Тұрсын ЖҰртбай „Ұраным алаш!


Ү том: «Тоқманбаев Бақайдың, Әбдікеев Бітімбайдың және басқалардың Қылмыс Ережесінің 59-3,166-2, және 182 баптары мен тармақтарына сәйкес айыпқа тартылған тергеу ісі»



бет11/15
Дата08.12.2016
өлшемі2,94 Mb.
#3441
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Ү том: «Тоқманбаев Бақайдың, Әбдікеев Бітімбайдың және басқалардың Қылмыс Ережесінің 59-3,166-2, және 182 баптары мен тармақтарына сәйкес айыпқа тартылған тергеу ісі».
«Қылмысты іс, №124 іс, 4 - том. 21 жылы /ІҮ – айда басталған. 1929. 23/11 .

Бұл іс ертеректе 1921 жылы Қараноғайдың - Әубәкіровтің өліміне байланысты басталып, бір рет жабылып, 1929 жылы ақпан айында қайтадан тергеу жүргізілген. Мұндағы айып тағылған адамдардың негізгісі – ауыл адамдары. Араб қарпімен жазылған түсініктер көп. Даудың басы - барымта. Сол барымтадан, барымтаның қарымтасынанбарып өршіген. Қазақтың маңдайына басқан азаматтарымен тағдырлас болған және солармен бірге алды атылып, соңғысы қамаққа алынып, қатар түрмеде отырған жандардың ісі жанамалай болса да біздің тақырыбымызға тікелей қатысы бар. Сондықтан да бұл іске қысқаша аялдап, түсінік бере кету керек. Әйтпесе, көптеген жайлар түсініксіз қалады. Сонымен, «түрме тарихының» екінші бір тармағына назар салайық.

Тергеудегі бірінші іс мына арыз бойынша қозғалған. Талас болысының №9 ауылының қазағы Аралбай Досымбековтың 34 қарасын тарақты болысының қазақтары, әйгілі барымташылары Шәкір – пұшық Сыдықов, Тілеубек Жұмабаев және Ермекбай мен Моқай табыннан айдап әкеткен. Олардың соңынан қуған Пірімқұл Мәмбетов, Досымбеков Шарлыбай, Ереалиев Рысбай, Тәукенов Сүлеймен барымташыларды Шу өзенінің бойында қуып жеткен. Барымташылардың астындағы атын тартып алып, өздерін жаяу қалдырған. Бодықов Сыздық пен Айболатов Арын 6 түйені, 6 жылқыны, 3 айғырды, 2 атты, 13 биені таныған. Арыз иелері - Жолбеков Арынбай мен Досымбеков Әйтібек. Ол арыз 1927 жылы тамыздың 3 күні жазылған.

Былай қарағанда, өзге-өзге, дәл осы барымтаның «Алаш ордаға» ешқандай қатысы жоқтай көрінуі заңды. ГПУ-дің тергеушілері исі Қазақстанды «халық жауының ұясы» етіп көрсетуі үшін торды кеңінен қамтып лақтырған. Оның ішінде жазықты да, жазықсыз да, бай да, кедей де бар. Әйтеуір, қазақ зиялыларымен әлдебір жақындығы болса бітті, абақтыға жабылып, сұраққа тартылып, ит әуресі шыққан. «Голощекиннің кіші октябрінің» дауылының екпіні мен саяси қылмысты қамтыған әшкерелеудің «ауқымы» осындай еді. Барымтадан басталып, баспақтай-баспақтай Дінше Әділевке, одан Сәкен Сейфуллинге жетеді. Екіншіден, осы «барымтаның» астарында кәдімгі қазақы күрестің табы жатыр еді. Оны орайы келгенде келтіреміз. Сонымен...

Малы барымтаға ұшыраған Досымбеков Әулие-Ата қаласындағы атқару комитетінің билер бөліміне (административный отдел дегенді осылай атаған - авт.) үсті-үстіне арызданумен болады. Әулие-Ата атқару комитетінің үстінен арыз көбейіп кеткені жөнінде алаңдаушылық білдірген қылмыс тексеру бөлімінің бастығы Логов 1927-жылы 5 қыркүйек күні губерниялық комитетке:

