Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


«Бiздiң өмiрiмiздi өзiмiзге қайтып бер», –



бет49/105
Дата05.02.2022
өлшемі7,42 Mb.
#14563
түріБағдарламасы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   105
«Бiздiң өмiрiмiздi өзiмiзге қайтып бер», – деп хат жаздырған да осы «қыл көпiрдiң үстiнде билеп жүрген жандар», адам емес, жандар.
Бұл тарихи шындық. Ал олар кiмдер едi, ұлтты – сол ұлттың еркiнсiз қалай құлдықтың құрығына түсiрдi, бұл басқа әңгiменiң арқауы.

II. Ұлттық тұтастық идеясы және Азаматтық Мойынсынбау



Ұлттық Азаматтық Мойынсынбауға немесе Ұлттық Азаматтық Тұтастыққа жеткен ұлт – кемелiне келген ұлт. Мұндай рухани күш пен сана – сезiм, ұлттық мүдде бiрлiгiне ие ұлт өзiн-өзi сыйлай бiледi және өзiн өзгеге сыйлата да бiледi. Сондай биiк тарихи таным дәрежесiндегi ұлт қана ұлт ретiнде өмiр сүруге құқылы. Бұл – ол ұлттың адамзаттың ортақ тарихына үлес қосуға қабiлеттi және өркениеттiң әр мүшесi оның пiкiрiмен санасуға мiндеттi деген сөз. Өйткенi, мұндай құдiреттi және ең қасиеттi мiнезге ие болуы үшiн сол халық: өзiнiң бүкiл жаратылғаннан берi таным мен тарихын талқыға салып, кешегiсiн, бүгiнiн, ертеңiн анықтап, оған тәуелсiз таным арқылы әдiлеттi баға берiп, ұлттың мiндетiн, парызын, даму бағытын өзiң де, өзге де мойындайтындай етiп тарихи көзқарас қалыптастыру қажет. Тұтастық идеясына ақыл-ойға қабiлеттi сол ұлттың әрбiр мүшесi қатысып, лебiн қосып, өзiнiң сол идеяға қатысы барлығын сезiп, жауапкершiлiгi мен мiндетiн, парызын түсiнгенде ғана азаматтық ұлттық сыпат алады.
Тарих пен тағдырдың қандай сыбаға ұсынғанына қарамастан, қазақ ұлтының дәл осындай қауымдастықтың қатарына қосылуға толық қақысы да, мүмкiндiгi де бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет