Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


«Олар бiр-бiрiне өте ұқсас: сом тұлғалы, мойны жуан, бiрақ та өте мұңлы әрi дауысы мiңгiрлеп шығады»



бет43/105
Дата05.02.2022
өлшемі7,42 Mb.
#14563
түріБағдарламасы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   105
«Олар бiр-бiрiне өте ұқсас: сом тұлғалы, мойны жуан, бiрақ та өте мұңлы әрi дауысы мiңгiрлеп шығады».
Мұндай күй кешкеннен гөрi, «домбыраны тыңқылдатып, өсек соғып» жатқан бабаларымыздың тiршiлiгi әлдеқайда көш iлгерi сияқты. Ұйқысының өзi қандай! Соның өзiнде бiр паңдық жатыр емес пе. Жоқ! Бұл жалған! Жала! «Ақтабан шұбырындыға» түсiп жатқан Аблайдың заманында, «жарасын жалап өскен жаралы жолбарыс Кенесарының» (М.Әуезов) тұсында да қазақтар «домбырасын тыңқылдатып, ұйықтап» жатыр ма едi?
Арбасқан. Алысқан. Ашынған. Намыстанған. Бiрақ бiзге:
«Бұл дәуiрдiң, сол кездегi жұмбақ күнге жеткен елдiң алдында тұрған құздан, алдында тұрған қайғылы күнiнен қорқып, қобалжып тұрып, ыңыранып, күрсiнген күйiнiң... Не болса да артқа қайтар күн жоқ. Өлiмге кетсе де алға кететiн болған соң – артқы бостандық пен бiрлiк күнiне қоштасқан мерзiмнiң» – әдебиетi ғана жеттi. (М. Әуезов).

Тағдыры жеттi, тарихы жеткен жоқ. Жеткiзбеген тағы да сол тарихи көзқарас. Тарих – тарихи шындықты орнына қойып бере алмады. Өйткенi, сол дәуiрде тарихтың тегершiгiн айналдырып тұрған жаhаннамдардың (империялардың) мүддесiне бұл қайшы келетiн. Олар дүниенi ашса – алақанында, жұмса – жұдырығында ұстады. Тiптi Кенесары сияқты кектi, еркiн көкжалдардың өзiн:


«Сiзден бұрын орыстың үлкендерiнен зорлықтан басқа мархаматшылық көргемiз жоқ-дүр. Ендi сiзден мархаматшылық болар деген үмiтiмiз бар. Бiздiң бұл қарызымызды падишаhқа жеткiзiп, бiздiң өмiрiмiздi өзiмiзге қайтарып алып берсеңiз, орыс, қазақтың көз жасының сауабына қалар едiңiз. Құдай бiр, закон басқа дүр», – деп кiшiрейте тiл қатуға мәжбүр еттi.
Сонда, өзiнiң өмiрiн бiреудiң қолына берген елде елдiк бола ма? Дәл осы сөзге қарап, Кенесарыны да «ұйықтап жатқан» қазақтың қатарына қосамыз ба? Бұл сөздi Кенесарыға айтқызып тұрған – тағдыр. Ұлтының тағдыры. Мәмiлелiк майда тілмен амалдап тәуелсiздiкке жетудiң бiр жолы, «құдай бiр, закон басқа-дүр» дегiзiп айтқызып тұрған да сол саясат. Өйтпесе, қазақ ұлты жаратқан иемiз жаратқаннан бері жатқа телмiрiп, өмiрi мен еркiндiгiн өзiнiң қолына берiп өмiр сүрмеген. Батыр да өткен, бай да өткен, бағылан да өткен. П. Я. Чаадаев:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет