Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


VІ. Бұқара тобының жай-күйіне Абайдың бел шеше кірісетіні тереңдеп, ұлғая бастаған. Бірақ бір-екі нәрсе түзетуді керек ететін сияқты



бет127/271
Дата22.12.2021
өлшемі10,61 Mb.
#440
түріБағдарламасы
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   271
VІ. Бұқара тобының жай-күйіне Абайдың бел шеше кірісетіні тереңдеп, ұлғая бастаған. Бірақ бір-екі нәрсе түзетуді керек ететін сияқты.

1) «Тентек ояз» келгенде Абайға еріп баратын бір топ тобырдың қимылы билердің дүре жегенінен басталмай, өз тілектерінен тұрғаны дұрыс. Мүмкін Абайдың өз күткенінен әрірек шығып, Абайды да таңдандырар, ой салар. Бұл күйінде билердің тасы мен тентек ояздың тентек мінезіне орай ғана бір қимыл болып қалып тұр.

Екінші, Абай дүрені дәл сәтінде пайдалансада, ішкі көздегені ол емес болу керек. Абақтыда жатқандар бұқараның жанашырлары болса, дүре жеп жатқан би емес, Базарәлі болғаны дұрыс дер едім. Абайдың жаны ышқынатын себебі де сондықтан болса.

2) Базарәлі, Балағазы тобы бұқара тілегінің жоқшысы болатын тілегі бар еді. Қазір ол жағын жауып қойыпсың. Базарәлі баяғы былығымен жүреді, босқа айдалып кетеді. Оралбай ұры, жолбасар болып кетеді. Дәркембай өсе алмайды. Сонда Абай маңына жиналып, қоғамдық күреске қатынасар бұқара жағы тіпті жалаңашталып қалған. Мен тым болмаса Базарәлінің басын арашалап, айдауға кеткенде бұқара тілегімен кеткенін дұрыс дер едім.

V.Абайдың болыс сайлауына, ел дауларына қатынаса беруі әр кезде алға сүйрер бір тілек көзімен екендігі айқындала түспесе, бұл күйінде кейбіреуі орынсыз сияқты. Мысалы, Салиқаның дауында төбе би болуы, қалың малды бес есе етіп қайтартып бергізуі, Абай бойын өсіретін елеулі іс емес қой. Абай әйелдің мал орнына сатылатынына қынжылса, Салиқаға төніп келе жатқан зорлыққа қарсы болса, ол түснікті. Бірақ таза би болып шығуы орынсыз. Оны Асылбекке-ақ беріп, қыз басына бостандық әперіп, мал дауына құлақ салмай-ақ кете берсін дер едім.

VІ.Көп қыздың әңгімесі қоса өрілгендіктен роман еріксіз бір сұрауды тағы туғызады.

1.Салтанаттың бостандығына Абай түк айтпайды. Ең болмаса қынжылмайды да. Ер қыздың тағдыры Абайды ойландырған да жоқ. Жәрдемсіз қала берді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   271




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет