Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


«Қаныш аға! Сақ жүрмейсіз бе.Тым сенгішсіз. Әр кімге сыр ақтара бересіз»,–



бет200/271
Дата22.12.2021
өлшемі10,61 Mb.
#440
түріБағдарламасы
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   271
«Қаныш аға! Сақ жүрмейсіз бе.Тым сенгішсіз. Әр кімге сыр ақтара бересіз»,– деген екен.

Сонда Қаныш ғұлама:

«Әй, Ілияс-ай! Табиғатта керексіз зат жоқ қой. Құзғынды да құдай жаратқан. Бәрі қыран боп кетсе, қарғалар қайтып күн көреді. Оларға да жұмыс керек қой»,– депті (Қ.Сәтбаевтің жиені Н.Жармағамбетовтің мәліметі).

Соның нәтижесінде ол 1951 жылы 23-қарашада осы орыннан дәмегөй, аса қуатты қолдау мен күшке ие, геология, тау-кен саласындағы орыс және өзге ұлттардың өкілдерінің (М.Сәрсекеевтің «Қаныш Сәтбаев», «Нартұлға» атты кітаптарын қараңыз) қасақана арандатуымен, С.Бәйішев пен Н.Сауранбаевтың саяси жетекшілігімен, С.Нұрышев пен Ә.Тәкежановтың сумаңдығымен Қ.Сәтбаев: Ғылым академиясында кадрларды іріктеу мен қаржы-қаражат пайдалану саласында өзімшілдікке жол берді, Академияның партия ұйымын менсінбеді, жершілдік пен рушылдыққа жол берді – деген желеумен қызметінен босатылды. Академиктер М.П.Русаков пен А.Жұбанов ғылыми атақтарынан айырылды. Бұған Құдайберген Жұбановтың кенже ұлы Асқар Құдайбергенұлы Жұбановтың қолындағы құпия мекемеге арнап жазылған хаттың көшірмесі дәлел.

1951 жылы 11-желтоқсан күні Қайым Мұхамедханов «әшкереленген халық жауы» ретінде жазушылар одағынан шығарылды. Демек, бұл кезде абайшыл, әуезовшіл ғалым түрменің ыстық, суық камерасына кезек қамалып, «сыннан» өтіп жатыр деген сөз. Сонымен Қайым жиырма бес жылға кесіліп, маршал Жуковтың штабындағы генералдармен бірге “сыбаға бөлісіп” шыға келді. Тергеушілердің Қ.Мұхамедхановтан табандап сұрағаны: “Маған бұл тақырыпты Әуезов зорлап зерттетті”– деген жалғыз-ақ сөз. Соны жазып берсе бостандықта жүрмек, ғылыми атағын да сақтап қалмақ екен. Түрмедегі ыстық, суық камераны, әртүрлі қорлаулар, қоқан-лоққыларды, алдау-арбауды басынан кешірсе де Қ.Мұхамедханов М.Әуезовті ұстап бермеді.

Сөйтіп, Мұхтар Әуезов те өзінің сенімді достары мен шәкірттерінің көмегінен қол үзіп қалды. Егер Қ.Сәтбаев Президент болып тұрса, онда М.Әуезовтің «қолды болуы» да екіталай екенін партиялық жазалаушы жауынгерлер білді. Біз осында аты аталған, Қ.Сәтбаев менсінбеген «бастауыш партия ұйымының мүшесі» Ә.Тәкежановпен бір неше ай сұхбаттас болғанымызда байқағанымыз, осынау тік мінезді, тау ішіндегі саяжайында қалған өмірін жалғыздықпен өткізген тапшыл тарихшы сол науқан қайтып келсе, тағы да «атойға шыға келуге» дайын сияқты көрінетін. Өкінішке орай С.Нұрышевпен әңгімелесудің еш орайы келмей-ақ қойды. Оған өкінген де жоқпыз.

3.

«Әшкерелеу науқанына» қарбалас кіріскен жалғыз қазақ жұртшылығы ғана емес еді. Буржуазияшыл, ұлтшыл, реакционер, монархияшыл, феодалшыл, байшыл, манапшыл, алашордашыл, махношыл, муссауитшіл, дашнякшыл, кньязшіл, құрбашылар мен түркімен башылар, ұлы орыс ұлтының проерессивті отарлауы мен жазалау саясатына қарсы күрескен панисламистер, пантүркистер, жойытшылдар, идеясыздар, сана ағымының сары уайымшылдары, жалған ғалымдар мен жалған ғылымның емшегін сорушылар және олардың идеясын жасырын өткізушілер мен насихаттаушылар барлық республикаларда кеңестік идеологияның саяси жазалау үрдісіне сай асқан бір «бауырмалшылдық-интернационалистік» өрлеумен, қарышты қарқынмен, екпіндете құйындатып әшкереленіп жатты. Бірі ауыр, бірі жеңіл, біреудің күні туып, біреудің мысы басылып, бірі жер аударылып, бірі түрмеге қамалып, аласапыран болды да кетті.



Өзінің жұртындағы дау мен дамай, айып пен жала, сатқындық пен табалау, басыну аздай, Мұхтар Әуезовке осы 1951-1953 жылдардың аралығында қырғыз ағайынның «алақандай намысын алып беруге» («Манастағы» Ер Ағыштың сөзі) атсалысуына тура келді. «Атаң көрі, қоқи» деп бір кіріссе, оңайшылықпен екпінін баспайтын шағын елдің талқысы да оңайшылықпен өткен жоқ. М.Әуезовтің шәкірті ретінде әшкереленген Жамғырчинов жер аударылып тынған. Алайда олардың ең ұлы ұлттық мұрасы, ұлттық ұйытқысы, қырғыз ұлтының екінші мағынасы «Манас» эпосының тағдыры тәлкекке ұшырап, содан айырылып қалу қаупі туды. Неге екені түсініксіз, осы эпостың дауы ХХ ғасырдың тоқсаныншы жылдарына дейін созылды. Кейде, өз тағдырын өзі өртке салуды әдетке айналдырған осындай қозғалыс біздің халықтарға ғана тән бе деген күбірткі күдік те қылт ете қалады.

Қырғыздар үшін сондай бір талмауытты тұста СССР Ғылым Академиясының ұсынуымен «Манас» эпосының тарихилығы мен халықтығы қақындағы Бүкілодақтық көлемдегі талқы Фрунзеде өтуге тиісті болды. Эпос пен фольклор туралы қорытынды тұжырым жасауға тиісті бұл жиналысқа ең таңдаулы шығыстанушылар мен түркологтар, фольклоршылар, әдебиеттанушылар, тарихшылар, жазушылар қатысу жоспарланды. Егерде осы жолы «Манастың» беті теріс қайырылып кетсе, қырғыз халқы ғана емес, әлем жұртшылығы өзінің ұлы эпостық мұрасын зерттеуге, оны басып шығаруға кемінде елу жыл кенжелік танытар еді. Қазақ эпостары мен фольклоры да соның кебін құшар еді.

Мұны Мұхтар Әуезов те, өзгелер де түсінді, әсіресе, қырғыздардың жанына қатты батты. Өйткені, «Манас» эпосының қырғыздың рухани өмірінен алатын шешуші, тағдырлы, рухани орынына ұлттық құрмет ретінде 1945 жылы Қырғызстан К(б)П Орталық комитеті мен Қырғыз ССР Үкіметі «Манас» жырының 1000 жылдық мерекесін өткізуге қаулы қабылдаған болатын. Алайда «Едіге» жырының феодалдық-монархиялық, реакциялық, орысқа қарсы эпос екендігі туралы БК(б)П-ның қаулысы оны екінші қатарға ысырып жіберді. Соған қарамастан 1947 жылы «Қырғыз халқының батырлық эпосы «Манастың» мерейтойын өткізудің жоспары жасалып, Мұхтар Әуезов комиссияның басты жауапты тұлғасы ретінде аталды. Мұндай ұлы шараны негіздеуге М.Әуезов те пікір қосқандықтан да, тұжырымдамадан қысқаша ғана мағлұмат бере кетуді жөн санадық.

«Манас» эпосының бір бөлімінің көлемінің өзі 400.000 жол, ол «Шаһнамадан» 5 есе, «Илиада» мен «Гомерден» 40 есе көп. Ал «Манастың» 11 нұсқасының көлемі 1 миллион 200 000 жол. Ең ұлы қасиеті – бұл халық ішінде әлі де орындалатын тірі эпостың қатарына жатады. Манастың тарихи негізі мен прототипі ретінде Бартольдтің, Әуезовтің, Бернштамның зерттеулерінде мөлшерлеген 840 жылғы қырғыздардың Яғлақар ханының екінші біріккен түрік қағанатын құлатқан оқиғасы алынды. «Манастың» 4 томдық толық басылымын қырғыз тілінде (алқа мүшелері М.Әуезов, С.Е.Малов, В.М.Жирмунский, А.Н.Бернштам, К.Юдахин), 1-3 томдығын орыс тілінде шығару (аудармашылары С.Липкин мен Л.Пеньковский, көркемдеуші В.А.Фаворский), СССР Ғылым Академиясының деңгейінде ғылыми конференция өткізу белгіленді. Ақыры той түгілі «Манас» жырын тарихтан ысырып тастау науқанына ұласты. Бұл – қырғыздың қолқасын суырып алумен бірдей еді.

Сондай қарбаласты күндерде қырғыздың Тіл және әдебиет институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, Б.Жамгерчинов 1951 жылы 12 мамырда:

«Мұхтар Омарханұлы! ... Қырғыздың тіл, әдебиет және тарих институты қыркүйектің аяғында «Манасқа» байланысты Фрунзе қаласында ғылыми сессиясын өткізбек. Сессияның жұмысы туралы жобаны ұсына отырып, Сізден белгіленген баяндаманы қарап шығуға келісіміңізді беруді, әрі сессияны шақырудың уақыты мен күн тәртібі жөніндегі пікіріңізді ұсынуыңызды өтінемін»,– деп жеделхат жолдаған еді.

Сессияда М.Әуезов «Манас» эпосының негізгі нұсқасы» туралы баяндама жасауға келісімін берді. Алайда Қазақстандағы «қара құйынның» ұшығы қырғыздарды да ширықтырса керек, сессия бір жыл кейінге қалдырылды, мұның соңы Бүкілодақтық пікір таласына ұласып кетті. Ағалық пікір айтуға тиісті Климович, Богданова сияқты игі тілекті ғалымдардың өзі «Манастың» тамырын қопсытып тастады. Ал Боровков пен Балтин, Нұров сияқтылар «Манастың» түбірін қопсытып әуреге түспей-ақ, бірден тамырына балта шапты.

Ұйымдастырушылар осындай қауіпті беталысты байқап, олардың бетін қайыру үшін Мұхтар Әуезовті сессия мәжілісінің ең ширыққан қорытынды тұсындағы кезекке қойды. Өз кезегінде М.Әуезов сөзді: қырғыз халқына «Манас» керек пе, жоқ па? – деген көкейкесті сұрақтың жауабынан бастады. Әуезовтің шешендігі аңызға айналған шындықтың бірі, алайда біз пайдаланған жүзге тарта сөздің ішіндегі қисыны мен қиыстыруы жағынан, сөз бен ойдың қабысуы мен қарпыса қабаттасуы тұрғысынан, ең бастысы жанға тиерлік ішкі емеуірінді мысы мен тыңдаушысымен терең байланыс орнатқан сырлы әсері және ширақтығы орайынан алғанда «Манас» туралы сөзі оның ең озық шешендік толғауының бірі болып табылады. Мұнда шешендік өнердің барлық шарттары мен заңдылықтары ғажайып үндестік тапқан.

Өз елінде басы бәйгеге тігіліп жүргеніне қарамастан Мұхтар Әуезов 1952 9-11 маусым аралығында Фрунзе (Бішкек) қаласында өткен «Манасты» зерттеу мәселелері» жөніндегі ғылыми сессияға қатысты. Сол сессиядағы тағдырлы талқы иелері А.Тоқымбаевпен, Т.Сыдықбековпен, Ш.Айтматовпен әңгімелескенімізде:



«Манастың» бар тағдырын Әуезовке тапсырдық. Үміт тек сол кісіде ғана болатын. Бүкіл қырғыз елі ауыл-ауылдан атпен келіп, сессия өткен театрдың ғимаратын қоршап тұрды. Сыртқа лаба қойдырып, содан Әуезов мінбеге көтерілгенде Манас пен «Шоң қазақтың» тілеуін тілеп айғайлап тұрды»,– деген сөзді бір ауыздан мақұлдады.

Өйткені ол кезде одақ көлеміндегі ғалымдардың Орта Азия аумағында санасатын жалғыз адамы – Мұхтар Әуезов қана екен. Сондықтан да қолындағы қамшысын, тақымындағы ертоқымын қысып, ширығып тұрған халық Мұхтар Әуезов өзінің созылыңқы дауысымен:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   271




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет