РСФСР-дің басқарушы мекемелерінің жұмысына Қазақстан өкілдерінің араласуы «мүлде сезілмей» отыр. Сірә, дербес республика болып бөлінуге деген ниет бар болса керек
3. РСФСР-дің басқарушы мекемелерінің жұмысына Қазақстан өкілдерінің араласуы «мүлде сезілмей» отыр. Сірә, дербес республика болып бөлінуге деген ниет бар болса керек.
4. Орталықтың қоныс аудару саясатына наразылық байқалады: қазақ жұртшылығы кеңес өкіметіне жер-су революциясы арқылы қатынастырылыпты; қазақ жеріне «көз аларта беру» қобалжу туғызатын болады. «Біз қоныс аудару саясатына қарсы емеспіз, бірақ, ең алдымен бұратана халықты жермен қамтамасыз ету керек қой», – дейді.
5. «Біз Қазақстанның жерге, басқа да мәселелерге мүдделілігі жайлы мәселе көтерейік десек: сендер патша саясатында кеткен кектеріңді қайтарғыларың келеді – деп кінәлайды. Біздің коммунист ретінде кез-келген мәселеге мемлекеттік тұрғыдан қарай алатынымызға мүлде сенбейді», – дейді олар.