«Жоғарыдағы көрсетілген болыстардың арасындағы барымта тек қылмыстық әрекетпен шектелмейді, сонымен қатар саяси мәнге ие болып отыр және аталған болыстың азаматтарына белгілі бір дәрежеде күш көрсетіп, мәжбүр етпесе - олар тергеуге жол бермсейді, өйткені олардың көпшілігінде қару бар. Сондықтан да атқару комитетінің билер бөлімі Әулие-Ата қаласының атқару комитетіне осы мәселеге байланысты 40-50 адамнан құралған арнайы қарулы жасақ ұйымдастыруға көмектесу туралы ұсыныс жасауыңызды өтінемін, солардың көмегі арқылы губерниялық тергеу бөлімі бұл істі тексеріп, тергеу жүргізу туралы аудандық тергеу бөліміне берген тапсырмасын жергілікті жерде анықтауға мүмкіндік туар еді» - деп мәлімдеме жасады.
Қылмыс тиірменінің тергеу тасы осылай қозғалды.

Бұдан кейін кеңес үкіметінің кеңсе қызметкерлерінің аңызға айналған «қағаз іскерлігі» басталады. Әулие-Атадан Сырдария губерниясының тергеу бөліміне, одан атқару комитеттеріне, аудандық милиция бөліміне арлы-берлі жүйткіген қатынастардың жекпе-жегі біраз уақытқа созылған. Сөйтіп жүргенде, жергілікті жерден «арыз беруші» деген бүркеншік атпен жазылған домалақ арыз түседі. Өзге-өзге, « домалақ арызға» ерекше мән беретін кеңес қызметкерлері бұған шүйліге кірісіп, тергеу ісіне жеделдете кіріседі. «Арыз берушінің» нақты аты көрсетілмегендіктенде біз оны келтіріп жатпаймыз. Алайда барлық пәле содан кейін барып ушыққан. Қанша айтқанмен, қазақтың қолынан өзге келмесе де, бірінің үстінен арыз жазуға келгенде қиыстырып-ақ жібереді емеспе. «Кеңестің жанашыры» да әрбір адамның жеке басына және оның әрекетіне саяси астар беріп, құлпыртып жіберген. Оның ұзын ырғасы мынадай:

Көзі қарақты дәулет иесі Мәдібек Кеншімов барымтамен айналысады екен. Ол жең ұшынан жалғасып малды басқа жаққа өткізетін көрінеді. Мәселенки, 1929 жылы мамыр айында Қарқаралының «кулагі» (терминді қалай дәл тапқан - авт.) Жүсіп не Жақып Шегенов деген 30 жігітпен Әулие-Ата уезіне келіп, Ақмолаға мал айдап әкетіпті. Бекмолда Жаңабаев деген барымташы да Сарысу мен Ақмоланың арасын судай сапырыпты. Қысқасын айтқанда, кеңес өкіметіне қарсы «кесірлік» (саботаж) жасап жатыр екен. Өздері қарулы. Ол мұндай қылмыстық әрекеттерге төзе алмай тергеу орындарына домалақ арыз жазуды «комсомолдық парызым» деп ұғыпты. Сондықтан да сақшы орындары жедел аттанған. Олардың барлық сұрақ-жауаптарын келтірудің мәнісі жоқ және «таза қазақы арыз» болғандықтан да ру мен рудың арасындағы шырмауықты ажыратудың өзі мүмкін емес.

Дегенмен де, тергеушілер мұны тегіннен тегін суыртпақтап отырған жоқ. Әйтпесе, «Алаш орданың» ісінің ішіне тіркелмес еді. Ел азаматтарын «қырға шығып, қарулы көтеріліс жасауға әрекеттенді» - деп айыптау үшін де бір кілтипан табуы керек болған. Өзгелерді былай қойғанда, осы тәсілдің арқасында Жүсіпбек Аймауытов пен Халел Ғаббасовтың басы оққа байланды. «Қарға тамырлы қазақтың» қылмыстары да «тамырланып», бір-бірімен шиеленісіп жататын әдеті. Осы тергеу ісі соның нақты айғағы.

Шырмауықша шырмалған тергеудің 79-бетінде ғана Байсейіт Әділевтің аты аталады. Міне, осыдан кейін дегеніне жетіп тынған тергеушілер әлгі рулық, болыстық тартыстар мен барымталарды ұйымдастырып жүрген «Әділевтердің бандасы» деп тұжырым жасайды да айыпкерлерге қойылатын сұрақтардың барлығын соған қарай бейімдеп, қылмысты оқиғаларды қоюлата береді. Сөйтсе, 31 жастағы Сапақов Сүйіндіктің мәліметінше Байсейіт 1928 жылы одан жылу сұрап келіпті. Түрмеден жаңа шығып келгенін айтқан соң жаны ашып оған мал берген екен. Демек, сол үшін де ол айыпты болған көрінеді. Одан кейін Бітімбай мен Бақай дегендер елді барымталап кетіпті. Дүбаралық шекарада тұрғандықтан да Ақмола мен Әулие-ата уезінің қайсысына қарайтындықтарын білмеген, өзара шеше алмаған болыстар айтыса-тартыса жүріп, ақыры арты кекке ұласып, барымтаға айналыпты. Мұны ұйымдастырып отырғандар байлар мен бандылар екен. Оны Сарысу ауданының № 6 ауылының азаматтары Жәкет Рысқұлов пен Сейсембек Авкеров (Әукеров пе, Апкелов пе, түсініксіз – авт.) былай түйіндейді:

«Жоғарыда көрсетілген ауданның (Сарысу - авт.) №6-7 ауылдарындағы бандылардың көсемі Бақай Тоқманбаев, ал оны жағаттап жүргендер - Тоқманбаев Өмірзақ, Тұрысбеков Әбдірахман, Құрманов Мәдібек, Мұқанов Кәкен. Бандының екінші тобының көсемі Омаров Жәкеш, үшінші топтың көсемі Мұстафаев Жаманқара мен Бітімбай. Олардың соңына ерген жігіттері мыналар: Нұртазаев Жүніс, Есмағамбетов (ІҮ том. 115-бет) Тінібай, Ахметов Балабек, ал атқамінерлердің жетекшілері - Кеншімов Мәдібек, олардың арасындағы жеңгетайлар: Қайырбеков Рақымбек, Қушамқай Тұрыс, Қонкеев Батырбек, Бектұрсынов Бөжен, Алтымбеков Қасымбек, Жопаев Баукен, Ленгітов Сары, Нұрмұқанов - соңғысы барлық істі ұйымдастырушы болып келеді» - деп көрсетеді.

Айғақ осы. Іле осы тізімде аты аталғандардың барлығы ұсталып, жауапқа тартылған. Солардың ішіндегі «атқамінерлері» мыналар:



Мәдібек Кеншімов, 46 жаста, 8 баласы бар. 70 қой, 12 ірі қараның иесі. Ақмола уезіне қарасты тарақты болысынан. Істің жайына қарағанда тәргіден тығылған Ақмола уезінің байлары Шойке Исаев пен Қунақов Сәдуақас тарақты болысына келіп жасырынған. Олардың соңынан Бітімбай баласы Түнқатарды қуған жасақтар әлгі байлармен қоса қолға түсіреді. Кеншімбек:

Түнқатардың әкесі ұлын құтқару үшін 10 қарулы жігітпен жортулыға шығып, Бекмолданың ауылында жатқан бір милицияны ұстап, қаруын тартып алып, оны маған әкеп берді. Мен Құнан ауылына барып мылықты өкіметке тапсырдым. Байлар содан кейін Шуға қашты. Бақай соның ішінде кетті. Олар атысып жүріп қуғыннан құтылды. Бақай менің туысымның екі биесін алған еді, сол үшін Бақайдан бір жорға атты алып қалдым-дейді.
Бұдан кейінгі көптеген сұрақ-жауаптардан аңғарылатыны, «тышқан інге кіре алмай жүріп құйрығына қалжуыр байлапты» - дегендей, тәргіге түскен қазақтардың өзара жаулығының өрістеуі. Ақмола мен Сырдария губерниясының шекарасы анықталуы тиіс еді. Сол кезде қазақтардың ежелгі дерті қайта қозып, рулық жер бөлісі басталып кетеді. Жартысы - Ақмолаға, жартысы - Әулие-Атаға қараймыз десіп даурығысады. Өзара қырғиқабақ боп, кіжінісе келе барымтаға ауысады. Бұл екі топты Ақмола мен Әулие-Атадағы «намысшыл қызметкерлер» (Дінше Әділев сияқты) қоздырып қояды. Тарақты мен тама руының байлары өздерінің басы бәйгеге тігілгеніне қармай бірінің жерін бірі қорғап, бірін бірі көрсетеді (ІҮ том. 116-бет). Иен жатқан Бетпақдалаға симаған, симаған емес-ау, сиыспаған олар күні ертең түрменің тар бөлмесінде «табысарын», бастарының күшпен қосақталып байланып, оққа байланарын қайдан білсін. Осы іске «жер дауын даулап жүрген» Дінше - Дінмұхамед Әділев те бір бүйірден келіп кіріседі де ақыры «Алаштың» азаматтарын да торға түсіріп тынады. Ғабит Мүсіреповтың: «қазақтың жауы - қазақ»- деген сөзі осындайды көріп, ызаға булыққаннан барып айтылғаны анық. Барымтаның ішінде жүрген 25 жастағы Бақай Тоқманбаев тергеуде:

«Сарысу ауданының №7 ауылының қазағымын. 2 ат, 2 түйе, 15 қойым бар. Мен «Байсексеуілге» тығылған Шойке Исаев пен Айтмағамбет Сәдуақасовтан (Қунақов Сәдуақастың баласы болуы керек- авт.) мініс ат сұрауға бардым. Таңертеңінде қуғыншылармен арадағы атыс басталып кетті. Аманжол екеуіміз қашып кеттік. Соңымыздан қуды. Бір қыстаудың маңына келгенде ат болдырды. Атыстық. Тұрысбаев, Сапақов, Бексейітов, Жылқыбаев Ерубай бәріміз өз еркімізбенен өкіметке берілдік. Жолда бізді бәрібір атып тастайды дегенді естіп, мен қашып кеттім. Кейін: кедей өкіметі- кедейді қолдайды- деген соң, Мұқанов Кәкен, Тұрысбаев Әбдірахман үшеуіміз өз аяғымызбен келіп өкіметке берілдік. Өйткені біз барымтаны байларға жасап ек. Көп олжаны қайтардым. Мысалы: Қарасартов Ахметтің 3 атын ұрлап едім, кейін оның өзі қуып келіп, қайырып алды,- дейді.
Бұлар сол 1928 жылдың аяғында ұсталған тәрізді. Дінше қармаққа алынысымен Сарысуға астыртын хабар жіберіліп, ол жақтағы «кеңес өкіметінің жауларын анықтауға және ұстауға» нұсқау берілген сияқты. Ал 1929 жылы 8 қаңтар күні олардың барлығы да тергеушінің алдында тұрды. Аты шыққан Бітімбай барымташы да өз еркімен бас иіп келіпті. Сарысу ауданының милиция бастығы Тұрғымбеков пен Нұрмұқамбеков бұларды «қылмыскер» деп тауып, жоғарыға хаттама жіберген. Олар мұны «Алаштың» ісіне қосқан.

Сонымен, 1929 жылы 2 ақпан күні Шымкент қаласында ОГПУ-дің Шығыс бөлімінің бастығы Никитенко мен төтенше өкіл Попов арнайы ұйғарым шығарып, Тоқамбаев Бақайды, Мұқанов Кәкенді, Тұрысбеков Әбдірахманды, Әбдікеев Бітімбайды (құжаттарда Питтибай – авт.), Мүйлиев Еркені қылмыскер ретінде айыптап, іс қозғайды. Әлгі істің соңына «қылмыскерлер» не қызыл сияға, не қанға бармақтарын малып, қағазға таңбасын басқан. Олар өздерінің арғы-бергі өмірлерін айтып, ру бақталастықтарының себебіне тоқталып, біраз уақыт орағытып жүріп алады да тергеушінің қақпайлауымен сөздерінің соңына қарай Байсейіт пен Дінмұхамедке келіп тіреледі. Тергеушілердің түпкі мақсаты сонда ғана барып ашылады. Оқиғаны асықтырғанмен де әрбір істің соңында адам тағдыры бар. Сондықтан да аталған адамдардың жауаптарының ішіндегі кейбір айғақтарды іріктеп қана ұсынамыз.



Кәкен Мұқанов: «Жоғарыдағы айтқандарымды нақтылай түсу үшін өзімнің берген жауабыма мынаны қосамын: Сарысу ауданының №6 ауылында сол сарысулықтардың шайкасының (бұл енді тергеушінің сөзі болса керек, қазақша - тобының шығар - авт.) атаманы Кеншімов Мәдібек деген тұрады. Оларға іш тартатын тағы бірнеше шайканың басшылары бар, олардың ішінде маған белгілілері: Мұқыш (Дінше, Дінмұхамед - авт.) Әділев, Байсейіт Әділев және Бақай Тоқманбаев, бұлардың әр қайсысының өз шайкасы бар»- дейді.
Міне, Әділевке келіп қосылған «қарға тамырлы қылмыстың» жүлгесі осы арадан барып суыртпақталады. Істің тігіндісіндегі ретке қарағанда Кәкен Мұқановтың бұл айғағы кейін жазылып, өзіне оқытылмай, қолы қойылмастан қатталған сияқты. Бұдан әрі қарай тергеудің қалай жүргізілгені өзінен өзі түсінікті. Оқыған, ақ пен қызылдың майданын бірдей басынан кешірген, «үлкен қызметкердің» қатарына жататын Діншені «бұлбұлша сайратқан» тергеушілер сауаты жоқ, аңғал қыр қазақтарын ұршықша үйірген. Сөйтіп, Кәкен Мұқанов енді әрбір «шайканың» мүшелерін бас-басына түгендеп береді (ІҮ том. 118-бет). Ақмоладан қашқан байлар Бақайдың тобына қосылды - дейді де, тура Дінше Әділевтің «салған жолымен жүріп», Бетпақдаладағы оқиғаларды баяндап береді. Ол бір жаубында:

«1928- жылдың мамыр айында мен Тоқманбаев Бақайдың тобына қосылған кезімде «Майтөккен» деген жерде оған Кеншімов Мәдібек келіп жолықты, қасында Кентеев Жарқынбек бар, винтовкамен қаруланған. Менің көзімше олар өзара кеңесуге кірісті, әңгімеге Кеншімов, Кентаев, Тоқманбаев пен менен басқа Бақай Тоқманбаевтің інісі Өмірзақ қатысты. Сол кеңесте Кенішмов: «Қызылордада сонау патша тұсынан бері, менің болыс кезімнен жақсы қарым-қатынас жасап, дәмдес болған адамым Сәкен Сейфуллин тұрады, ол барлық өлкелік жауапты қызметкерлермен аралас-құралас жүреді. Ол хат арқылы маған сәлем жолдап: байлар мен болыстарға тәргі жүргізіліп, олардың мал-мүлкі тартып алынады, сондықтан да бір нәрсе бола қалса қашып құтылуға дайын отырыңдыр - деп ақыл беріпті. Сендерде де қарулы адамдар бар, сендер бытырап кетіп жүрмеңдер, бірге болыңдар. Егерде Ақмоладан қарулы жасақ шыға қалса, ол туралы хабар алысымен сендерге қосыламын, содан кейін бірігіп соғысамыз- деді»- деп жауап беріпті.
Бәрі де шындық болар. Алайда, қазақтың осал жерін дәп басқан тергеушінің тақыстанған тәсілінің бірі айыпкерге сөз арасында: сен ананы білесің бе, мынаны білесің бе?- деп шырға тартады. Қай қазақ сөзінің артын бағып сөйлеген және елге аты шыққан адамды білмейтін қазақ бола ма. Сөйтіп суыртпақтап отырып, өтірік-шыны бар белгілі бір адам туралы кәдімгідей «қылмысты мәлімет» жинақтап алады. Мәселе оның растығында емес, ілікке себеп болуында жатыр. Ар жағын қалай шырматуды тергеушілер білген. Дәл осы жолы тұтқындаудың реті келмесе де кейін бір қайта соғуға негіз болары анық. Араға он жыл салып барып дәл осы (ІҮ том. 119-бет) «айғақ» Сәкен Сейфуллиннің алдынан шығады, оның атылуына себепкер болған үш айғақтың бірі - оған өз ауылынан жазылған «домалақ арыз» екені зерттеушілер мәлімі. Қайдағы домалақ арыз, оны кім жазды? Демек, ақынды қарауылға алған кезде бұрынғы ОГПУ-дың заманындағы әріптестері жүргізген «Алаш орданың» ісін НКВД тергеушілері бір сүзіп шығып, хаттамаға түсірген. Ал ол кезде Кеншімов Мәдібек атылып кеткен еді. Ендеше, «халық жауының» досы С.Сейфуллин халық жауы болмағанда кім болады. Қашып кет дегенде қайда бар деп отыр, әрине, Қытайға, Қытай арқылы Жапонияға кет - дегені. Міне, сондықтан да Сәкен Сейфуллин «жапон импереализімінің агенті» болып шыға келген. Ал енді сонау жиырмасыншы жылдардың басында Сәкенді тұтқындау ОГПУ-дің, нақтылап айтсақ, Голощекиннің ойында болды ма? Болды. Өйткені, «сәдуақасовщиналармен», «меңдешевщиналармен», «ходжановщиналармен» қоса «сейфуллиновщиналардың» бар екенін өзінің баяндамаларында шүйіле «әшкерелеген». Демек, ОГПУ-дің қызметкерлері мұны тікелей нұсқау деп түсінуі заңды. Біздің ойымызша Сәкенді бұл шырмауықтан құтқарған оның «Тар жол, тайғақ кешуінің» дер кезінде шығып үлгергені. Өкінішке орай, бұл шығарма «Алаш орда» азаматтарын жариялы түрде қаралаудың бір құралы болды. Олардың алды атылып кеткен соң, 32-жылғы ашаршылықтан кейін Сәкен азамат ретінде қатты өкініп, төңкерісті «Асау тұлпарға», «Қызыл сұңқарға» теңеген ақын кеңес өкіметін арыған «Қызыл атқа» теңеп дастан жазды. Бұл үлкен батылдық еді.

Кәкен Мұқанов енді тікелей Дінмұхамедке қарай ойысады. Ол бұдан әрі арқанын былай еседі:



Кәкен Мұқанов: «Мәдібек Кеншімов «Қара Ноғайды» ұстап әкелді де ауылға ағайынды Әділевтерді шақырып алып, оларға: «Сенің екеуің де компартияны жақтайтын, оның тілін білетін оқыған адамсыңдар және біздің де жауымыз емессіңдер. Біз тұтқынға алған «Қара Ноғайдан» көп олжа түсірдік, оның ішінде қару-жарағы пайдалы болып тұр. Оның хатшысы жараланған. Егерде Қара-Ноғайды босатып жіберетін болсақ, онда барған бетте барлығын өкіметке жеткізеді де содан кейін бізді қудалауға салады»- деді. Кеншімовтың бұл сөзін Бектұрсынов Божан мен Әділевтер қостап: Қара-Ноғай Ақмола мен Сырдария губерниясының шекарасын анықтау үшін келді. Ал біз міндетті түрде Сырдария губерниясына қарауымыз керек. Қара-Ноғай ондай мүмкіндікті бізге жасамайды. Сонымен қатар мұның заттарының ішінде бізге өте қат нәрселер бар,- десті» - деп көрсетеді.
Демек, Қара-Ноғайды ұстаған Кеншімов Мәдібектің жігіттері. Діншені олар кейін шақыртып алған. Бұл жөніндегі оның өзінің пікір де осыған сай келеді. Қара-Ноғайдың оқиғасын Діншенің өзі түгелдей түсіндіріп берген. Бұл оқиғаның түбінде де сол баяғы рулық қақтығыс жатыр. Әрі терең саяси астары да бар. Ол туралы Смағұл Сәдуақасов пен Сұлтанбек Қожановтың арасындағы айтысты алсақ та көзіміз жетеді. Қазақ республикасын құру туралы іске Смағұл Сәдуақасов қарсы болған. Ежов болса «республиканы жақтаған». Неге? Оның астарында үлкен отаршылдық пиғылдың зілі мен аярлығы жатыр. Мұны Әлімқан Ермеков өте дәл әрі нақты дерекпен келтірген. Кәкен Мұқанов «Қара-Ноғайдың өлімі» туралы былай дейді:

«Қара-Ноғай Шу өзенінің сағасындағы Ұланбел деген жерде мұздың үстінде атылды. Жоғарыда аты аталған адамдардың барлығы сол арада болды, Қара-Ноғайды шешіндірді де Жайлаубай мен Жексенге ату туралы бұйрық берді, олар айтқанды істеді. Олардың денесі мұзы ойылған ойыққа тасталынды. Оларды Қара-Ноғайдан алынған үш баспалы винтовкамен атты. Атылғандардың киімін Жайлаубай мен Жексен алды. 30-ға жуық винтовка қолға түсті, қалған заттарды сол арадағылар бөліске салды. Ал Бектұрсынов Божман әңгіме арасында маған: мен Кеншімовтің кеңесшісі әрі биі боламын, менсіз Кеншімов ешқандай шешім қабылдай алмайды - деді. Байсейіт өзін-өзі атып өлтірген соң (демек ол өзіне қол жұмсау арқылы түрмеден құтылған болды-ғой – авт.), қалғандары ұсталған соң олар өзара келісіп алып, барлық кінәні соған артпақ болып келісті, өздерінің қылмыстарынан бас тартты»- деп көрсетті. Істі тергеген – Попов».
Бұл жауаптан біз Байсейіттің атылып өлгенін білеміз және барлық кінәні соған арқалатуға уағдаласқан. Соңғы уәж шындық па, жоқ па? Тергеушілердің айлакерлік тәсіліне салып, өзгелерді құтқармау үшін Кәкен Мұқановқа осылай айт деп мәжбүр етуі де мүмкін. Сондай-ақ оның орысша хаттаманы оқи алмайтынын да ескерген. Ендеше, бұған сенуге де, сенбеуге де болады. Оның анық-қанығын енді білу мүмкін емес. Дінше - Дінмұхамед Әділев: Қара-Ноғайды атуға ағамыз Байсейіт екеуміз қатыстық- дейді.

Бұл іске тек қана орыс немесе еуропалық ұлттардың ғана өкілі тергеу жүргізбеген, сондай-ақ қазақтар да араласқан. Кейбір тұстарда олардың «тыңшылық тәсілі» заңды белге баса отырып жүргізілген. Солардың бірі - Сайтбатталов. Ол ОГПУ-дің Шығыс бөлімінің бастығына көкек айының 13 күні былай деп «құнды мағлұмат» жеткізген:

«Шығыс бөлімінің бастығына

Өкілдің көмекшісі Сайтбатталовтан мағлұмат.



1929 жылы наурыздың 13 күні Әбдікеев Бітімбайдан жауап алған соң оны абақтыға жаптым да өзім есіктің артында тұрып тың тыңдадым. Бақай Тоқманбаев есіктің алдында тұрып: Сен не деп жауап бердің?- деді. Алайда Біітімбай менің есіктің сыртында тұрғанымды біліп, дымын шығармады. Сол арада бір сағат бойы тұрдым. Сонда ғана барып Бақайдың сұрағына жауап берді. Көрші камерадағы Бақайға қандай сұраққа нендей жауап бергенін айтты, алайда оның сөзін Бақай ести алмады. Сондықтан да ол іргелес камерадағы Даярбеков Жандарбекке: сен бәрін де естіп алып, сонан кейін маған айтарсың – деді. Бірақта Бітімбай Бақайға қарата сөйлей берді. Ол: Мен бұл жолы оларға жалған жауап бердім. Кәкен бәрінде мойындапты, екеумізді бетпе-бет кезіктірді - деді. Сонда Даярбек: мен туралы ештеңе сұраған жоқ па?- деді. Бітімбай:- Жоқ,- деді. Сол кезде Бақай есікке кеп айқайлап Кәкенді шақырды да:- Жарайды, мойындаған екенсің, бірақ не дегеніңді айтшы, енді бұл істің беті теріс қарады деп есепте. Тым құрымаса сөзіміз бір жерден шықсын, қайсысын айтып, қайсысын жасырып қалдың?- деді. Оған Кәкен:- Білгенімнің бәрін айттым - деді. Сонда Бақай:- Өткен жылғыларды қозғап қайтесің, осы соңғы жылдың оқиғасын айтсаң да жетеді - деді. Бітімбай олардан: мен туралы ештеңе дей көрмеңдерші, мені араластырмаңдаршы- деп жалынды. Ал Бақай болса: біздің сөзіміздің бәрі бір жерден шығуы тиіс, тек соңғы жылдың оқиғасын ғана айтатын болайық- деді дауыстап».
Бір сағат бойы тың тыңдап, қай күйіндісін қайырғанына таңданатын ештеңе де жоқ. Сонымен, кімнің жауабына сенеміз? Кәкен Мұқанов қа ма, Биттібай ға ма? Зады, Бақай барымташы өзінің сөзінде тұрып: «Сарысудан 4 жылқы барымталағаным рас. Ал қалған пәле-жалаңды білмеймін»,- депті. Енді куәлікке Қара-Ноғайдың жасағында болған, 32 жастағы Ақмола уезіне қарасты Сарыарқа ауданының азаматы, жалдамалы жұмысшы Көлбаев Өтелбай тартылады.

Оның айтуынша: 1922 жылы қазан айында салық төлемеген байларды іздеп және екі губернияның шекарасын анықтау үшін арнайы қарулы жасақ жасақталыпты. Олар 5 адам екен. Оларға 1000 оқ, 3 үш баспалы винтовка, 2 тапанша беріліпті. Содан 7 тәулік бойы жүріп отырып Шуға жетіпті. Кеншімов Мәдібек оларға арнап қой сойып күтеді. «Ел көшіп кетті. Салық жию қиын»- дейді. Ол бұдан кейін Әділев Байсейітке «көмектес»- деп хат жазып береді. Сол арада бұлар Әулие-Атаға шекара жөнінде ақылдасуға кетеді. Онда 20 күндей жүреді. Бұларды басқа жаққа жұмсайды. Содан Әубәкіровтен хат алып, 5 күннің ішінде жетеді. Таңға жуық бұларды 400-дей (кей көрсетінді де 200) адам қоршап алып: «Қаруларыңды тапсырыңдар» депті. Жаңа келгендермен қосқанда олар 13 адам екен. Қара-Ноғайды (Әубәкіровты - авт.) сол жерде байлап тастайды, хатшысы Шалды атып жаралапты. Мұны істеген Әділев Байсейіт пен Мұқыш екен. Оларды Құрман деген жерге алып келіпті. Әділевтердің милициясы бұларды қарсы алады. «Әубәкіров - Сарыбайдың досы, босат»- десе Әділевтер босатпапты. Содан 7 адамды Әулие-Атаға әкеледі. 2 айдан кейін босатыпты. Содан Ө.Көлбаев Сарыарқадағы Жамал Тілеуқабылова деген қызға үйленіп, сонда тұрақтап қалады. Жақын-туғаны жоқ екен. Әубәкіровтың жасағында 20 үш баспалы мылтықты Әділевтер алып қалды дейді. Сайтбатталовтың сұрағына берген жауабы осы.



Әрине, Қара-Ноғайдың елді талан-таражға салғаны, әйелдерді зорлауы да айтылмаған. Жалпы алғанда олардың мұндай әрекетке баруы мүмкін бе? Мүмкін. Оның себебі, жасақтың ішіндегі жалғыз басты жұмысшы жігіт қайтар жолында Жамал атты қалыңдық тауып, соған үйленеді. «Кіммен қарайсаң - сонымен ағар» деген. Бұл қыздың Өтелбайға тұрмысқа шықпауына амалы да қалмауы мүмкін. Әйтпесе, қуғын-сүргінде, атыс-шабыста жүрген жасақтың жігіттік құруына уақыты жете ме? Әлде, Дінше - Дінмұхамед Әділев оның осы бір «ұрын баруын» өсіріп айтып отыр ма екен? Алайда, «Қара-Ноғай» деген зорлықшыл туралы Бетбақдалада аңыз көп. Демек, Қара-Ноғай елді расында да сарсаңға салған. Ал 40 жастағы Майлиев Ерке:

«Қара-Ноғайды Мәдібек Кеншімов ұстады. Бақай - байбөрі табынан. Кәкен Мұқанов дегенді білмеймін. Әділев Байсейіт пен Мұқышты да білмеймін. Қара-Ноғайды неге, не үшін атты, оны да білмеймін. Өсек теріп жүргенім жоқ»- деп жауап беріпті.
Бұл өзі сол Сарысу ауданына қарасты №6 ауылдың – Кеншімов Мәдібектің ауылының азаматы. Анықталып келе жатқанындай, Қара-Ноғайды ұстаған – Мәдібек болыс. Өзі қой сойып, қол қусырып қарсы алады және соның өзі қол-аяғын матап, оққа байлап береді. Сонда екі-үш айдың ішінде неге өзгере қалған? Демек, Қара-Ноғайдың елді шулатып, зорлық-зомбылық көрсетіп, қорлағаны расқа шықты. Сондай-ақ, Кеншімов оны өлтірмей Байсейіт пен Діншеге: Сендердің коммунистерің. Не қылсаңдар да өздерің біліңдер - деп сауға беріп тұр. Демек, Қара-Ноғай Мәдібектің елінің намысына шындап тиген. Әуел баста онымен кектесетін еш басараздығы болмаған. Тергеушілер қалайда қылмысты тереңдете түсуге тырысқан. Бақайдың ақылын бәрі ұстапты, артық жауап бермеген. Сондықтан да тергеушілер арандатуға көшкен (ІҮ том. 125-бет). Оны мынадан анық байқауға болады. Әбдікеев Биттібайдың үстінен тергеуші Сайтбатталов бір рет тыңшылық жасайды. Енді сол адам Бітімбайдың камерасында бірге жатқан орысқа «қолқа салады». 34 жастағы Павел Илларионович Золотов, 1929- жыл, 19 наурыз күні:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет