Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


«Хаттама маған оқылып берілді – Әуезов. Жауап алған – Попов



бет12/271
Дата22.12.2021
өлшемі10,61 Mb.
#440
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   271
«Хаттама маған оқылып берілді – Әуезов. Жауап алған – Попов»,– деп екі жақ та растап қол қойған.

Тергеудің бұл хаттамасы машинкаға басылған. Бұл өте сирек кездесетін жай.

Талант пен төзiмдi таразылайтын тез – түрме емес. Ол жүйкесi темiрдей қатты, ерiк-күшi мықты, парасат пайымы терең деген талай-талай тұлғалардың рухын диiрменге үгiткен қиыршықтай етiп уатып жiбергенiн бiлемiз. Осыдан кейін, арада бір апта өткен соң, 1931 жылы 28-қыркүйек күні хатталған төмендегі жауап Мұхтар Әуезовтiң өз қолымен қағазға түсiрiлмеген. Оны тергеушiлердiң бiрi жазған. Тергеу iсi аяқталып келе жатқанда және М.Әуезовтің соңғы жауабы болғандықтан да ресмилiктi сақтауды қажет деп таппаған сияқты. Жалпы осы тергеу барысында Смағұл Сәдуақасовты, Сұлтанбек Қожановты, Тұрар Рысқұловты қалайда қылмысты етiп шығаруға тырысқан есекдәмелi пиғыл аңғарылады. Әсiресе, 1921 1922 жылдағы осы үшеуiнiң әрбiр әрекетiн тәптiштеп сұрап отырған.

Мұндай сұрақ 28-қыркүйек күні Ә.Байділдиннің төмендегі көрсетіндісінің негізінде Мұхтарға арнайы қойылды.

Ә.Байділдин (жалғасы): «Сол кезде Мәскеуден Ташкентке поезбен кетiп бара жатқан Рысқұлов жолдас Орынборға аялдады. Ол белсендiлердiң мәжiлiсiнде ұлт мәселесi жөнiнде баяндама жасады. Адамдар өте көп жиналды. Мәжiлiс обкомының үйiнде өттi. Бұған қазақ белсендiлерiнен басқа орыс қызметкерлерi де қатысты. Баяндамашы өзiнiң сол кездегi аян көзқарасын баян еттi. Ол: партияның ұлт мәселесi туралы бағдарламасының маңызын, мәнін айтып, содан кейiн мұны өзiнше дамытып, түсiндiрдi. Соның iшiнде Шығыс елдерiнiң компаниясын құру туралы пiкiр қозғады. Баяндамадан соң жарыссөз басталды. Рысқұлов жолдасты мақұлдап Әуезов, Нақыпжан, т.б. сөйледі, ал, Әйтиев, Саматов және бiр еуропалық жолдастар қарсы шықты. Мен бұл жиналыста сөйлегемін жоқ».

Оған Мұхтар:



«...Партияның Шығыс бөлiмшесiн құруды көздеген мәселеден хабарсызбын, Орынбор қаласындағы Өлкелiк комитеттiң кеңейтiлген мәжiлiсiнде Рысқұловтың сөйлегенiн бiлемiн, бiрақ партияның шығыстық комитетiн құру туралы мәселе көтерiлген жоқ. Жеке басыма келсем, Рысқұловтың нұсқауы бойынша сөйлеген емеспiн. Қалғандарын өзiмнiң жауабымда айтқанмын. Қазақ ұлтшылдарының ұйымына ешқашанда кiрген емеспiн»,– деп жауап берді.

Зады бұл екi жылға созылған тергеудiң соңғы сұрақ-жауабы болса керек. Өйткенi әлгi жазудың астына:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   271




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет