Тұрсын ЖҰртбай „Ұраным алаш!


Бiрақ, Еуропа отаршылдығының «бiр қасиетi»



бет196/242
Дата22.12.2021
өлшемі8,42 Mb.
#494
түріБағдарламасы
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   242
Бiрақ, Еуропа отаршылдығының «бiр қасиетi» «құлды қуып батыр қылды». Өлiмге бұйырылумен өмiрдi сүйгiздi, езiлген елдiң ұлттық сезiмiн оятты. Осы заң бойынша, 1905 жылғы төңкерiстен соң соққы жеп, сiресiп жатқан қазақ елi есiн жия бастады. Жаралы жанның есiн жия бастағандығы үнi – ыңырсу, күрсiну, күңiрену болмақ. 1905 жылдан соңғы әдебиетiмiз «Оян, қазақ», «Қырық мысал» сықылды «елiм-жұртым» деген әдебиет. Сол күңiренген жаралы жанның көзiне әлгiндей қылышынан қан тамып, майданда жүргенi елестеген.

Ояна бастаған ер – кешегi ел болған күнiн есiне түсiрдi. Әдебиетiмiз мынау «Оян!» деген зармен бiрге елдiң өткен күнiн есiне сала бастап едi. Өткен(дегі) тағы болып жүрген дәуiрдi қайта орнату үшiн емес, жасынан елдiң жанына үмiт салу үшiн өткендi жырлай бастап едi. Жырлап үлгерген жоқ едi, жырлай бастап едi. Әдебиет осы күйде тұрғанда бiз үстiмiздегi зор төңкерiске келiп кiрдiк».

Жүсiпбек Аймауытов (жалғасы): «Менiң тағы бiр қосылмайтын жерiм бар, мысалы: «Ақын таптың ғана ақыны болады. Бiрақ кейде тұрмыс жағдайымен, таптан мойыны асқан, тап шарасынан жоғары, өзге таптың да сойылын соғатын бұқарашыл, ұлт санасын меңгерген ақын да болады»,– деп Плеханов айтады. Оны Ғаббас жазып отыр. Олай болса, қазақ ақындары тапқа неге қамалып қалады? Неге байшыл, неге дiншiл болуға мiндеттi? Отаршылдық зардапты бай, кедей ұлт болып тартқан жоқ па едi? Жерiнен бай да, кедей де қуылған жоқ па едi? Малы жоғалса хохолдан бай да, кедей де таяқ жеп өлген жоқ па едi. Ұлт мұңы бұрын бiр емес пе едi? Бiр болғандықтан да Асан қайғысы, Бұқар жырауы, Шортанбайы, Абайы, Ахметі, Мiржақыбы, Мағжаны, тағы басқалары отаршылдыққа, орысқа, патша өкiметiне қарсы болып келген жоқ па едi? Осы өткен ақындардың бәрiн түгелiмен байшыл, кедейшiл қылып алып, одан кейiн Мағжанға, тағы тағыларға келсе, сонда жүлгелi (последовательный) болып сынаған болмай ма, әйтпесе, Мағжан – байшыл, Міржақып (?) байшыл, Бейiмбет – кедейшiл деген сөз бола ма? Төңкерiстен бұрын қара кедей Сәбит Дөнентайұлы да, Бейiмбет те, бәрi де ұлтшыл болып жазып жүрсе, ендi кедейдi бетке ұстады деп, олар тап ақыны бола қалмақ па? Бояма ақын бола ма? Әдебиеттiң сұйылуы боялудан шығады деп бiлемiн. Шындап ақын жаза алмаса, ақын емес етiкшi».

Мұхтар Әуезов: «Менiң өткендегi жазушылық қызметiмнiң айқын белгiлерi – «Еңлiк Кебек», «Қаракөз» сияқтылары едi. Бұлар бүгiнгi төңкерiс дәуiрiнен алыстағы қазақ салтын көрсетумен қатар, өздерiнiң екшелiп алынған тақырыптары бойынша төңкерiс тематикасынан әдейi аулаққа жайылып кеткендiгi және ұлтшыл жазушылардың тобын бiлдiретiн нәрселер. Мен сол жазушылардың қатарына кiрiп, 1920 жыл мен 1928 жыл, аздап 1929 жылдың аяғында Қазақстандағы және Ташкенттегi баспасөзге әсер етiп, баурап алмақ боп әрекет еттiм. Сол жылда оқушы тобына тар ұлтшылдық бағытында әсер етiп, әдеби шығармалар, сындар, айтыстар арқылы ұйымда қандай iс жүргiзсек, жастар арасына (сондай – Т.Ж.) ұлтшылдық күйiн тараттық. Бұл әрекеттiң ортақшыл партиясы мен кеңес үкiметiнiң сол жастарды интернациональдық рухында баулимын деген мiндет бағытына негiзсiз қарсы жүрiп отыр. Мен қазiр де жаңағы сияқты шығармаларымның бүгiнгi күннен аулақ кетiп, бiр беткей тақырыптарды ғана екшеп алғандығын айып деп, кiнә деп қоймаймын. Сол тақырыптарды суреттеген, таратқан әдiсiн санашылдық-суреттеулiк ретiндегi қалыптасуын да терiс деп бiлемiн».

Үшеуiнiң мұндағы шүйiлiп отырған басты мәселесi – әдебиеттiң ұлттық сыпаты. Ұлттық сыпаттан айырылған көркем өнерде не қасиет қалады. Бұл – ұлттың тарихын, танымын, сенiмiн, салт-дәстүрiн, тiлiн, өзiндiк ерекшелiк сыпаттарын жоюмен пара-пар қылмыс. Ұлттың мұңы – оның ұлының да мұңы. Ал кеңестiк кесiр идеологиялық саясат ұлттық сананы өшірiп, оның орынына тексiз таптық, массондық будан ұрықты сепкiсi келдi. Мағжан да, Жүсiпбек те, Мұхтар да елдiң өткендегi тарихы мен тағдыр тәлкегiн суреттей отырып, ұлттық сананы оятпақ болды. Сол үшiн де олар «Батыр Баянды», «Қорқытты», «Қартқожаны», «Қилы заманды», «Хан Кененi» жазды. Ал кеңес бұларға мүлдем жат бағытты ұсынды. Бiрақ та көркемдiк ойлау жүйесi мен қалам қуаты әбден қалыптасқан үш арыс оған көндiге қоймады. Мойынсынбады. Олар тарихи шындықты, кеңес өкiметiнiң билiгiн жоққа шығарған жоқ. Алайда оның кесiрлi саясатына ерiп те кетпедi. Бәрiн де суық ақылмен қабылдап, өздерiнше қортынды жасады.

Мағжан Жұмабаев: «Үстiмiздегi зор төңкерiс – бiздiң өз тарихымыз тудырған, өз тарихымыздың қатынасы болған таныс төңкерiс емес, Еуропа тарихы тудырған жат төңкерiс едi. Осы себептен, бiздiң әдебиетiмiз бастапқы жылдарда төңкерiс туралы ешнәрсе жаза алған жоқ... Бiр жағынан, орыс отаршылығының зардабынан елге кiрген бүлiншiлiктi, бұзықты суреттеп, екiншi жақтан, елдiгiн ұмытып, жасып қалған елдiң өткенде өзiнше ел болғанын есiне салып, табиғи жолмен келе жатты... Осы жолда жаңа әдебиетiмiз бiрталай iлгерi аттап та қалды. Қияға қарғып шығамын деп мертiгiп қалмай, тұрмыстық тарихтың заңы бойынша табиғи жолмен жүрiп, күн санап өсiп келе жатқан кешегi, бүгiнгi әдебиетiмiздi қарғауға емес, алқауға мiндеттiмiз. Төңкерiс туралы тез үндей қоймады деп томпиып өкпелеуге емес, не себептi үндемегенiн ұғынуға мiндеттiмiз. Әдебиетiмiзге төңкерiстiң мәтiбiнiң түспеуiнiң, бiрен-саран түсiрем деген топас тәжiрбиелер де терiс жағынан түсушiлiктiң бiр себебiн (аңғартады). Төңкерiстiң өзiнiң қазақ даласына күнгей бетiнен емес, терiскей бетiнен, оңынан емес, солынан кiруi алақандағы нәрсе ғой. Оны бүркеп қоюға болмас... Зор төңкерiске пролетариат зеңбірек, пулемет, машинамен кiрсе, қазақ қамшы, сойыл, балпаң етiп малма тұмағымен жолдан қосылып отыр... Осы төңкерiстiң екпiнiнен қазақ сықылды құр қалған елдер өмiр үмiтi кiргенiн жырлай бiлсе, төңкерiсшiл әдебиет болғаны. Марксшыл зор ғалым белгiлi ақын Луначарский жазады: «Жаңа ұлт, жаңа тап бұрынғының бiтiрген жерiнен бастап кетпейдi... Жаңа тап, яки жаңа халық, бұрын өздерiн билегендерге қас болып, олардың мәдениетiн жек көретiн болып өсiп-өркендейдi», дейдi (Основы позитивной эстетики. Москва. 1923. стр. 125.). Сондықтан да осы мiнез, осы құлық үстiнен қарап айтқанда, осы қияңқылық, осы ыстық қандылық қазақ әдебиетiнде де болуға мүмкiн, болғанда да өзiнше, қазақша, азияша болуға мүмкiн».

Жүсiпбек Аймауытов: «Рас, пiкiр жүре өзгередi. Орыс жазушыларының да кейбiрiнің төңкерiстен кейiн жарамсақтанғаны да бар, олардың жарамсақтықтан аманы да бар. Қазақ ақындарының пiкiрi соншама күрттен өзгеретiндей жағдай болған жоқ, өйткенi төңкерiске көлденеңнен қосылдық. Ащысын, тұщысын, тауқыметiн басымыздан кешiргемiз жоқ. Сондықтан тек думанға, дүрмекке қызып, төңкерiстiң маңызын, дәнiн тата алмай қалдық. Сол дүрмекпен әлi де келе жатырмыз. Күшенгенмен сөзiмiз үйлеспей жатыр.

Менiң миымдағы перне шұп-шұбар. Сыртқы әсерден қалған миымдағы iздер де бар. Ол iздермен жүрмесiме мүмкiн бе? Ғаббас қалай жүргiзбейдi екен? Құлағымнан, көзiмнен миға хабар жеткiзетiн жүйкелерiмдi (нерв) кесiп тастамақ па екен? Әлде, жүйкемдi мүлде құртпақ па екен? Көлденең адам жазушыға, ақынға көтен зорлық қылуға жарамайды. Өзiнше ойлатам деу қиянат...



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   242




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет