Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


Ол-ол ма, қазақ әдебиетінің тарихын зерттеудің проблемаларын бастан аяқ тегіс суреттеп келіп, профессор М. Әуезов былай дейді



бет134/271
Дата22.12.2021
өлшемі10,61 Mb.
#440
түріБағдарламасы
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   271
Ол-ол ма, қазақ әдебиетінің тарихын зерттеудің проблемаларын бастан аяқ тегіс суреттеп келіп, профессор М. Әуезов былай дейді:

«Біз, совет әдебиетшілері, Маркс-Энгелс-Ленин-Сталин ғылымының ең дұрыс, нағыз ғылыми методологиясымен қаруланған адамдармыз. Біз қазақ әдебиетінің тарихын осы әдіспен нағыз ғылми түрде зерттеуіміз керек, тарихи-әдеби процесті бұрмалауға, бұруға жол бермеуіміз керек».

Дау жоқ, ешбір қауіпсіз айтылған. Бірақ Әуезов жолдас сөз жүзінде осылай десе де, іс жүзінде мұны қолданбай келеді.

Сөз жоқ, профессор М.Әуезов жолдастың мұндай ірі қателері қазақ әдебиетінің тарихын жасау ісіне, қазақ совет әдебиетінің күрделі мәселелерін шешу ісіне, еңбекшілер жұртшылығына, әсіресе, жастарға коммунистік тәрбие беру ісіне теріс жағынан әсерін тигізді. М.Әуезов жолдастың бұл қателері, ең алдымен қазақ халқының басынан кешкен бұрыңғы дәуірлерді, феодалдық ру дәуірін дәріптеуге, сыпыра мақтауға әкеліп соқты. М.Әуезов жолдастың ғылыми еңбектерінде де, әдеби шығармаларында да өткен заманның үстемдік еткен таптарының адамдары мен ісі, салты мен мінез-құлқы баяндалады, сөйтіп нағыз тарих жасаған адамдардың, еңбекшілердің өкілдері мен ісі мүлдем ауызға алынбайды, не күңгірт қалады. Міне, осының салдарынан «тарихи» зерттеудің, тарихи фактылардың нәтижесі дегендерді бүркеніп, біздің адамдарымызға, совет адамдарына, қайдағы бір керітартпа адамдарды, халыққа жат нәрселерді әкеліп тыққыштайды.

М.Әуезов жолдастың бұл қателері қазақ совет әдебиетінің нағыз керек, ең қажетті тақырыптарынан, заманымыздың, совет халқының дәл қазіргі қойып отырған мәселелерінен қашықтауға әкеліп соқты. Соңғы он бес жылдың ішінде жазғандарының бәрі – «Айман – Шолпан», «Хан Кене» пьесаларынан бастап, ең соңғы жазып жүргені «Абай» романына дейін – ескі тақырыпқа арналған. Бұл жылдардың ішінде жаңа тақырыпқа арнап жазған пьесаларының бір де біреуінің сәті түспеді. Өйткені совет өмірінің шындығын, оның бұрынғы болған қоғамдық-экономикалық құрылыстың барлығынан артық екенін шын сөзбен, жүрекке қонатын, ақылға сиятын сөзбен нанымды етіп көрсете алмады. Совет адамдарының бейнесін, ісі мен күресін көркем шығармада айқын ашып бере алмады, яғни, бұл іспен, жаңа тақырыппен шұғылданбады, барлық күшімен талабын салмады. Міне, сондықтан да М.Әуезов жолдастың жаңа тақырыптан, совет тақырыбынан бұрынғы кезде, бұдан он бес – жиырма жыл бұрынғы қашықтауымен қазіргі кезде қашықтауының арасында қандай айырма бар деген мәселе өзінен өзі туады.

М.Әуезов жолдастың бұл ірі қателері әдебиет пен ғылымда идеясыздық пен партиясыздықтың болуына, біздің идеологиямызға жат мұндай әрекетке қарсы күрестен М.Әуезов жолдастың сырт қалуына әкеліп соқты. М. Әуезов жолдас республикамызда шығатын бірнеше әлеуметтік-саяси, көркем әдебиет журналдардың алқа мүшесі. Мұның өзі біздің жұртшылығымыздың М.Әуезов жолдасқа көрсеткен көп сенімдерінің бірі. Бірақ не пайда, осы журналдардың беттерінде соңғы екі-үш жылдың жүзінде идея жағынан ұстамсыз, көркемдік жағынан құнсыз бір сыпыра материалдар басылды, кейде тіпті адам баласына пайдасы жоқ, біздің халқымызды тәрбиелеу ісіне зияннан басқа пайда бермейтін шығармасымақтар басылып жүрді. Ал, М.Әуезов жолдас осы сияқты кемшіліктердің барлығына төзіп, ешбір қынжылмастан отыра берді. Мұның барлығы М.Әуезов жолдастың біздің советтік идеологиямыздың таза болуы үшін жаны онша ашымайтынын, әдебиет пен ғылымдағы байқалып жүрген өрескел қателерге қарсы шындап, білек сыбанып күрескісі келмейтінін ғана көрсетеді.

М.Әуезов жолдастың бұл ірі қателері біздің қазақ әдебиеті мен қазақ тілінің теориялық және тарихи мәселелерін шешуде елеулі нұқсан келтіріп отыр. Қазақ халқының совет өкіметінің большевиктер партиясының М.Әуезов жолдасқа өлшеусіз зор, үлкен сенім көрсеткені, мұның арқасында М.Әуезов жолдастың шарықтап ғылым шыңына қарай өрлегені, үлкен абырой, зор атаққа ие болғаны жұрттың бәріне мәлім. Сондықтан да біздің жұртшылығымыз ғылым мен әдебиетке өзінің адал өмірін, барлық еңбегі мен ісін жұмсағалы отырған жас совет ғылымдары қазақ әдебиетінің теориялық және тарихи мәселелері жөнінде кейде, М.Әуезов жолдас сияқты, білгені мен көргені көп адамдардың ақылын сұрайды. Сол сияқты қазақ әдебиетінің тарихымен енді-енді ғана танысып, зерттегелі жүрген басқа ұлттардың оқымыстылары да кеңес, қажетті жәрдем сұрайды. Ашығын айту керек, бұл жөнінде М.Әуезов жолдас өз дәрежесінде, қазақ әдебиетінің тарихын зерттеуде марксизм-ленинизм ғылымының тұрғысынан ақыл айтатын, кеңес беретін дәрежеде бола алмады. Сондықтан да қазақ әдебиеті мен қазақ тілінің кейбір теориялық және тарихи мәселелері соңғы кезде әбден шатасып болған деуге болады. Қазіргі кезде ауызша да, әдебиет жүзінде де не тарихи факторларға да, не теорияға да сүйенбестен қазақ жазба әдебиеті мен әдеби, ғылыми, мемлекеттік тілі бұдан бір-екі ғасыр бұрын жасалды десіп жүр. Ал кейбір тарихшылар мен әдебиет сыншылары қазақ жазба әдебиеті мен әдебиет тілі бұдан сексен жыл, елу жыл бұрын жасалды десіп жүр. Енді біреулері біздің қазақ әдебиеті мен қазақ тілін шын мәнінде жасаған, кемеліне келтірілген тек бір ғана Абай десіп жүр.

Ал, егер тарихқа да, теорияға да қиянат жасаудан аулақ болып, ақылға салып ой жіберсек, қазақ әдебиеті мен қазақ тілінің шығуы жөніндегі таралып жүрген осы жоғарыда айтылған пікірлер де қандай дерек, қандай негіз бар? Біздің байқауымызша, бұл мәселелерде үлкен шалалық, ғылымдық дерегі жоқ, аса үстірт айтылып жүрген, әншейін намыс қорғаудың: аты осылай еді ғой – деп, алыпқашты әңгімеге салынушылық бар. Әрине, мұндай арзан әңгіменің, құнсыз теорияның не тарихқа, не біздің қазіргі ісімізге ешбір пайдасы жоқ екені өзінен өзі айқын.

Қазақ халқы тұтас бір ұлт болып тек ғана Октябрь социалистік революциясынан кейін совет өкіметі туы астында бірікті. Оған дейін қазақ халқында тіл тұтастығы, жер тұтастығы, экономикалық тұрмыс тұтастығы болған емес. Демек, қазақ халқы Октябрь революциясына дейін тұтас бір ұлт болып бірігуге үлгіре алмады. Олай болса, қазақ жазба әдебиеті мен әдеби тілі бұдан ғасырлар бойы, сексен жыл, елу жыл бұрын, Абай заманында болды деп кім кесіп айта алады? Бұдан, әрине, қазақ әдебиеті мен қазақ тілінің Октябрь революциясынан бұрын тарихы жоқ, оны зерттеудің керегі жоқ, бұлардың дамуына Абайдың рөлі жоқ деген ешбір мағына тумайды.

Осындай алып қашты, дерексіз әңгімелердің қайдан шығып жүргенін зерттеп қарасақ, бұлардың төркіні М.Әуезов жолдастың бұрынғы ұлтшылдық қателерімен ұштасып жатыр. Бұл қате пікірлерді бұрын М.Әуезов жолдас ашықтан ашық айтып та, жазып та жүрген болса, енді бұл қате, тіпті зиянды пікірлерді М.Әуезов жолдастан қорек алып, соның төңірегінде жүрген кейбір саяз ғалымдар мен әдебиетшілер тоғыз саққа жүгіртіп, таратып жүр.

Қазақ әдебиетінің тарихын зерттеу мен жазуда, қазақ әдебиетінің тарихынан сабақ беруде негізге алынып, қолданылып жүрген профессор М.Әуезов жолдастың методологиясының мән-жайы, міне, осындай. М.Әуезов жолдастың мұндай методологиясын бірден бір ғылыми маркстік-лениндік методологиядан қашық жатқандығы, біздің идеология жұмысымызға зиян келтіргені айтпаса да түсінікті.

М.Әуезов жолдасқа өз өмірінде болып кеткен қателерінің барлық мәнін сөз жүзінде емес, іс жүзінде түсінетін уақыт енді әбден жеткен сияқты. Сонымен қатар, ҚК(б)П Орталық комитетінің соңғы тарихи қаулысының барлық мәнін түсінетін де уақыт жетті. Әңгіме кездейсоқ бола қалған жеке қателер туралы емес, жеке бір әдебиетшілердің тұтас бір теріс жолдары туралы болып отыр.

Сөз жоқ, профессор М.Әуезов жолдас бұрынғы ұлтшылдық қателерінің аяғына тұсау болып жүрген қалдықтарынан неғұрлым тез құтылса, солғұрлым оның өзіне де, жалпы істің мүддесі үшін де өте пайдалы болмақ».

Қазақстандағы ғылым саласындағы басты бақылаушы, қоғамдық ғылымның бас иедологінің бұл мақаласы тек оның өзінің ғана емес, кеңестік жазалау аппаратының үкімі де болатын. Араға төрт жыл салып барып осында айтылған әр ескертпе саяси, идеологиялық, ұлтшыл, буржауазиялық өрескел қателіктер мен бұрмалаушылықтар ретінде айыптау қорытындысына айналып, әр абзацтағы пікір жеке мәселе ретінде талқыға салынды. Сондықтан да саясаттың аспанда үйірілген бұлтын алыстан танитын М.Әуезовтің жанұшыра жанталасуы заңды да еді.



Ал бұл әңгіртаяқтан құтқаратын адам біреу-ақ, ол «халықтардың көсемі» Сталиннің өзі, тек соның қолынан ғана келетінін түсінді. Түсінді де «Қазақстан кеңес Жазушылар Одағының мүшесі және Қазақ Ғылым Академиясының толық мүшесі Мұхтар Әуезов « БК(б)П Орталық комитетіне, Сталинге» жанайқайын жеткізуге ұмтылды. Ол «жазушылар мен ғалымдардың әкесіне» (М.Әуезов):

«Осы жылдың 14-наурыз күні қазақ тілінде шығатын республикалық «Социалистік Қазақстан» газетінің бетінде жарияланған С.Бәйішевтің маған аса ауыр айып таққан мақаласы – менің 30 жылдық жазушылық, ғылыми-зерттеу жұмысымды және Қазақстанның жоғары оқу орындарындағы 15 жылдық педагогикалық қызметімді кеңес өкіметіне қарсы жүйелі және табанды түрде жүргізілген әрекет ретінде қаралап шықты. Бұл мақаланың өзегі – обьективті, қатал талап қоя білетін, большевиктік әділ сынға емес, керісінше, республикадағы беделді басылымның жарияланымының, адал кеңес жазушысы, мәдениет майданының қайраткері, отанына берілген кеңес азаматы менің барлық әдеби-ғылыми, қоғамдық қызметіме дөрекі айып тағу арқылы менің барлық еңбегімді еш кетіруге бағытталуы – аталған мақаланың тапсырысты мақсат көздеп, табалау (глубоко оскорбительный) тұрғысында жазылғандығын айқындап береді. Менің қызметім мен жеке басыма қатысты мұндай әпербақан және қатыгез талқыға (расправой) бойсынғым келмесе де, оған қандай да бір ресми жолмен жауап берудің мүмкіндігі болмағандықтан да, дәл осындай шектен шыққан жанкешуді басынан өткізген партия мүшелерімен, мен сияқты партияда жоқ қызметкерлердің сізге жүгінетіні сияқты, мен де тек Сіздің жеке өзіңізге жүгініп отырмын.

Мен Сізге, ең әділ және ең жоғарғы сот, кеңес жазушыларының, кеңес ғалымдарының әкесі ретінде жүгіне отырып, менің еңбегімнің бағасын және мәдениет майданының қарапайым қызметкері деген атымды қалпына келтіруге, сөйтіп, өзімнің кеңестік отанымның мүддесі үшін қалыпты жұмыс істеуге көмектесуіңізді өтінемін.

Менің еңбектерімнің нәтижесін бағалай отырып, үкімет мені – 1945 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен марапаттады, ал 1946 жылы Қазақ Ғылым академиясы құрылған кезде мені Академияның толық мүшесі және Президиум мүшесі етіп сайлады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   271




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет