Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


Бұл Құнанбай аруағын көтеріп тұр



бет126/271
Дата22.12.2021
өлшемі10,61 Mb.
#440
түріБағдарламасы
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   271
Бұл Құнанбай аруағын көтеріп тұр.

Бұл жөніндегі екі ұсынысым бар:

1) Әкелік-балалық жөнімен әкесінің аттануына кірбіңсіз араласып жүрсе де, Абайда ішкі бір наразылықтың, күле қараудың салқыны да болса деймін. Құнанбайдың қажыға аттануын Абай үлкен жанның өзін-өзі тоқтатуы деп сыйламай – заманы өткендіктен құлауы, тұғырдан түсуі деп күле қарағандай. Сонымен бірге жаңа заманның жаңа тілегі барлығын, оған орай өз міндетін де аша отырса деймін. Ең болмағанда автордың өз аузынан Құнанбайды қыжырата отыратын кезі жеткен сияқты. ... Ұлжан, Мәкіштер оқушының құрметтей, күтіп отыратын күәнәсіз жандар ғой. Солар арқылы Құнанбайға бүйрек бұрғызбау керек.

2.Құнанбай аттанарда ту бар қалың топ қошаметші болса, оған орай қалың бұқарадан әртүрлі сын-сықақ ете сұраулар болып, шырықты бұзу керек. (Мысалы, Дәркембай, Көгедай, Қияспай бастаған тобырдың Құнанбайда кеткен есесі көп, соны араға әкеп бір салса артық болмас еді).

Әйтпесе, Құнанбай істеген қылықтың қайсысына болса да жұрт қошамет жасай беретін, мүлгіп, мойын ұсынатын, түгел қостайтындай көрінеді. Құнанбай өзіне де ендігі әрі жанға тисетін сөз бермеу керек (5-22-160 б.б.).

3.Құнанбайды өз аузыңнан суреттегенде де енді сараңдық көрсететін, міней сөйлейтін шақ дер едім. Сондықтан Құнанбай қатысатын жерлерді түгел бір сүзіп өткенің жөн дер едім. Мұның керектігін айтып жатудың керегі жоқ.

ІІ. «Әнде» бөлімінен бір ыңғайсыз қорытынды шыққалы тұр ма деп қалдым. Ол: Біржанның бар әні екі ай бойы қасында жүргендердің бәріне бір-ақ сілтеу берген: қызға-жігітке ұмтыл, жігітке – қызға ұмтыл деген. Балбаланы құшақтап – Базарәлі, Керімбаланы құшақтап – Оралбай, Үмітейді құшақтап – Әмір кетеді. Қолына қыз түспеген Әкімқожа да бір қызды іздеп шауып кетеді. Сонымен Біржан әнінің осы бір нәтижесін мақұл көрмедім.

Екінші Біржан әндеріне өзің де тек қана лирикалық жақтан баға беріп, оқушыны осыған ұйытады екенсің. Бұл Біржанды да, Абайды да кішкене бір саладан шығармай тастайды ғой деймін. Әр түрлі асыл сөзбен бағаланғанда да, қорытынды жалғыз осыған соға беріп тұрған сияқты.

ІІІ. Үмітей мен Әмірдің арасындағы романға мен ұнатпай қараумен қалдым. Бұл «Қаракөз» бен «Хан Кене» де бірінде басым, бірінде жұқалау келетін бір жай ғой. Аға мен қарындас арасының ғашықтығы ақынның құлай жақтайтын, дастан ететін жайы емес қой деймін. Бұл күйінде мен Құнанбай жағындамын... Не бұлардың арасы ашыла түссін де, не алып тастау керек. Әсіресе «Қаракөздегі» желімен келетіндігі көп әңгімеге мұрындық болады. Алып тастау керек дегенге дейін баруым, оның алдында осыған ұқсас өрістейтін Керімбала мен Оралбай оқиғасы бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   271




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет