«Кез-келген тарих – орыс ұлтының тарихы болуы тиiс», – деп (Яковлев) талап қойды.
Сол тұрғыдан Кенесарыға баға бердi. Тiптi, талқыға Кенесарының жеке басы, тағдыры түскен жоқ, керiсiнше, жанталас тарихқа терiс тарихи көзқарасты қалыптастыру үшiн жүргiзiлдi. Әрине, бұл науқанда Бекмаханов уақытша жеңiлдi. Түрменiң дәмiн татты. Бiрақ тарихи көзқарасты орнықтырып кеттi.
Сөз басында ойды шиырықтау үшiн айтылған: «Тарих – әділетсiз ғылым», – деген пiкiрдi ортаға ой тастау үшiн, қыранға тастаған қызыл сияқты, шақпақ етiп жақтық. Әдiлеттi тарих – әдiлеттi тарихи көзқарасты қалыптастырады. Әдiлетсiз тарихи көзқарас – тарихи әдiлетке қиянат жасайды. Түбiнде бәрiн де тарих өз орнына қояр. Ғылым iргесi қайтадан қаланар. Бiрақ, әр нәрсенi өз орнына қойғанмен де, қалағанмен де, өткен күннiң әдiлетсiздiктерiнiң тұсынан жел соғып тұрады. Тәуелдi тарихи танымның дағын лазер сәулесiмен де кетiре алмайсыз. Қазiргi қазақ тарихи ғылымы сол күйдi басынан кешiрiп отыр. Қашан тұлғалардың тағдыры аршылғанша уақыттың тұрлауы, заманның екпiнi мен қас-қабағы, ұлттық сананың өзi өзгерiп кетпесiне кiм кепiл. Өйткенi, ендiгi тарихты жоғарыда айтылған «тексiз доктордың» ұлттық танымнан ада баласы жазбасына кiм сенiм бiлдiредi. Бұл қазiрдiң өзiнде нышан танытқан, «массондық масандар» арқылы жонын көрсеткен шындық. Қытайдың мемлекеттiк, ұлттық тарихи көзқарасын қалыптастырған, бiздiң жыл қайыруымыздан бұрын өмiр сүрген ғұлама Мың-зы: