Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Нұр сипаты Өлеңдер, әңгіме, һикайалар, дастан Қарағанды, 2013



бет7/14
Дата30.04.2018
өлшемі4,4 Mb.
#40324
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

КӨКТЕМ МӘҢГІ

Мәңгі көктем, сән көктем, шетсіз, шексіз жыр төккен.

Сәлем саған сый көктем, сені жырмен көмкерем.

Көңілсіз болса, кей күндер,көңілді көктем көркейтер

Күтемін сені жылдарда, қайырлы сүлу көктемдер.

Жарылқа жайсаң жанымды,жасампаз жақұт көктемдер,

Көктемнен нәзік сыр ұғып, Маһаббат мәңгі өркендер. 2004
ӨЛЕҢГЕ

Сен менің бақытым, бағымсың,

Жарылқар жанымды сәнмсің.

Сен менің бүпнім, ертеңім

Жансайа, жандауыс мәнімсің.

Сен маған ақылсьщ, жақынсың,

Мен сенің ән- құсың- ақының.

Мен бүгін биікте шынармын,

Сен маған мәңгілік құмарсың.

Таң барда таң атпай қоймайды,

Күншығар, күнбатар тағы бар

Болашақ сөзіңді толғайды.

Көңілде сағыныш сазы бар.

Өмірдің қысы мен жазы бар,

Сүйемін, күиемін жазып ән.

Тыңдасам сүлу сөз сарабын,

Қайғы мүң сейіліп барады.

Өмірдің көктемі, күзі бар

Өмірдің айнадай жүзі бар.

Сән көктем сал күзді айалар

Сабырлы сайалы назы бар.

Өмірде бүгін бар, ертең бар,

Тағдырға бағынбас еркі бар.

Ойларым жүйткиді жүйріктей,

Қол созым биікте Бақыт бар.
КҮЗ ДЕГЕНІҢ

Осы екен ғой күз дегенің,

Өлеңімнен сені іздедім.

Күн салқыны ширықтырды,

Қызу қанды жүрегімді.

Көңіл сырын күз ұққандай,

Сез білместер тұншыққандай.

Тәтті екен ғой күз саумалы,

Жүректерге күш құйғандай.
ӨМІР НОТАСЫ

Ұмтылмайды жүрек оған

Маһаббат сайа таппаған.

Тағдырыңды толықтырсаң

Жансерік қой ол саған.

Жүрек толқып, елегзиді,

Таппай тағат көңілден

Сүйудің бір бейнесі боп,

Қалпын алды өмірден.

Сөзіңді ұғып сұрқиалы,

Жанарыңа көз тіктім.

Тіліңде у сөзің майда,

Енді өмірден не ұқтың?

Тәтті ұйқыда тамсанғандай,

Тағдырыңды таппадың.

Құдай берген бақытыңа,

Неге балта шапқаның.

Жақсы өмір жанға қуат,

Жадыратар жаныңды.

Тағдырыңа жазылған нұр,

Сәуле шашып, мәңгі жүр.

Тағдыр сені табыстырып,

Көңіл жетер жар сүйдің

Өмір зайа кетпес үшін,

Жүрекке адал мән түйдің.

Табысса таза тағдырлар,

Іңкәр жүрек басылар

Маһаббат өмір нотасы,

Әніне жүрек қосылар
ТОЛҒАНЫС

(Размышление)

Көне көз Дананы,

Көсіле сөйлеген Көсемді көріп,

Ойланды Жастық.

Ойланды да,

Сауалын қойды жасқана:

-Ата, ақырзаман осы ма?-деді Жастық.

Үлкен қоңыр қой көзі сәл күлімдеп,

Сұрай білгеніне разы боп,

Данышпан ойлы,

Сабырлы салқын пішіңде,

Үңіліп жастың көзіне

Салиқалы тіл қатты:

-« Бастаманың басы жоқ,

және оның жоқ соңы»,

Сөзін қариа Дананың...

Болса,егер,бұл соңы,

Неге қарт соңы болмасқа?

Желкесін жастық қасыды,

Терін сүртіп маңдайдың.

Бастама бассыз бола ма,

Басталды қайдан басы оның?..

Бір күндер Жастық қартайды.

Тұлғасы дана мәңгі есте

Соңының соңы жоқ, - деген.

Бұрынғыдай соңынан

Басталды тағы жаңасы

Бастаманың басы жоқ,

Жоқ оның әлі соңыда...

. . . Қартқа басып кіл жастық

Айналды әже - атаға

Қадірлі қарттық, мол ақыл

Табысты жастық соңында.

Осы екен ғой байағы

Дана сөзі даланың

«Бастаманың басы жоқ,

жоқ екен оның соңы да,-

деді ішінен қайталап.

Қартқа тартқан сол Жастық-

«Өмір ғажап жүйткіген,

Дүние мәңгі диірмен,

Айналады тынбайды,

Айнымайды күйінен»,-деп,

Түйді ойын санамен. 2005



МАТА (КЕЗДЕМЕ) ЖАЙЛЫ

Айрылдықасыл қамқадан,

Күлдәрі, жанат, мақпалдан.

Жасанды мата қаптады

Денеге бізін қадаған.

Қамқа кигенқыздарым,

Үлбіреген күлдәрім,

Бір - бір үштау көзімнен

Мауыты, қүндыз, кәмшәтім.

Күмістеген көк шолпым,

Үкіленген ақ топым,

Ертегі болып барады

Қынама б а р қ ы т бешпентің.

Бүрмелі көйлек белбеулі

Кеудешесі ақтүлкі

Құндыз,бұлғын тақиа

Кетер ме екен бақиға.

К і с е л і белбеу жарасар

Жігітке сұлу мүсінді

А л т ы н мен аптап к ү м і с т е п

Ертоқымы келісті.

Сусарбөркі басында

Құмай тазы қасында

Аңшыл да, әнші серілер

Парасат толы сезімдер,

Қайта оралшы, фәріштә?!



Маталар: Күлдәрі - үлбірек таза жібек (шифон);

Қамқа - алтындаған, не күмістеген зерделі жібек мата;

Манат —бағалы шұға, сырт киімдік мата;

Мақпал —пүліш (плюш), тығыз тоқылған,түгі

Қысқа,өңі тегіс, жылтыр.

Үлбір асыл аң терілері (меха):

Бұлғын - (соболь)
Құндыз - (бобер)

Жанат, тарбақ - суыр тарбақ

Ақкіс, кәмшәт - (куница)

Сусар, аңтатыр - (ондатра)

Күзен - (хорек)

Ақ түлкі - (белая лиса)

Алтайы қызыл түлкі- (красная лиса)

Қарсақ - (қарсақ)

Зорман - қарсаққа ұқсас,одан жүні қалың, қара қылшығы

қысқа, сирек, сәл қоңырқай

Мәулім - тағы орман мысығы (дикая кошка)

Біздің қазақ қалқы зейін зерделілігінің арқасында асыл матаны бөзден ажырата білген әрі асында асыл матаны тұрмыс тіршілігіне қолдана білген, матаның қадір қасиетіне орай, болғасын дұрыс межелеп, әр матаға лайықты ат берген:

Шөжім - іш киімдік, арзан, жұқа мата;

Шыт - гүлді, гүлсіз болып келетін мақтадан жасалған жұмсақ жұқа мата;

Бәтес - (Ақ бәтес) ақ шаңқан нәзік ақ үлбір мата

Тібін - әр түсті қалыңша мата

Жібек маталар: - тоқа торғын, қырмызы, құбылайжібек, жолақ жібек, қамқа.

Торғын - қымбат бағалы жұқа жібек таза мата

(Торғын шәлі басында...)

Торқа - ең қымбат кездеме.

Дүриа - жылтырауық тығыз келген жібек

(Дүрия көйлек үстінде)

Патсайы - қалың жібек

Қатипа - жол жолы бар, қалың- жұқасы бар жібек мата.

Парша - алтын мен күмісті парлап, аралас келтіріп,

тығыз тоқыған жалтыраған жібек мата

Баршын - жолақты жібек

Бойақ (бойақтай) – бойлаған кездеме

Бөз(бойан) - бойлаған,

Борлат - қызыл түсті жұқа кездеме

Биқасап - енсіз, жібектен тоқылған мата.

Қыжым - сапалы жүннен тоқылған түкті мата

Паң барқыт - гүлді гүлсіз, алуан түсті болып келетін, паңдана

құбылып, дірілдей үлбіреген құбылмалы, таза, көйлектік мата

Барқыт - құлпырмаса да таза (натуралъный) жіптен сәл

қалыңша тоқылған

Ши барқыт - түгімен түксізін кезек келтірген барқыт қой,

ешкі, түйе жүндерінен де жұқа, не қалың етіп, қажетіне қарай тоқыған (кеудеше, көкірекше, бөкебай, шәлі, бір байлар, шұлық, қолғап, шек- пен,т.б.)

Шұға - таза жүннен өңді өңсіз етіп,тыс киімдікке тоқылған қалың мата.

Мауыт - өңі майда, түкті шұға тектес. Барлық аң терілерінен ғажап киімдер тігілген, ерекшесі. Құлынжарғақ - бие ішіндегі құлынға бес-алты ай болған кезде, соғымға, не ас тойға сойылған, кейде жарып алынған құлыншақ терісінен тігілген тон, өте құбылып тұрады, әрі жеңіл болады (қазірде норка, стриженая норка, щипаная норка дейміз ғой), ол кезде де түрлі аң, мал терілерінен сондай киімдер жасалған. Бұл қалықтың тұрмыс деңгейінің жоғары болғанын көрсетеді емес пе.


ӨМІР, ӨМІР

Бүршік бүрін жарғанда

Гүл қауызын ашады

Күншуаққа шаттанып,

Табиғат тыныс алады.

Өмір сенсіз жүре алмаймын,

Өмір сенсіз күле алмаймын

Өмір, өмір-ай

Гүлге оранып жаз келсе,

Жаным жазбен жадырар.

Жауқазындар, лалагүл

Тау бөктері жамылған

Сен едің өмір амалым,

Сен едің өмір алаңым

Өмір, өмір-ай

Ақ жауыны себелеп,

Айдын көкті арала.

Толқын төсін аймалап,

Ақшағала жағала.

Өмір сені сүйемін

Қүдіретіңе бас иемін

Өмір, өмір-ай.




О, МАТЬ

Велика и неизменна

Наука - этнопедагогика.

В ней сила народная,

Сила материнская,

Как заветная мечта.

И заветы – вечны,

бессмертны.

Великой неизменной,

В науке главная

Это – мать

Это - первое слово,

Это - закон жизни,

Это - космический корабль,

Это - вселенский закон.

Это - небо, это - земля

Это слово -мать

Мать - народ,

Мать - человечество

Это вечность

в вечной заботе,

В вечном труде,

В вечном

притяжении Земли!

О, мать!

Моя гордость, моя любовь,

И ты гордись мною.

Ты вечная, генетическая

Программа человечества.

Вся жизнь вселенная

начинается с тебя

О, мать, любимая,

дорогая моя,

Мама моя!!!


ООВО УЧИТЕЛЕЙ «ҰСТАЗ»

(девиз)


Ұстаз - это учитель учителей,

Ұстаз - это воспитатель детей,

Ұстаз - это гордость людей,

Ұстаз - это энциклопедия мыслей.

Ұстаз - это отец и матъ,

Ұстаз - это советник и брат.

Ұстаз - это милая мама,

Ұстаз - это гордое имя.


МЕН ҚАЛАМ АДАМ БОП...

Жарқырап күн орнына күн болмаспын,

Айдың да ақ жүзі боп мың толмаспын.

Ойым - теңіз, мұқиттай сырым барда,

Тылсым жырдың есігін айқара аштым.

Керемет ғажайып барын сеземін,

Аспан мен тілдесіп, көгалда жүремін.

Өмірдің үзіліп, солғанын көрмеспін,

Жетесіз жандарға көк төрін бермеспін.

Ақылдың жібегін көйлек қып киемін,

Көргенде нашарды налимын,күйемін.

Айрылған Менінен ақымақ көрінер,

Меннің де болады байаны көңлі кең.

Бізден де бұрында Күн нұры төгілген,

Жайқалып көкорай, жемістер сөгілген.

Құлазып көңілің, жүдесе жүрегің,

Өкінбе, толтырар өмір өз шарасын.

Мың сырдан бір сырды көрсетпей жасырып,

Табиғат, Күнсұлу тұрады айласын асырып.

Табиғат құбылып, көк дауыл соқса да,

Жалынды жырыммен мен қалам адам боп. 2011


ТАСТА ДА БАР ТІРШІЛІК...

Таста да бар ғой тіршілік,

Адамның таза арындай.

Үгеді үрлеп ақ желдер

Болғанша ақ тас мәрмәрдай.

Көрсем ғой,шіркін, көзіммен,

Тау Қазан Каррара қаласын

Ертеден даңққа бөленген

Ақ мәрмәр Ақ тау баласын.

Каррардың ақтас мәрмәрін

Әкелсем қазақ далама.

Тұғырлы алып сарайды

Орнатсам арнап балама.

Күнде өтсе балам жанымнан,

Есіне алып анасын.

Ақ мәрмәр алып ақ мүсін

Көрінсе Қазақел таңынан.

Ертеден даңққа бөленген

Ақмәрмәр тауға барайын

Немерем, балам өтсін деп,

Мәрмәрдән көпір салайын.

Көрейін өмір талабын

Мәрмәрдән қала салайын.

Мәрмәрдай әппәқ мақсатты

Ту қылып, төрге қадайын.

Мәрмәрдің мапа мәйегі

Сезгендей көңіл дәйегін.

Ұлпадан түйін құлпытас,

Анама балтас қойайын.

Мәрмәрдан мақсат қалайын,

Мәңгілік мәрмәр болайын.

Сыры мол құпиа жүрекпен

Парасат мүсінін жасайын.

Таста да бар ғой табиғат,

Адамның таза арыңқай.

Тас мүсінде де тыныс бар

Адамның парасатындай.

Жұлдыздар зулап аққандай,

Жасырын жымың қаққандай,

Ақжүрек абзал адамдар

Адал арды баққандар.

Адамдық арым - ақ мүсін

Көңілдің көркі - ақ құсым.

Ақкүмбез - асқақ байтағым

Аққұсым - қазақел айбарым.
КҮЙ ТЫНДА

Күй тында, құрбым, күй тыңда,

Үғасың дәуірлер тынысын.

Күй емес ол бір құлшынған,

Мұһит па дерсің бұлқынған.

Айбыны ой сап көңілге,

Сылқылдал сылқым күледі.

Енді бірде мұң қуып,

Зулайды, зырлап, құйқылжып.

Күй тыңда, жаным, күй тыңда,

Ұғарсың баба мұң зарын,

Қуаныш, қайғы, жеңісін,

Ұққанша, жаным, күй тыңда.

Алуан ойсап жүрекке,

Құйылтар төпеп өткенді

Болашақ бойлап көгімде,

Ойатар талай көктемді.

Күй тыңда, құрбы, күй тыңда,

Бабаның бейнет ғұмыры.

Биікке елді көтерді Бақыт

Күн көктен Нұр төкті.

Күй тыңда, құрбы, есінемей,

Әруаһ жатсын бір аунап.

Бабалар ғұмырнамасын

Береді айтып ежіктей.

Ақзерде ой сап көңілге

Үн қосты күйші әділ, нық,

Қол ұстасып барады

Кәрілік пен Балалық.


ҮНСІЗ ӘУЕН

(Гете ізімен толғау)

Үнсіз әуен мәпелеп көңілімді,

Үңілемін Әлемнің күмбезіне,

Самсаған сақ жұлдыздар жымыңдайды,

Жымыңы күлкісі ме, әлде үні ме?!

Көк аспанның күмбезі шатырым ба?

Жарық Жұлдыз жарылқар батырым ба?

Құс жолымен аулыңа барар едім,

Үнсіз салған әуенді ұғамын ба?

Үнсіз әуен естілді құлағыма,

Сылдыр қаққан асқардың бұлағы ма?!

Көк аспанға мың жұлдыз жарасады,

Шапағымен ақ таңның таласады.

Мың - сан жұлдызақ таңмен таласады,

Шаттық іздеп,бейтарап тарасады.

Үнсіз әуен бой билеп жатыр едім...

Аспан жерге жетіпті аласарып.

Ақ таң жетіп, аспаным аласарды,

Жалғыз жұлдыз ұзамай қара салды

Жүрегімде қалықтап үнсіз әуен,

Жымыңдады жұлдыз боп жастық дәурен.

Бала күн - бал кезімде батыр едім,

Жұлдыз санап, шалқамнан жатыр едім,

Ағып түсті қасыма жалғыз жұлдыз,

Үнсіз әуен, әніңе балқып кеттім!

Әлі іздейді жүрегім сол әуенді,

Таппадым ба,таптым ба сол жұлдызды?

Үкілі үміт арманы аласармай,

Жөн сұрайды Үркерден, жол іздейді.

- Аспанда не бар?

- Жұлдыз бар, Айдай әппәқ.

- Жерде не бар?

- Құндыз бар, тау мен тастақ!

Үнсіз әуен мәпелеп көңіл қоспақ.

Шолпан, Шоқай, Санжарлар, Темірқазық

Шежіресін Жерімнің жатыр жазып,

Жерге төніп Аспаннан Жұлдыз қала,

Жазып жатыр байлығын құндыз дала,

Үлкен менің қуаныш,мақтанышым,

Міндетім де көп менің ақтар ісім.

Бақыт,- деген батырым атқа қонып,

Көк жүзінен мені іздеп, Жерге қондың.

Үнсіз әуен жүректен үзілмейді,

Бақыт,-атты батырым мені іздейді.

Бай болғанша бармақтай Бақыт бер,-деп,

Құдірет әуен Аллаһдан мың тілейді!

Үнсіз әуен жымыңдап қарсы алады

Қуаныш барда қиындық та болады.

Үнсіз әуен мамырлап көңіліме,

Үңілемін Бақыттың кұмбезіне.

Жарық Жұлдыз, жарылқа, батырымсың,

Үнсіз әуен, мәпеле, бақытымсың.

Әуенімен ұғыс дара үннің

Сырын ұқтым ғажайып дала түннің

Қол ұстасып ғашықтар тұншығады

Аймалайды ғашықты түн құшағы.

Асыр салып ойнайды асау толқын

Албырт жүрек аптықса мұң құшады,

Түн құтшады екі жас тұншығады,

Адалдықты аймала түн құшағы,

Оу,Тәңірім! Қара түн, қамықтырма,

Арамдықты адалға жолықтырма.

Көрсетпе сүйгендерге қайғы,азап,

Екі жас маһаббатын етпе мазақ.

Абайла, маһаббатың жүрек қылын

Үзбей шерт деп, айтқан ғой, атам қазақ.

Маһаббатты мәңгілік,- деп ұғыңдар

Берік болсын қос босаға тұғырлар

Шаңырақтың шаттығына бөленіп,

Үнсіз әуен тағдыр мәнін ұғындар!


ГЁТЕ МҰСЫЛМАН

(қошамет, мұңды лирика-ода, элегия)

Данышпан, ақын Гёте,

Мәңгілік қалдың есте

Дарының даңққа бөленіп,

Өлшеусіз жаздың сыр өзге.

Немістен жаны жаралып,

Ақылға қосып талабын,

Сүйсіне оқып, Шығыстың

Сүйіпті ақындар ғажабын.

Зерделеп Шығыс жер бетін

Таныған мұсылман келбетін.

Данышпан мүсін, жас дәурен,

Оқыпты Қазақ құранын.

Құдірет күші жарылқап,

Құраннан бас алмайды.

Аллаһға құлпшлық етеді,

Жадына сап құран сүрені.

Иіліп Ісләм дініне,

Бас қойып тағзым етеді.

Бес парызға жүгініп,

Тәңірге құлшылық етеді.

Бір біліп,біреу білмейді,

Діндерге басқа ермейді,

Ісләмдінін қанықтап,

Сыйынды, Тәңірді мойындап.

Айласын ақын асырды

Шіркеуден дінін жасырды.

Өртенбес үшін тірідей,

Фанаттан ақыл асырды.

Шүкіршілік, Аллаһ!- деп,

Намазға бас ұрады,

Әлем әдебиеті төрінде

Әрқашан Гёте тұрады.

Гётенің өлмес өлеңін

Тәржімалап Лермонтов,

Құдіретті Абай аударып,

Баға жетпес құнды етті.

Қараңғы түнде тау қалғып,

Ақындық асқақ ұғымнан,

Қалғыған таудың маужырын

Ұғыпты ақын тау сырынан.

Құдірет күші әлдилеп,

Өмірге келген сол дарын.

Сезген ау, сірә, Ісләмнің,

Мәңгіпік қасиет қадірін.

Жаратқан да, Жасаған да сезді ме,

Дарынды іздеп, дүниені кезді ме?!

Күн де батар,түн де болар қараңғы,

Мұсылманның руһы шам боп жанады.

Сол дарынды тапты Аплаһ адалдан,

Шын мәнінде дарын мәңгі жаралған.

Тәнін тастап, кеудеден жан шығарда

Үш өсиет артына сөз қалдырған:

Біріншісі -«Иіс сабын, жылы су,

Жусын менің тәнімді.

Ақ шүберек - ақ бәтес

Ақ тәнімді орасын.

Құбылаға басымды

Қаратып мені жерлесін,

Құраннан Фатиһа сүресін

Үш рет оқып жебесін».

Екіншісі - «Дүние жұмбақ опасыз

Өшпес ешкім қапасыз,

Әйелім мен бапама

Тиесілі байлықты

Рәсімдеп қалдырдым.

Қалған байлық кедейге,

Көп балалы әйелге,

Мүгедекке, кемтарға

Аллаһдан болсын мың раһым»

Үшінші, соңғы өсиет:

«Құран Кәрімге бас ием,

Құранымды өзіммен

Көміңдер бірге, төзіммен.

Қабірімнің басына

Жазыңдар мәрмәр тасына:

«Сүйікті неміс перзенті

Жерленді Гёте бұл жерде».

Жаратқан мені жарылқа,

Аллаһдан Ұлы емеспін.

Пәтуасыз өмірдің

Парықсыз құлы емеспін

Бір арман қалды өмірде

Орындалмай ой кешкен

Алланың қасиетті жеріне

Жете алмадым Меккеге»,- деп,

Ұлы ақын, Ұлы данышпан,

«Аллаһ, Аллаһ, Аллаһ!»- деп,

Жұмды көзін мәңгіге!

Мәңгі жарық дүние,

Бір сәт тұнды.

Қос жанардан қос мөлдір

Ыршып жерге

Қос маржандай мөп - мөлдір

Көздің жасы,

Кебе қоймай сол жерде

Ұзақ жатты.

Құшақтаған құраны

Тас құрсауда-

Алақаннан ажырап алынбады.

Аһ!

Мылқау ажал ақын жанын мұздатты



Тар дүниені тастап руһы шың асты.

Фәндәшілік әуресінен босанып,

Бір мұсылман о дүниеге жол тартты. Паһ!

Мәңгі жасар, мәңгі тірлік күн бар ма?

Көк пен Жердің арасы алыс тұлпарға,

Аллһға айан не шарасы Әлемнің

Руһы мәңгі Данышпан Ұлы Ақынның.

Оу,


Данышпан, бітті жерде сапарың

Атыңды атап Әруағыңды қозғадым.

Лермонтов пен Абай, басқа ақындар

Құдіретіңді жырға қосып, мақұлдар.

Па!

Дүние Әлем таныды неміс ақынды,



Құранды оқып, қабылдап дінді қанықты.

Сол қасиет бөлеп Тәңір нұрына,

Шапағатыңмен мұсылман ақынды айала.

Беу!


Биікте руһы данышпан батыр ақынның

Бір құдірет оны ерек жаратқан

Фәндәшілік әуресіне бой салмай

Жер әлемді руһы мәңгі қаратқан.

О, данышпан,

Оу,ақыддар, Ақындар

Тыныштықтра, әруаһтар, жатындар,

Өздеріңе ұқсап тусын Болашақ

Сонда Руһтар биіктейді асқақтап!
«КИЕЛІ КІТАПТЫ» ОҚЫҒАНДА ТУҒАН ОЙ

Күнәсіз, құнды, тәлімді,

Әрлі де, әлді көңілді

Мойнына күнә артпаған

Адамдар мәңгі өмірлі.

Жасаған бізге панасың

Пәледен сақтар данасың.

Қателесіп іс қылса,

Кешірім жаса балаңа.

Ақыл бер үстеп жаратқан

Көз талып, көңіл қалмасын.

Пенделерде қасірет бар

Көңліңнен таса болмасын.

Тәңірім жазсын жақсылық,

Жан- тәнге берсін адалдық.

Есімін Тәңір қайталап,

Адамша өмір жасайық.

Дінсіздікген сақтасын

Адал дін мәні бапталсын

Дін тәлімін сүйгенді,

Тәңір қолдап жақтасын.

Жаратқанның жайлауы

Жасыл құрақ жансайа.

Тұнық суын тұтынсаң

Береді қуат жаныңа.

Ад құста аңсар мөлдірді,

Көңілді сақта көлгірден.

Адам жан-тәні

Тәңірден Адамға сыйла өмірді.

Жаратқан ие қорғайды

Үмітсіз адам болмайды

Аллаһның өзі сыйлаған

Жырымды жүрек толғайды.

Тәңір һақты мақтайық,

Жақсы мінезді сақтайық

Жалқауланып ұйықтап,

Есінеп текке жатпайық.

Жүрекпен сүйіп, сыйынып,

Денсаулық бер деп, қиылып,

Жан сезімімен тұшынып,

Тәңірден медет сұрайық.

Бір емес,талай қарады,

Ажалдан жанды құтқарды.

Түлетіп қайта қырандай,

Рақым, мейірім сыйлайды.

Аспан Жерден биік те,

Бір күш бар,тегі, биікте.

Қорыққан да, қуанған,

Айтады атын тілекте.

Жаратқан жанды Жание,

Әлемге, ғажап, сол ие.

Жарық күнге рақым бер,

Көлеңкеге де бол ие.
РӘББІМ АЛЛАҺ!

Рәббім Аллаһ, дінім Ісләм,

Нәбиім Мұһаммед ғалейһіссалам ?

Жолы бар мұсылманның қырық парыз,

Адал жүрек фэндаңа қылма қарыз.

Жатсам, тұрсам тәубемді ұмытпаймын,

Арамның жиғанына қызықпаймын

Өз шаруам өзіме жетіп жатыр,

Аллаһның ырзығынан құр болмайын.

Жақсыдан жақсы туса шынар болар,

Жаманнан жақсы туса шырақ жанған.

Жамандық жақсыларды қапа қылма,

Аһиретте басыңа сауал туар.
ӨСИЕТНАМА

Кісішіл ғой кісілік,

Ұлтшыл адам - ұлтжанды.

Адамгершілік - адамдық,

Намысшыл да, намысқой.

Дұрысы осылай,біліп қой.

Шылпылдаған шылғилық

Шылғи түбі былшылдық

Не үшін қажет?

Жүрегіңмен сезе біл

Не артық, иәки не кемін,

Не шылық бар, не былық,

Не дөрекі, не дөкір,

Болмасын сөзге ол көпір.

Шылық - былық не керек,

Ұлтжандылық тым қажет.

Адамзаттың ақылы

Ақыл сөзді тасиды.

Би - батырын бағалап,

Атағын ғасыр асырды.

Батыры бағып Бақытты,

Атағы селдей тасыды.

Үш жүзді жиып бірлікке,

Үйретті Елді тірлікке.

Жеті ата білу парасат,

Білмеген оны адасад.

Русыз болма, руды біл,

Қазақтың ырым-дәстүрі,

Ырымы қазақ қасиет,

Бабадан қалған өсиет.

Жетесіз желік күйлесе,

Қай қазақ оған бас иед

Құрмет тұт жеті бабаңды,

Туысқа сыйла жылы сөз.

Қазақ руһы қалықпен

Өмірде мәңгі қалады.

Достық пен бірлік тоғысса,

Мерейі үстем болады.

Өмір үшін шөлдеген

Жақсылық пен пейілден

Жүректердің сусыны

Раһат тауып қанады.

Осыны жазған ақынның

Шырағы мәңгі жанады!


ТҮН - ӘТКЕНШЕК

Түн ұйқыда.

Тек, мен әлі ойдамын.

Ақыңдардың әлеміне бойладым.

Жыр - әткеншек тербетеді даланы,

Жүгіреді менің жүрдек қаламым.

Түн сабырлы.

Терезеде айдың жарық сәулесі,

Таңғажайып ғаламның сыр - дәурені.

Даналардың асыл сөзін топшылап,

Тербетілген әткеншектей әуремін.

Түн тамаша.

Таң да жақын қалыпты.

Жан - тәнімде шаршаңқырап қалыпты.

Түн - әткеншек тербетеді әнімді,

Ұйықтайын дамылдатып жанымды.


БІР ӘРІПТЕН СӨЗ БАСТАЙЫҚ

Ұлытаудың ұлдары

Ұлытаудың ұланы,

Ұста ұлды ұлықтап

Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет