Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


«Құдайға шүкiр, мен өз отанымды өзiмнiң мүддем үшiн емес, оның мүддесi үшiн сүйдiм»



бет45/105
Дата05.02.2022
өлшемі7,42 Mb.
#14563
түріБағдарламасы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   105
«Құдайға шүкiр, мен өз отанымды өзiмнiң мүддем үшiн емес, оның мүддесi үшiн сүйдiм», – дей отырып:
«162. Еуропа үшiн және Россияның өзi үшiн соңғысының (Ресейдiң) әлем тағдырын шешетiн құдiретке ие болуы пайдалы деп ойлайсыз ба? 163. Еуропа Түркияның сақталып қалуын қалай ма, жоқ, Россияның құдiреттi болуын қалауы керек пе едi, бұл басқа мәселе. 179. Түрiктер – барып тұрған бұратаналар, бұл шындық: бiрақ та түрiктердiң бұратаналығы қалған дүниеге қауiптi емес, одан көрi басқа халықтың бұратаналығы әлдеқайда қатерлi. Оның үстiне, түрiктердiң бұратаналығымен солардың өз қонысында күресуге болады, ал ана бұратаналықпен күресу мүлдем басқа. Мiне, мәселе қайда!», – деп Ресей империясының бет пердесiн ашып бердi.

Иә, түркi жұртының бұратаналығынан гөрi төрткүл дүние үшiн Ресейдiң «бұратаналығы» әлде қайда қауiптi болатын. Ұлттың ұйытқысын құрайтын, барлық жаhангерлiк соғыстың азабын тартып, қанын төккен 25 миллион азаматын басыбайлы құл етiп ұстауы – империяның бетiндегi сүйел едi. Патша, Достоевский айтқандай, «халықтың қасиетiн, оның идеясын, үмiтi мен сенiмiн бойына жиған тұлға» емес-тiн. Өз ұлтын құл еткен патшаның өзi де құлдық психологиядан арылмаған адам деген сөз. Мiне, Чаадаев неге тiтiркенiп отыр. Ол үшiн әрбiр орыстың рухы – азат рух болуға тиiстi. Сондықтан да түрiктiң патшасынан, Ресейдi шайқалтқан, Напалеоннан, Кенесарының көтерiлiсiнен гөрi адамзат үшiн Россияның самодержавиесi әлдеқайда қатерлi дейдi. Ресейдiң мемлекеттiк саясатқа айналып отырған тағылығын ауыздықтау қиын. Нағыз орыс рухы – орыстың азаттығы, орыстың рух бостандығы, бiр орыс пен екiншi орыстың тең тұрып сөйлесiп, тең дәрежеде өмiр сүруi. Өз ұлтын осындай қорлық пен басыбайлылықта ұстаған мемлекеттiң жат жұртты жарылқауы (мысалы, «қатын патшаның» – Анна Иоанованың «қазақты қамқорлыққа алуы» – Т. Ж.) кәдiмгi, жәдiгөйлiк саясат қана едi.


Мiне, нағыз орыс. Мұндай тұқымның қалғанына Шыңғыс хан мен Шағатай да өкiнбейтiн шығар. Ол өз тағдырын өзi биледi. Жатты да, жақынын да тарихи көзқарастың қиянатының диiрменiне жемтiк қып тартқызған жоқ. Орысқа да, қазаққа да, жалпы дүние қауымына да қажет тұлға.
Мұндай тұлға қазақтан да шықты. Ол – Кенесары.
Қандай түйсiк пен түлен түткенiн кiм бiлсiн, дәл осы тақырыпты күйттерде Чаадаев пен Кенесарының тағдырын салыстыра отырып ой қозғау мәселесi жадымнан шықпай қойды. Иә, абсурд, далбаса талпыныс. Дегенмен, қисындырып көрейiк. Осы тұста үшiншi тұлға да – ХХ ғасырдағы қазақ тарихшысы Ермұхан Бекмаханов та үшiншi өлшем ретiнде көкейiмдi тесiп тұрып алды. Қисынсыз-ақ қисын. Әңгiме тарих пен тағдыр туралы болғандықтан да, тарих ойға, пiкiр дамытуға мұрындық салу үшiн де тәуекелге бардық.
Иә, бiрi – отарлаушы, бiрi отарланушы. Бiрi – орыс, екiншiсi – қазақ. Бiрi – христиан, бiрi – мұсылман. Бiрi – оқымысты, бiрi – жауынгер. Бiрi – орыс тiлiнен гөрi француз, немiс, ағылшын тiлiнде еркiн жазып-сөйлейдi, екiншiсi ана тiлiнен басқаны бiлмейдi. Әйел мәселесiн қозғамай-ақ қояйық. Кенесары мен Чаадаевтiң жас айырмашылығы – 6 жыл. Бiрақ заманы бiр.
Ендi екiншi уәжге көшейiк: үшеуi да қаракөктiң тұқымы. Нұрдан жаралған Шыңғыс ханға кiндiктерi байланған. Чаадаев – шағатай арқылы, Кенесары мен Ермұхан – Абылай, Жошы арқылы жалғасады. Тiптi, Чаадаев Шәрбәтовтардың (Шербатов) жиенi болуы тұрғысынан алғанда, ол Рюриктердiң де қанын бойына сiңiрген боп шығады. Чаадаев пен Кенесары тарихтың тәлкегiне ұшыраған тағдырлардың ұлттық мүддесiн қорғап – самодержавиеге, Бекмаханов – империялық үстем көзқарасқа қарсы күрестi. Үшеуi де отаншыл. Намысшыл. Қайсар. Идеясы үшiн басын бәйгеге тiккендер. Үшеуiне де тарихи көзқарас кесiрлi баға бердi. Чаадаев пен Кенесарының есiмi өлгеннен кейiн бiр жарым ғасырдан соң, Бекмаханов жарты ғасырдан соң мәшhүр болды. Оның өзiне де олардың есiмiн алдағы күннiң қандай талқыға саларына көз жетпейдi. Осы үшеуiнiң тұтастандырып тұрған ең басты қасиет – тағдырға бас имегендiгi, тарихи терiс көзқарасқа мойынсынбағандығы. Олардың тұлғасын жалған ғылымның тас-талқан ете алмаған өр рухы.
Мiне, тек. Мiне, тағдыр. Мiне, бiз нысана ететiн тұлға. Иә, тарихи көзқарасымызды осыларға қарап қалыптастыруымыз керек.
Тарихи тағдыр ұмытылған тұста – тарихи көзқарас та түзелмейдi. Тарихтың тағылымы да ескiрмейдi. Бiздiң тарихи көзқарастың ырқында кеткенiмiз сондай, тағдыры аршылмағандықтан да қазақ мемлекетi тәуелсiздiк алған тұста Әлихан Бөкейханов негiзiн қалаған Қазақ мемлекетiнiң бағыт-бағдарын қаперiмiзге де алмадық. Соның нәтижесiнде жер, экономика, тiл туралы ортақ ұйытқы таба алмай дағдарып қалдық. Ал мұның барлығының iзiн Әлихан салып кетiп едi.
Әрине, тағдыр – тарихқа үкiмiн жүргiзе алмайды. Бiрақ сол тарихты тағдыр жасайды. Тек тарихи көзқарас – тұлғаның бейнесiн тағдырдан аршып, дұрыс баға бергенде ғана заттылыққа ұласады. Напалеон мен Петр қанша атыс-шабыстың iшiнде жүрдi, тiптi, олардың өмiрiнiң өзi соғыстан тұрады. Бiрақ тарихи көзқарас тұлғаны оқиғадан аршып алып, оларды дара адам ретiнде, сахнаға шығарды. Қандай ғұлама жазбасын, олардың жеке басын, жекелеген жеңiстерi мен жеңiлiстерiн сол тұлғаның тағдыры, көзқарасы арқылы бағалады. Керiсiнше, Кенесары туралы сөз болғанда оның тек атып кеткенi мен шауып кеткенi ғана қарпи қамтыла баяндалып, сол арқылы пiкiр қорытылады. Сөйтiп, Кенесары жаны тыныштық көрмейтiн жауынгер болды да шықты.
Бiз, ең бiрiншi, Кенесарыға тарихи тұлға ретiнде қарап, оның тағдырына тарихи көзқарасты орнықтыруымыз қажет. Содан кейiн барып оның iс-қимыл әрекетiне пiкiр бiлдiрсек лайық-ты. Төңкерiске дейiнгi тарихшылар Кенесарының тұлғасына отарлаушының көзiмен қарады да, сол тұрғыдан оның тағдырын баяндады. Төңкерiстен кейiн Кенесары бiр сәт ақ бояумен боялды да, iле оған қара май қайта жағылды. Кеңес империясының тарихшылары:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет