Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


«Адам өмiр сүрген жерде тарих бар. Тарих барлығына ортақ... Тарихи тұрғыдан алғанда судандық негрлердiң күресi Марафон мен Саламин шайқасымен бiрдей мәнге ие»



бет40/105
Дата05.02.2022
өлшемі7,42 Mb.
#14563
түріБағдарламасы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   105
«Адам өмiр сүрген жерде тарих бар. Тарих барлығына ортақ... Тарихи тұрғыдан алғанда судандық негрлердiң күресi Марафон мен Саламин шайқасымен бiрдей мәнге ие».

Иә, Наполеон мен Аттиланың – Едiлдiң тағдыры бiр, екеуiнiң қан төге отырып басқару құрлымына, адамның рухани еркi мен бас бостандығының өлшемiне, әлеуметтiк және тектiк теңдiгiне енгiзген түбiрлi өзгерiстерi де қарайлас. Бiрақ, көркем тағдырдың талқысы ортақ болса да, тарихтың екеуiне берген бағасы керағар. Ендеше, тарихи көзқарас ешқашан да абсолюттi шындықтың иесi бола алмайды. Теңгермешiлдiк те оған өлшем емес. Тарих – тұлғаның немесе мемлекеттiң тағдыр талайын салыстырмалы түрде орнына қояр, бірақ дәл сол орын оның – тұлғаның, ұлттың мемлкеттiң өз орыны болуы неғайбыл. Үшiншi бiр шындыққа бiр табан жақындауы мүмкiн.


Тек бiр бағытты ғана бетке алып, бiр ғана ұлттың, мемлекеттiң, құрлықтың, дiни ағымның мүддесiмен қалыптсқан тарихи көзқарас – тағылымсыз, танымсыз, тағдырсыз, ең бастысы тұрлаусыз көзқарас.
Ақыл мен ойдың, ғылымның кемелiне келген қазiргi замандағы кез-келген мемлекеттiң тарихы – сол елдiң мүддесiн көздейтiн, өткеннiң оқиғасының өзiн бүгiннiң көзқарасына бейiмдеп, тiгiсi жатқызылып жазылған тарих. Бұған кез-келген тарихи оқулықты дәйек етуге болады. Мысалы, бүгiнгi Америка тарихы – Вашингтоннан басталады, бiрақ ол үндiстердiң тарихы емес. Кейiнгi үш ғасырда дүние жүзiнiң тарихы еуропалық үстемдiк тұрғысынан жазылып келедi. Бұл көзқарас исi азаматтық ортақ рухани өлшем ретiнде мойындалып, жаппай санамызға сiңiстi заңдылыққа айналды. Ал еуропалық шеңберден шалғай ұлт пен ұлыс – рухани тәуелдi, танымы жаттың көзқарасына таңылған басыбайлы топ, қосалқы зерттеу бөлшегi ретiнде қаралады. Мұндай сананы тұмандатқан кiрiптарлықтан бодан ұлтын бостандыққа жеткiзген Джавахарлал Неру сияқты данышпандар да құтыла алмаған. Дәл осындай күйдi азаматтың көркем ойының дамуына дана ретiнде үлес қосқан Мұхтар Әуезов те кешкен. Нерудiң «Индияны тану» атты кiтабындғы:
«Индияның бүкiл болмысы менiң қанымда қайнап тұр, оның бойындағы құбылыстардың барлығы менiң жандүниемдi қатты тебiрентедi. Сонда да, мен өзiмнiң елiме, оның, бүгiнгi күнiне өзiм байқаған өткеннiң сарқыншақтарына жат адамның көзiмен және сондай жеккөрiнiшпен қарадым. Мен өз елiмдi батыстың көзқарасы арқылы таныдым және кәдiмгi достық пейiлдегi еуропалық оған қалай қараса, мен де сондай дәрежеде ғана түсiндiм. Өйткенi менiң елiмнiң тарихы ағылшындардың көзқарасымен жазылатын тарих едi», – деген сөздi тiгiнен қаусыра көк қарындашпен сызыпты да, тұсына:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет