Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Нұр сипаты Өлеңдер, әңгіме, һикайалар, дастан Қарағанды, 2013



бет14/14
Дата30.04.2018
өлшемі4,4 Mb.
#40324
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Жейді салып аузына.

«Жеті атасын» сақгағандай,

«Қыз» алады көршіден.

Азғын адам бейнесі,-деп,

Ұқсатады адамға.

Жұптасқаны пәтшағардың

Аумайды екен адамнан.

Осының бәрін көріп, білген,

Тарбаған - суыр өмірін көрген.

Сондықган қазак жемейді етін

Дертке қуат, ауруға ем деп.

Септігі көп денсаулыққа,

Осыған не жетеді, -деген,

Тарбақ емші,кенші,елші,

Біледі қазақ, жетелі екен

Жүні сарғыш, жоны қоңыр,

Құйрығы қара, бауыры ақ.

Тұрқы шағын, мыртық айақ,

Алдыңғы айақ қолға ұқсас.

Алдынғы тісі шығыңқы,

Бет қимылы адамдай.

Шаңқылдаған дауысы ашшы,

Жылайды екен баладай.

Тастақ жерден, борпылдақтан

Суыр інін қазбайды,

Қатты жерде жұмысы өнбей

Ит құсқа жем болмайды.

Аппақ тапқан көмірді де

Тарбақ қазып шығарған.

Шыңғыстауда ін аузынан,

Табылған тас пайза* болған

Ғылым тілде пайымы

Тарбақ екен кенші,емші,

Аңшылардың, ғалымдардың

Толық бұған дәлелі.

Осындай аңды бағалап,

Тариһын жазган галымдар.

Бұлда білім ойлаганға

Санаға ілім салыңдар!

АҚҚҰС


(гибрат)

Алыстағы асқар шыңның басында,

Мекендепті армандай бір сұлу құс.

Сол өңірде эн шырқайды төгілте,

Әнқріарлар сусындашы өмірде.

Шың басынан ән естіліп, төгілген

Ой толқиды сұлу Аққұс әнінен,

Тау мүлгиді, жел тыншиды елірген,

Аң аңырып, егілді аспан көгінен.

Құстың әсем әнін аңсап пенделер,

Жиналады асқар шыңның баурына,

Жиналғандар күтеді екен апталап,

Келгенінше Аққұс әнші бабына.

Әнге ынтық, жиналған ел-жүртына

Аққұс үшып шығады екен үйадан.

Сылаң қағып, шыңға ұшып, тау асып,

Сайрайды екен әнге салып құлпырта.

Шырқайды Аққұс биік Әлем төрінде,

Самғай ұшып ашық аспан көгінде,

Маһаббаттың қуанышын,бақытын,

Шерлі жүрек жалғыздығын, қайғысын,

Пайза-һан Шыңғыстың өз жазушыларына беретін белгісі (жетоны) болған.

Ән құдіретін ұқты ғажап табиғат,

Жан-жануар құс әніне табынад

Шер жүректің шерін басса әнімен

Сөнген жүрек ойанды үлкен сезімнен.

Маһаббаттың нәзік қылын шертеді,

Әні сұлу, маһамы бір ертегі

Осылайша үмітке от жағады.

Жиналған жұрт бір раһат табады.

Сұлу әннен дала гүлге оранды,

Тал, қайыңдар бүршіктерін жарады.

Аққұс әні жадыратып жаһанды,

Адам азат, Отан тыныс табады.

Арам пиғыл, қызғаншақтық қалған ба?

Ішітарлық та бел алған ғой жалғанда.

Аққұс даңқы Қарақұсқа жетеді

Жүрегі сыздап, кеудесі толды.Не етеді?

Өзінен басқа болмасын деп, жақсы құс,

Ұшып қонып байқастады маңайды.

Әнші құстың даңқы асқанын қаламай,

Қаһарға мініп, құса болып, аңдиды.

Аңдыған жау алмай,сірә, қойар ма,

Қарақұстар қара жүрек айар да.

Аңдуменен ұстап алып Аққұсты,

Бақастықпен өлтірмек боп тұрады.

Ақылды Аққұс тіл қатады жауына,

Бір датым бар, рұқсат бер, расында:

«Ен болмаса, қоштасарда өмірмен,

Соңғы ән салып өтсем өмірден?»

Аққұс әні ғашықтарды елітеді,

Маһаббаттың жүрек қылын шертеді

Мұндай әнге Қарақұста елжіреп,

Меңзең,мүлгіп, беймаза күй кешеді.

Әнші сұлу Аққұс ақыл табады,

Ән құбылып, жүрек сырға толады.

Қош бол,-дейді Қарақұсқа, қамықпа,

Жақсылыққа арамдық жол тауып па?!

ПЕНДЕ. ҒҰМЫР. ДҮНИЕ.

(қалау байаны)

Пенде ғұмыр дүние

Талаптыға ой салар.

Пенденің жетпей есебі,

Аллаһ біледі,- деседі

Пенде ғұмыр дүние

Көшіп, қонып жүреді.

Өмірге бірі- ғашық боп,

Біреулері есіп, бөседі

Өлеңді құлай сүйемін,

Өмірге сонша ғашықпын,

Пенде ғұмырға қарамай,

Ебі жел болып ағыппын.

Өмірге терең бойлаған,

Білмедім пенде ғұмырды

Жеткізе алмай дүниені,

Жеткізер жеріне пендені.

Жалынды өмір жастықта

Өтерін ғұмыр білмейсің.

Өмір мәңгі болса да,

Ғұмырды мәңгі сүрмейсің.

Жақсыны талай жоғалтып,

Жанарларға жас тұнды.

Жазмыш солай болған соң,

Пенде ғұмыр аһ ұрды.

Аллаһға айан есебі,

Өмірден кімдер көшеді.

Талай ақын, баһадүр

һош болып, көшіп кеткені.

Жақсының сөзі артында

Қасиет, қадірі қалады.

Жұрағаты еске алса,

Қабірі нұрға толады.

Жүректің талай бұлағы,

Тереңде қалды-ау аршылмай.

Өлең-жырдың көмбесі

Ұрпаққа жетеді таусылмай.

Бізден де қалар талай жыр

Ақтұма болып ашылмай,

Сол бұлақ көзін қайнардың

Уақыт ашар жасырмай.

Ақын - намыс перзенті,

Бақыттың батыл бастауы.

Шындығы - шаттық жемісі,

Наркескен сөзі баптаулы.

Ақыл-ойдың безбені,

Ақын - көркемсөз еңсесі

Еншісіне бұйырған

Сөздердің асыл термесі.
Пенденің бар-ау, көрмесі,

Өмірдің бар ғой бермесі.

Ақьін нұрдан жарал

Ақынға өлім бермеші.

Кешпеген ғұмыры болса да,

Тұғырға шықсын таланы.

Өлеңі өксіп талмасын

Ақындар атаусыз қалмасын.

Кіршіксіз құрмет ақынға

Бұйырмас, кейде тірлікте

Бәрібір ақын өлмейді

Ғұмырлы өмірі бірлікте.

Ірі тұлға - ол - ақын,

Намысты сөзбен жаныған

Өлеңге іңкәр өмірі

Әлемге ғашық құлпырған.

Руһы биік ұрандай.

Мінезі кейде бұландай.

Арыстандай арқырап,

Жасындай жанар жарқылдай.

Ақындар жайлы аңыз көп,

Тап басып таны талантты.

Ақынсыз ғұмыр - пенделік,

Ақынын Аллаһ жаратты.

Пенде ғұмыр дүние,

Ақын сөзін сүйіңдер.

Тастаса отқа жанбайтын

Асыл сөзін түйіңдер.

Жауда ақынды алмаған,

Пенделік отқа салмаған.

Айылын жиып, патша да

Ақынға жала салмаған.

Пенделі өмір ғұмырлы,

Ақындар- құлы өмірдің.

Аллаһның сүйген құлдары,

Сүріңдер өмір ғұмырлы!

СЕРІ АҚЫН-АҚАН

(жыр-дастан)

Атыңнан айналайын Ақан сері

Жалғапсың ата дәстүр серілікті.

Қарауыл Арғындағы сен болмасаң,

Серілік қасиетін кім біліпті.

Таныдың арабша оқып Әліпбиді,

Алмадың тоғышарлық табиғатың.

Сүйсініп дос, дұшпаның бұғып жатты.

Он үште сауатыңды сабақтадың.

Серілік жарасады ақылдыға,

Кіршіксіз, бекзада өмір, алғырлық та

Көкшенің көгілдірі көз байласа,

Серілік сөз болады ерек жайда.

Өмірі кіл ертегі серілердің

Сұлулықты серіден көрді жұртың.

Екпіндеп, желдей ескен жұмбақ өмір,

Секілді жалпақ жұртқа жат мінезің.

Сөз сұлу, өмір кербез егіздейін,

Серілік перілік қой дегізбеймін.

Фәрішта, сұлу сымбат, таза көңіл,

Сонымен тариһ сөзін негіздейін.

Жүйрік ат, құмай тазы, алғыр бүркіт,

Дос жігіт, нөкерлері жанына құт.

Мінгізіп бірдей бедеу, бүлде киіп,

Жігіттен жиырма нөкер алды жиып.

Жүргенде жігіттердің алдын бастап,

Боз киді, мінсе ерттеп бозды баптап.

Басында бұлғақтаған үкілі бөрік,

Біресе қара ат мінді мақпал киіп.

Қолына домбыра алып әнге салды,

Күрсінтіп сұлулардың пәсін алды.

Біресе торы мініп, күрең киіп,

Бұлбұлдың үнін салды тамылжытып.

Нөкерің бәрі әнші, һас палуан,

Ақанның әні өзгеше барлығынан.

Даланы күңірентіп, ән салғанда,

Көкшенің биігінде шынар тұнған.

Тау-тасты күмбірлетті Ақан әні,

Аңырып, тыңдай қалды орман таңы

Өрмегін өредегі кемпір жиып,

Кестесін сұлу тыйып,билігін би тоқтатты.

Сүймесе тыңдар ма еді қалың елі,

Тау-тасы, орман тоғай, нулы белі,

Лақап ат, Сері,- деген елі беріп,

Ақанның әні-ай, деп тамсанды елі. ..

Атасқан Бәтима қыз қолға қонды,

Он жылда ұл-қыз келіп үйі толды.

Серілік сергелдеңге пгідер түсіп,

Сайраңдаған сері күн арман болды.


Серілік жоқтатпады Бәтиманы,

Әуезі - алғыр қыран, құмай тазы.

Жанымен жақсы сүйіп, баптайтыны,

Ақанның Еркекері жүйрік аты.


Жылына жүз түлкіні қанжығаға

Байлатқан Қараторғай бүркіті,әні.

Қысында жуан тоғыз қасқыр соққан,

Базаралы иті де көкжал мәні.

Атағың жерді жарды сері Ақан,

Аруға Ақтоқгыдай көңілі ауған.

Аспаннан тілегенің жерден тиіп,

Құлагер ат ерегі түсті қолға.

Қалдырып сері жайын, айалдайын,

Ол кезгі жақсылықтың бәрі уайым

Танылған арғымақтық ат басынан,

Апай төс, салпы ерін, құлын-тайтын.

Құлагер құлын күннен бұла жүрген,

Еркесі көп жылқыдан ерге тиген.

Күртікте, қар үстінде тиген жерге,

Өлген малдай серейіп, ұйықтайды екен.

Бараңды тай күнінде сыншы көрді,

Әбілторы нақ сыншы баға берді.

Тұлпардың тұлпары әбден болады деп,

Әбіл сыншы сыналы сөзін терді.

Құлагер дөнен шықты дүрілдетіп,

Алдына қара салмай дірілдетіп.

Жүз сомға сатып алған үркеркері.

Бар аста қара салмай дара келді.

Ақан - сері, Құлагер - тұлпар еді,

Ақан десе білді жұрт Құлагерді.

Аузымен аспанда ұшқан құсты тістеп,

Барлық ас, әрбір тойда озып келді.

Ақынның жаны сұлу, күні сері,

Ойына Үрқиадай түсті пері.

Қосылды Ақан сүйген аруымен,

Үш айдай жүрді дүние дауылымен.

Ұрқиа шешек шығып, дүние салды,

Сандалып қаражерде Ақан қалды.

Жаратқан жұмыр басты жұдырықтап,

Жақсы көрген інісін және алды.

Үстіне қасіреттің қасірет қосты,

Маһаббат жүрек жазар, деді,тосты.

Айналып Ақтоқтыға келсе иіліп,

Шағы екен ұзатылар сәуке киіп.

Ақтоқты ризалық білдірмеді,

Өкпелі, бүрынғыдай күлдірмеді.

Қалайда Ақтоқтыны алмақ болып,

Улы өлеңмен айнытпақ көңіл-күйді.


«Бәрекелді Ақтоқты тапқаның ба?

Жібектен шоқ шекеңе таққаныңа

Бұдан артық Құдайдан не тілейсің,

Шолақ қасқыр түсіпті қақпаныңа»,

Мысқылдады күйеудің кемін айтып,

Тыңдамай, ару қызды алып қашты.

Ризалық көңіл күйін танытпастан,

Өкпелеген Ақтоқты қайрылмады.

Ашумен сүбесіне сапы салды,

Жаралы, өлмей ару тірі қалды.

Атасқан ақсағына қыз қосылып,

Серіні ыза кернеп, ашу басты.

«Ақтоқгы кеткенің бе, шыныменен,

Бал бердің талай жерде тіліңменен.

Басынды Сарымида кесіп алып,

Өміріме даулассамшы құныңменен.

Дарианың қайраңында, қалқа бала,

Зарланып, эн шырқаймын,уайым дара»,

Деп Ақан толғанады, запа шегіп,

Жерге төкті көзінің жасын егіп.

Дегенде, қалқа бала,қалқа бала,

Жүректі тілгіледің салдың жара...

Амалы таусылады, торығады,

Көз жасын төгіп, төгіп оңашада.

Серінің көңілін кім көтереді,

Жануар Құлагері қабақ керді.

Қос ардақ тойдан асқа табан тіреп,

Сағынайдың асына келді сері.

Барақбайдың ішінде қаны қатқан,

Үндемей тілін тістеп, ернін жапқан.

Асында Сайдалының дара келіп,

Құлагер алда болып, жұлдызша аққан.

Барақбай қатуланды қанын тартып,

Жұмсады бір арамды иек артып,

«Алдыңғы ат бараң болмай, қылаң болды»,

Көлденең қапылыста дұшпан бақты.

Ел шулап, гуілдесіп, жат жылады,

Арамның соққысына не қылады?

Дүшпанның қастығына айла таппай,

Сорлы Ақан қара көзден жас бүлады.

Күні-түн күңіренді Ақан сері,

Құшақтап, басын сүйеп Қүлагердің.

Күйінді осы асқа келгеніне,

Ерейменде қара бұлт төнгеніне.


Жарығым Құлагерім, сандалкерім,

Айтамын не бетімді туған жерім.

Көкшенің сайасыңда сайрандамай,

Ерейменге сені алып, неге келдім.

Мал да болсаң адамдай есті едің;

Шабарда көз жасың ды көріп едім.

Басыңды төмен салып жас бұршақтап,

Жануар бір сұмдықты сезіп едің.

Айналдым, жануарым, еркекерім,

Боларын жамандықгың біліп едің

Серілік есерлік пе, ескермеппін

Жануар адал досым Құлагерім.

Жарығым Құлагерім қолдан кетті,

Дұшпанның қастығымен қаза жетті.

Тарақты, Қанжығалы, Керей, Алтай,

Қуандық, Сүйіндік боп намыс етті.

Қырмызы, қарақұлпы құйрығың-ай,

Сурылып тойларда озған жүйрігім-ай.

Жеріне Ерейменнің айдап келген,

Тәңірдің, қарасаңшы, бұйрығын-ай,

Деп Ақан күңіреніп, күрсінеді,

Ертесін Құлагерін жерге көмді.

Адамдай арулады ардақтысын,

Мен әлі жалғастырам дағдыр пәсін.

Жарлауыт жар басына көмді атын,

Қоштасып құлагермен, қайтты ақын.

Қасірет, қайғы арқалап Ақан сері

Келеді сүйретіліп, тосқан елі.

Қу дағдыр кейде шымыр тасбауыр ғой,

Қайғыдан қара көзі болды жауыр.

Сұм дүние жұдырықгап қос қолымен,

Айрылды сұңқардан да, тазысы өлді.

Қазақта не бір ғажап ырымдар көп,

Кейбірі ойланбастан келеді дөп.

Қалық айтса, ешқашанда қалт айтпаған,

«Жеті жұт бірге келіп, бірге қайтқан».

Ер жігіт тұлпарының тұйағымен,

Қадірлі құмай тазы, сұңқарымен.

Сылдырап аққан суды бойлай жүйткіп,

Алданар алма мойын сұлуымен,-

Дейді ғой атам қазақ мақалдатып,

Ақанды не қалды енді жұбатарлық.

Жан сүйген Үрқиадан өлі айрылып,

Бал берген Ақтоқтыдан айрылды ақтық.


Айрылып Ақтоқтыдан санын соқты,

Сұңқар мен Құмай өлді, түк жоқ енді.

Айрылған Құлагерден қиын екен,

Қорғасындай қара түн қайғы басты.

Отызды Ақан жасы алқымдаған

Кешегі өмір өтті гүл жайнаған.

Есіктен кіріп келген жын қайғыдан,

Бықсып күйген өмірден басы айналған

Осылай сері ақын жүре берді,

Күндерде жүрегіне бір ой келді,

Көкшеде,Науан атты һазіреттен,

Жанына демеу болар сабақ екті.

Софылық дінге Ақан беріледі,

Қайғыдан сәл сейіліп, керіледі.

Малдан да, елден безіп, діндар Ақан,

Жан күйін тазартуға кіріседі.

Серілік Ақан жанын жас қылатын,

Сұлулар маһаббатгпен мас қылатын.

Ол кезде сұлуларға жыр арнаса,

Енді ақын «жан тазалық» жазды жырын.

Қайғысын жойуға Ақан қадам басты

Жан жүрек жібітердей қара тасты.

Серілік қанға сіңген ыстық сезім,

Жазылмастай маһаббат күйін тартты.

Сұлулық, серілікпен ғажап дүние,

Жұрт оның түсінбейді бұл күйіне.

Ақанның ұғымсыз бір түрін көріп,

Ел арасын шарлады күңкіл дүние.

«Ақанды жын перілер айналыпты,

Серінің жан дүниесі байланыпты»,

Деді жұрт түсіне алмай Ақан жанын

Қылығы,ісі есеке айналды оның.

Жаз шығып, жан жануар жадырады,

Ел көшін жаз жайлауға қондырады.

Қоскөлдщ Сарыкөлі жағасында,

Ағаш үйде «алжыған» Ақан қалды.

Сарыкөл қалың қамыс зуылдайды,

Сықырлап қалың ағаш дуылдайды.

Сүреңсіз күңіренген қоңыр үйде

Ақанда күңіренген қоңыр күйде.

Түн. Тілсіз бала. Ақын қапа,

Баланың жаудырайды көзі қара.

Сөзі жоқ, айтуға сөз тілі де жоқ,

Жаудырап, қарағанға көңілі тоқ.


Ақанның адамы жоқ айтатын сөз,

Күні-түн жаудырайды, тек, екі көз.

Әке мен бала көзбен қарасады

Мұң құшып күрсінісіп, тарасады.

Екеуі бірін-бірі сүйеу көрер,

Болмаса тірі жан жоқ,кім бар демер

Екеуі Сарыкөлдің суын ішіп,

Сырт көздің мазағынан аулақ жүрер.

Сол Ақан Жайлау жақты аралайды,

Жақсы кім, жаман кімін саралайды.

Күміс жүзік көзінен өткізгендей

Һас бедеумен жазда елді аралайды.

Бедеудің қос қанаты - сұлу екі ат,

Ақанның жүреді ылғи оң, солынан

Ақанды қайда барса қошаметтеп,

Шығарып сап, жүреді тосып алдан.

Сол екі ат сері Ақанның айбынындай

Ақанның қос жұлдызы байлығындай ’

Ақадаа тірі жанды жолатпайды

Сері ақынның жүрегін бек үққандай

Жүген құрық тимеген шу асаулар,

Тек, Ақанның тізесін сүйіп тұрад.

Ақанды шығарып сап, далада оттап,

Аттанарда алдынан тосып алад.

Ақын да әр ауылға көп бармайды,

Қарауылдың ішінен үй таңдайды.

Байыппен өзін сүйген ордалардан,

Дәм татып, ақ төсекке бек жантайды.

Сері жан қарайды үйдің жай-күйіне,

Таза ыдыс, қыл-қыбырсыз дәм түсіне.

Көрсе егер, салақ әйел, кірлеу үйді

Татпайды тамағынан не асыл берсе.

Қонбайды кір төсекке құс болсада,

Жатады шөп үстінде қыс болсада.

Аузынан пір, Аллаһны тастамайды,

Сәждеден бас көтермей аш болса да.

Жаз болса базарлайды көл жағасын,

Күні-түн күңіреніп ән жазады.

Жүрседе қу далада, әлде, ауылда,

Зарлы бір сарындармен ән салады.

Қалқы дал сері ақынның мінезіне,

Әрі жат, бәрі жұмбақ бұл ісіне.

«Жынды» деп, сөз доғарып қойар еді.

Шешен сөз, көсем түйін кемімейді.


Аузынан ақылды сөз бір қалмайды,

Ер шеше алмас түйінді Ақан шешті,

Екі жақсы қосылса, сөзі Ақан боп,

Тамсанып таңғалудан бір танбайды.

Ел көзі дағдарыстан тарылады,

Дені сау деп, сөзіне бағынады

Сөзі асыл, шешім дұрыс,әнші, ақын,

Мұсылман пері иесі боп табылады.

Өтірік өсекпенен өрбімеді,

Қате, дұрыс, не мынау жөн демеді.

Созылып, өлімсіреп, өсек өліп,

Сері өмірі аңыз боп өңделеді:

«...Сері ақын Ерейменге барған екен,

Құшақтап тұлпар бейтін талған екен,

Таң самалы салқыншалап жел соққанда,

Күңіреніп, мұңлы жырға салған екен.

Бір сәтте, қобыз қылдан саз естіліп,

Қоңыр дауыс домбыра шегін шертті,

Жан жаққа жайылғанда әлгі әуен,

Жібек желден сурылып, бір қыз шықты.

Ол келген Мұсылманһан пері қызы-

Еркесұлу Ақанның шерін сезген,

Ақанды жұбатпақ боп, желге мініп,

Мұсылман пері қызы жеткен екен.

Пері қыз мұңлы ақынды жұбатады,

Ән салып, шерін серпіп, уатады,

Сол түннен пері қызбен сері Ақан

Түнде бірге болады...», десіп жатты..

«...Жо, жоқ,...деседі енді бірі,

Ерейменде кездескен сұлу пері,

Ақанның тұқымында бар қасиет,

Келе-келе ақынға қонған екен...

Мекені перілердің Қоскөлде екен,

Әкесі Қорамса да сондай екен,

Бірнеше күн тіл қатпай, әкесі де,

Үйден шықпай бүғынып жатады екен...

Осы сәт, пері жары келеді екен,

Қорамсамен сыр-сұһбат құрады екен,

Ақанға пері қызын қосақтаған,

Шешесінің өзі де пері екен...»

Бәрін қалық «екен де екен», дейді,

«Көргендер де көзімен бар екен, дер,

Өтірік өтіріктен желбуаз боп, дегендей-ақ:

«Бір қойан бір қасқырды жеген екен».


Асылы сұлулықтың -Ақансері

Барынан да, бәрінен айрылды енді.

Айдында зарлап жүзген сыңар аққу

Жұмбағың, сұлу сырың шешілмеді.

Ақанның жүйрік жанын шеше алмады,

Ақынның ой-дариасын кеше алмяды

Аңғарып бір күш барын соқыр сезім,

Серінің оміріне кір-қоқыс жаға алмады.

Сырбаз сері өмірін кірлете алмай,

Жұмбақты ешкім тауып, кіл шешпеді.

Жанды мен жансыз пері қосақталып,

Ақын жанын өзіне билетпеді.

Өсекті дуылдатып, жел берген көп

«Тисе терек, тимесе бұтаққа», деп,

Оларды қызыл тілмен у-дай орған

Ақанның өткір тілі кінәлі деп.

Ақынның шешен тілі удай орған,

Тиген жерін жегідей ойып салған.

Досы түгіл қасы да бетке келмей,

Пері жайлы сұрақ та қойа алмаған.

Ақанның ақылы артық дұшпанынан,

Жүрегі жаралы өмір қыспағынан.

Жақсының жақсылықган нұры тасып,

Жорғалап үлкен- кіші ағалаған.

Ел ағалық елуге тайап қалды,

Жұмбақ әмір жасындай өтіп қапты.

Өткен күн қиалынан есі кеткен

Қиал-ғажап ертегі туып жатты.

Ешкімге ұқсамайтын ерекше паң,

Болмады Қарауылдан жанын ұққан

Досы жоқ жұбататын жары да жоқ,

Батпақшөлде қалғандай жалғыз адам.

Сол жолмен жалғыз жайау бара жатыр...

Секілді өзіне өзі жеке батыр

Табанын тас тілгілеп, қаны шығып,

Маңдайын күн күйдіріп бара жатыр...

Ойы жоқ қайда бара жатқанында,

Не үшін? Қайда? Кімге бармағы да?

Тілек те, үміт те жоқ, жоқ мақсат та,

Сезбейді қараңғының батқанын да.

Ақынның ышқынады жаны ысылдап,

Уланған, семген ойын бір ықтырмақ.

Қайғының мұзы қарып семген жүрек

Өмірден бастау алып бір тірілмек.


Тағы іздеп маһаббатты шарқ ұрады,

Қаншыл қыран қиаға көз қадады.

Өршіл өмір өлімге мойынсұнбай,

Үшар құстай қанатын қомданады.

Үш ару бар, есінде, қиалға ерген

Шөбектің немересі - Ұрқиасы,

Шыңғыстың немере бір қарындасы,

Жамал қыз Жүсіп төренің баласы.

Үш аруға ән жазды «Үш тоты» деп,

Біреуіне байланды дара жүрек.

Ол байлау Жамал қызға тиді ерек,

Он бестен он алтыға келген, зерек.

Жамал қыз он алтыда, сұлу зерек,

Жүрісі, қимылы да сондай ерек,

Ару қыз жібек желден жаралғандай,

Құдайым, сері ақынның бағы болғай

Алғаңдай тәлімдікті Жиреншеден,

Не деген майда тілі, өткір, шешен,

Бата алып Едігеден жетілгендей,

Данышпан, көңілі көркем, асыл екен.

