Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


«Егер зауал аспаннан келсе, онда одан құтылуға болады. Ал сол кесепат өзiңнiң iшiңнен шықса, одан қашып құтыла алмайсың»



бет47/105
Дата05.02.2022
өлшемі7,42 Mb.
#14563
түріБағдарламасы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   105
«Егер зауал аспаннан келсе, онда одан құтылуға болады. Ал сол кесепат өзiңнiң iшiңнен шықса, одан қашып құтыла алмайсың», – дептi.

Шындығында да, кесiрлiк те, кесепат та, керенаулық та, тәуелдi басыбайлылықтың психологиясы да бiздiң өз iшiмiзде, санамызда, жанымызда, көзқарасымызда. Біз тарихи әдiлет үшiн әдiлеттi көзқарасты қалыптастыру жолында – таным талқысында ашық майданға шықпай ықтап өмiр сүрдiк. Қазақ ұлты «аспаннан түскен зауалға» – ұлттық, рухани отарлану тарихына қарсы тарихи көзқарасты толық қалыптастыра алмады. Ұлт боп өз тағдырымызды өзiмiз қолымызға алмасақ, бізді тағы да бодандықтың қағыс қамыты күтіп тұруы мүмкін. Ол қамыт енді киілсе – ешқандай ұлт-азаттық идеясы мен ұлт-азаттық қозғалысы можантопайланған санаға саңлау түсірмейді. Өйткені ол ұрпақтың санасы тексіздікпен шорланған ұрпақ.


Ол ол ма, бiздің өзімі әлi «өзiмiздiң iшiмiздегi кесепатты» жеңе алмай жүрмiз. Әйтпесе, ұлттық ортақ көзқарас жолында барлық қымбаттарымызды қиып, бiр мүддеге топтасар едiк қой.
Оған: Кенесарының ұлт-азаттық көтерiлiсiнiң соңғы қасiреттi тұсын айналып өтiп, сипақтата баяндауымыз дәлел.
Оған себеп: ұлттық көзқарастың тұтастығының жоқтығы.
Өйткенi, осынау тұсқа келгенде бiз өзiмiздiң рулық, жүздiк сенiмiмiздi жеңе алмай, жалған намысымыз ұстап, жорта әруақ силаған боп, ұлттық мүдденi рулық психологияға айырбастаймыз. Қырғыз тарихшылары бұл тұрғыдан алғанда әдiлетке жүгiндi. Тарихи шындыққа тарихи көзқарасты орнатты. Қазақтар Кенесары қозғалысын, Кенесарының өзiн жаппай жамырап қарғап жатқанда, Б.Жамгершинов iспеттi ғұламалар оған қарсы шығып:
Кенесары – патшалық самодержавиенiң отарлау пиғылына қарсы күрескен тұлға, оның қозғалысы – ұлт азаттық күрес, ал көтерiлiстiң жеңiлуiне, ұлтының бостандығынан гөрi Кенесарыға деген жеке басының кегiн қайтаруды қымбат санаған манаптар кiнәлi, – деп бағалады.
Қырғыз елi өз еркiмен Ресейге қосылған жоқ. Өйткенi Манастың түп-тұқияндары құл болу үшiн жаратылмаған. Тек көзқарас бiрлiгi болмады. Қазақтар сияқты бұл ұлт та «аспаннан түскен зауалды былай қойып, iшiндегi кесепатты» жеңе алмады. Содан барып:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет