«Аралдар» тәсілі. «Оқушы дәптеріндегі» С.2 тапсырманы орындайық.
Сабақтың соңында мына аралдардың қайсысында демалып жатқаныңды сезінесің?
Мұғалім: – Сабағымыз аяқталуға жақын. Мен сендердің белсенділіктеріңе және өзара түсіністік танытқандарыңа алғысымды айтамын. Бүгін алған білімдерің сендерге
көмектесері сөзсіз және міндетті түрде біздің еліміз бойынша саяхаттағыларың келеді деп үміттенемін.
2.3.1.2. Түрлі дереккөздерді зерделеу арқылы көне қалалар мен ескерткіштерді сипаттау
Сабақтың мақсаты
Оқушылардың барлығы:оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың көбісі: топтық жұмысты бірлесе орындайды. Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.
Оқушылардың кейбіреуі:оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.
Бүгін біз ежелгі қала Отырарға экскурсияға аттанамыз. Ұзақ жылдар бойы қала бұзылуға ұшырап, қирандылары құм мен шаңның астына көмілді. Бұл көне қалаға археологтер келіп, қазба жұмыстарын жүргізді.
Қазба жұмыстарын жүргізу барысында археологтер көзеші, ұста және зергерлер жасаған ғажайып жәдігерлерді тапты. Бұл
заттар көне қаладағы өмір туралы көп сырларды ашты. Сөз қорларына көңіл бөлейік. «Көзеші», «ұста», «зергер» сөздері
саған сырын ашты ма?
Оқушылар мұғаліммен сәлемдесіп қарсы алады.
Оқушылар «көзеші», «ұста»,
«зергер» сөздерін қайталайды.
Сөздікпен жұмыс жасайды.
Смайлик
Мұғалімге:компьютер, электронды қосымша, кестелер, тақырыптық суреттер.
Оқушыға:оқулық, оқушы дәптері, суреттер.
Ортасы 15 мин
15 мин
– Сонымен, біз ежелгі қалада экскурсиядамыз. Оқулықты ашайық. Оқулықтың мәтінін оқып, тапсырмаларды орындайық. («Тоқтап оқу» тәсілі.)
Қыш пешінің құрылысын қарастырыңдар, ол қалай жасалған екен, сипаттап көріңдер.
1-ші тоқтау (тежеу). «Жұмыс үстіндегі ұста» суретін
сипаттаңдар. Ұста қандай жұмысты орындауда? Оған кім көмектесуде? Қандай дайын өнімдерді көріп тұрсыңдар? 2-ші тоқтау. Қалай ойлайсыңдар, «Күміс қойма» жәдігері қандай сырды жасыруда?
Оқушы дәптеріндегі А тапсырманы орындау.
Мұғалім: – Отырарда керемет шеберлер – көзеші, зергер, ұсталардың өмір сүргендеріне көздерің жетті ме? Олар
қолдарымен біздің таңданысымызды тудыратын бұйымдарды жасады. Топ ішінде жұмысты орындай отырып, шеберлердің бұйымдарына жарнама жасаңдар. Ватманға қандай да бір бұйымды салып, оны сатып алушының сатып алуға ықыласы туатындай етіп мақтауларың қажет. Бұйымның сыртқы түріне және қолданысына мән беріңдер: адамның қандай қажеттілігін қанағаттандырады.