Жүйрік жүрек сүймей,сірә, тұрар ма,

Не қосылмай, не қосылып тынар да,

Жолы болып, тауып жүрек қалауын,

Күйіп, күлден кебін кимей тоқтар ма.

Ақын жаны жас Жамалға тоқтады,

«Үш тотыдан» бөліп, жеке баптады.

Қалқа бала, деп есімдеп сүйгенін,

Жұртқа өзі жариа жырын тастады.

«Қыздарды мен қайтемін қылам-сылам

Қалаиша ғашық отқа сабыр қылам,

Жаңартқан өмірімді қалқа бала,

Басы «жұм», ортасы «ми», айағы «ләм»

Бұдан соң жұрт,әрине, не демейді

Өмірде екі сүю бар демейді.

Өмірі жаһан құшпақ болған жүрек,

Сүю үшін жаралған сері жүрек.

Бағынбас сері жүрек жұрт сөзіне,

Өз жайы мәлім болар бір өзіне.

Жүйрікке құйын шабыс керек болса,

Жүрекке жану үшін сүю керек.

Өмір сәні, жүрек оты - маһаббат,

Көк пен Жердің арасы оған жәннэт

«Өмрде маһаббатсыз дүние бос,-

деген ғой, айуанға сен оны қос».


Маһаббат адам жанын құбылтады,

Мұздаған жүйкелерді жылытады

Тіріліп ғашық оттан сайа тауып,

Ақынның шыбын жаны раһат тапты.

Сыртынан сүйіп, күйді, амлы не,

Жүрегі ғашық оттан жалын атты

Кемел шақ жас Жамалға тайана алмай,

Қыс пен жаздай арасы алшақ жатты.

Қиналды сүйген жүрек сыр айта алмай,

Жүрегін жалын серпіп, тайсалғандай,

Лаулаған ғашық отган өртенді іші

Жата ма маһаббаты іштен шықпай.

Өлім мен маһаббаттан өте алмайсың,

Шындықты ауыздықтап, кесе алмайсың.

Күйдіріп маһаббаттың ыстық шоғы,

Жүрегін һас Жамалға жайып салды:

«Бұраң бел, жазық маңдай, сүмбілден шаш

Тартылған бойың сымдай, қиылған қас,

Ақ жүзің түстік жерден көрінеді,

Секілді жарқырайсың бриллиант тас.

Сипатың жүмақтағы һорлығайын,

Көрген жан жамалыңа болады мас,

Сайраған қапастағы тоты құссың,

Білмейді қадіріңді бұл күнгі жас.

Айтуға тура түйреп жасың кіші,

Сыртыңнан иемденем, беу, қарындас,

Тау тасты шабыт қылған ақиықпын,

Жұтылмас сені ойласам ішкен асым», -

Деп Ақан жазды жыр-қат Жамалына,

Сәлемі, жүрек қаны қаламында

Жас Жамал Ақан жанын үқсын қайдан,

Жазбады жылы жауап жарымжанға.

Мүмкін ғой ұққандығы сері жанын,

Ойлайды жас ару да әке жайын

Қалайша төре қызы сүйе алады,

Сүйегіне әкенің таңба салып.

Бұл мінез сері жанын тым күзеді,

Өртенді сері ақынның жан өзегі.

Жан сырын түсінбесе не өкпе бар,

Ғашық жүрек ақынды жаншып езді.

Жүректің әмірі ғой ғашық болу,

Ғашықгық сүйген жанға асық болу,

Ақынның жүрегімен сөз бөліспей, ’

Сүйгенін білдірмеді Жамал ару.


Сүйгенге сүю жауап болмайтынын,

Жасына жас көңілдің толмайтынын

Білді Ақан маһаббаты бағасызын,

Жас ару сері ақынды ағасынды.

Сері жан іштей сүйіп, іштен күйді,

Түнеріп түн-күн демей өлең түйді

Күңіреніп жыр жазады, ән шығарып,

Жоғалтқан Тәңірісін тапқан күйі.

Толғауы маһаббаттың тоқтамады,

Сүюді доғаруға оқталмады.

Тереңдеп маһаббаты күн-күн сайын,

Сайрайды ертелі-кеш бұлбұлдайын.'

Жамалдың ұзатылар шағы жетті,

Ойын-той айдын көлді дүбірлетті

Айдынның бұйра толқын жағасында,

Сынық қанат бір аққу мекен етті.

Жаралы аққу отыр жартас құшып,

Ескі күш ұмтылады еске түсіп.

Кетуге көтеріліп дәрмені жоқ,

Жылайды да жырлайды, жүрек жылып.

Бір сәуле қол созымда дара жатыр,

Күлімдеп өз жолымен бара жатыр.

Соңғы сәт жоғалады сәуле үзіліп,

Өлім мен өмір үні талас тауып.

Тұңғиық. Жаралы аққу. Жүрек сырлы.

Һал бітті. Сәуле сөнді. Өлді жыры,

Үзіліп бара жатқан жүрегінен,

Құйылды мұңды, сазды аққу жыры

Ән мұңы «Қалқа бала» - Жамалға арнау,

Әр сыры маһаббаттың күйін шарлау.

Жамалға «Сырымбетгі» арнады ақын

Үзілген үмітнің мәнін жалғау.

Шырқайды Сырымбетті асқақ үні,

Жылайды Сырымбеттей әннің құлы.

Естіген ел жылады осынау әнді,

Жылайды жас Жамал да ұғып мәнді.

Ән қалды қалықтаған Сырымбеттей,

Маһаббат толастар ма күні бітпей,

Мен ғашық, одан оны тілемеймін

Ғашығы әр жүректің көшкен елдей.

«Аулың қонған Сырымбет саласына,

Ғашық болдым ақсұңқар баласына

Бидайыққа ылайық қалқа бала,

Бөктергіге қор болып барасың да.


а а а ау, Сәулем - ай,

енді есен бол - ай.

Аулың қонған Сырымбет саласына,

Ғашық болдым ақсұңқар баласына.

Дариға қайрылмадың, қалқа бала,

Жүректің енді емі жоқ жарасына.

Алтын қайық жарасар күймесімен,

Назым тартпас бұлбұл құс сүймесімен

Қоскөл жаққа таныса киіп барған,

Бешпетіңді бер қалқа түймесімен.»



Пай, пай, пай, пай,

Сыңғыр бұлақ суындай,

Сырымбет әннің сұлуы- ай.

Төре Жүсіп қонысы Сырымбет тау,

Ғашығына соғылды соңғы қоңырау.

Ақанның жүрегінің соңғы сыры

Ән болып қалықтады Сырымбет тау.

Ақан қалды тұңғиық қайғы жұтып,

Ғашықтықтың қайғысын жалғыз кұшып.

Өмірі үнсіз, жырсыз түрге еніп,

Соңғы өмір ұғымсыз жат күйге жетіп.

Жүрегі қайғы жеді, жылап сөнді,

Дариға, жалын жүрек мұңнан өлді.

Жаны терең жандар бар ойды баққан,

Ғашықтықтан өлгенді бар-ау ұққан.

...Алпысты алқымдады Ақан жасы

«Қара шекпен» қазақтың жерін басты.

Қоскөлге, Сарыкөлге салды қолын,

Амалсыз, Ақан керді мұның бәрін.

Енді ақын жырларымен жер жоқтады,

Сарыкөлмен мұңдасқан ел жоқтады,

Мұжықтар Сарыкөлге қожа болып,

Сері ақын Сасықкөлге ауа қашты.

Сері ақын сұлу жырмен «пері» құшқан,

Жетпісте жазылмады ауру дұшпан

Ұшқыр жан, жүйрік жүрек, сұлу іздеп,

Адамға үйлеспейтін мінез тұтқан.

Сері Ақан - ақын, әнші, әрі сұлу,

Шарқ ұрған ірі жүрек елде нешеу?

Ғашық боп, маһаббатты мәңгі іздеген,

Сері Ақан Орта жүзде жалқы , біреу,

Жетпісте сері ақын дүние салды,

Артында кербез әні, жыры қалды.

Шіркін-ай, жылы жүрек мұңға батып,

От болып жанған жүрек мұзға айнапды

Эпилог: Серілік ержігіттің бір ермегі,

Талабы, тапқырлығы, еркелігі,

Бойында басқада жоқ өнер толса,

Өмірден тойат таппас беу тілегі.

Өмірлер қосағымен жарасымды,

Ғашықтық ессіз, сәби бала сынды.

Дариға-ай, өмір сұлу маһаббатпен

Сүюсіз дүние тілсіз, өмір мұңды

Жасымнан Ақан сырын елеп өттім,

Ғашық боп, кісілікті тірек еттім.

Әркімде болса осындай кербез өмір,

Сүйгенінің отына күйіп өтсін.

Серінің өмірі шын, бізге мысал,

Сүйгенді көзбен көріп, жүрекпен ал.



Әр заман ез тұсында зиалы ғой,

Бекем ой, ашық пиғыл, болсын тұлға.
Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет