1800), Н.И. Потанин (1831), А. Левшин (1832) т.б. авторлар.