«Жолдас Абдолла Байтасов 1923 жылы: «2 қыркүйектен бастап ана тілі пәнінінің оқытушысы ретінде бекітілген».
Бұл – сол жылы оқытушылықтан босаған, Мәскеуге оқуға кеткен жерлес ақыны Мағжанның орыны еді. Өзінің кететінін ескертіп, орынына Абдолланы шақырған болуы әбден мүмкін. Жүсіпбек Аймауытовтың емеуірініне қарағанда сондай ыңғай байқалады. Ал өзінің толтырған қызмет анкетасында:
«Оқытушылыққа 1923 жылдың 1 қазанынан кірістім»,– деп көрсетілген.
Абдолла Байтасовтың бар айыбы – Даниял Ысқақовпен бірігіп «Көркем әдебиет туралы» мақала жазып, оны «Еңбекші қазақ» газетінде жариялаған. Онда:
әдебиет – адам тағдырын бейнелейтін көркем өнер. Ол адамның психологиясы ұлттан тыс қалыптаспайды. Өйткені ол ұлт ішінде тәрбиеленіп өседі. Сондықтан да әдебиет – ұлттық өнер және ол таптық тартыстан, партиялық принциптен тыс болуы тиіс,– деген ыңғайда пікір білдіреді.
Ол туралы Ж.Аймауытов тергеушіге:
«Екеу» деген бүркеншiк атпен жазылған көркем әдебиет туралы мақаланы оқыдым. Оның иелерi – Байтасов Абдолла мен Ысқақов. Соңғы адам үйiрменiң бағдары талқыланған мәжiлiске қатысты ма, анық айта алмаймын, қатысқан болуы да мүмкiн. Мақаланы мен қолжазба түрiнде оқыдым, оны маған Ташкенттегi жоғары оқу орындарының не рабфактың бiрiнде оқып жүрген шымкенттiк студенттердiң бiреуi әкеп бердi. Оған дейiн мен Ташкентке барғанмын, сонда А.Байтасовпен де, Ысқақовпен де кезiктiм, олар маған: «Еңбекшi қазақ» газетiнде көркем әдебиет туралы мақалалардың жариялануына байланысты бiз де мақала жазуды ойластырып жүрмiз,– дедi. «Қашан дайын болған кезде оны маған көрсетiңдер, мүмкiн мен кей жерiн түзетiп берермiн», - дедiм. Сол уағадаластықтың желеуiмен ол мақаланы әлгi студенттер арқылы Шымкентке берiп жiберiптi. Бұл – 1927 жылдың алғашқы жартысындағы қыс айларының бiрi болатын. Мақалаға аздаған өзгерiс енгiзiп, мұны баспа бетiнде жариялауға болады деген тiлекпен өздерiне қайыра жолдадым. Мақала газетке жарияланған соң ондағы пiкiрлердi толық қостайтынын бiлдiрген Әуезовтiң пiкiрiн өз құлағыммен естiдiм. Мақаланы мен өңдеп бергеннен кейiн оны өзге қазақ жазушылары, мысалы, Дулатов қарап шықты ма жоқ па, ол жағын бiлмеймiн. Ол мақаланы «Алқаның» бағдарын толықтай қостаған дүние деп мен есептемеймiн. Аймауытов (қолы қойылған)»,– деп жауап бердi
Осы арада екi нәрсенi назарға iлiктiре кеткендi лайық санадық. Бiрiншi, Мағжанның ақындығын талқылаған Мәскеудегi жиналыста оны қорғап сөйлеген, кейiннен «Алқа» үйiрмесiн ұйымдастыруға белсене қатысқан Сәрсенбиннiң кейiнгi тағдыры көмескiлеу болып қалғандығы. Оның өмiрi мен шығармашылығы туралы нақты зерттелген еңбек жоқ. Әдеби естелiктерде де аты аталмайды. Сондықтанда осынау азамат қақында белгiлi бiр дәрежеде дерек пен мiнездеме бере алмағанымызға өкiнемiз. Екiншiден, осы уақытқа дейiн «Екеу» деген бүркеншiк атпен жазылған әдеби мақалалардың барлығын Ж.Аймауытов пен М.Әуезовке телiп келдi. Ал мына жауапта Абдолла Байтасов пен Даниал Ысқақов та сондай бүркеншiк атты пайдаланғаны дәлелдi түрде көрсетiлген. Беделдi ғалымдарымыз да дәл осы екi азаматтың жазған мақаласын Аймауытов пен Әуезовтiң «еншiсiне» бердi. Бұл – қиянат. Көрсетінді де М.Әуезовтің бұл мақаланы оқып, ол туралы пікірді Ж.Аймауытовқа айтқаны да анық көрсетілген. Ендеше ақиқатты ескерiп, әркiмнiң сыбағасын өзiне берген лазым.
Сол үшін де отызға енді толған есіл ер қалған өмірін айдауда өткізіп, ақыры ату жазасына кесілді.
Әрине «мәдениет майданындағы» мұндай «дұшпандық пікірлер» жазасыз қалмайды. Алайда А.Байтасовты «ұлтшыл-контрреволюционерлер» мен «басмашылардың» қатарына қосқан өзінің қызылжарлық жерлесі Есім Байғасқинның мына көрсетіндісі:
Достарыңызбен бөлісу: |