Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Нұр сипаты Өлеңдер, әңгіме, һикайалар, дастан Қарағанды, 2013


«...Сөз де іс. Сөзің үшін атыласың



бет12/14
Дата30.04.2018
өлшемі4,4 Mb.
#40324
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
«...Сөз де іс. Сөзің үшін атыласың,

Сөз де күш. Жауды сөзбен жапырасың.

Сөз өнер. Сөйлей білмей шашыласың,

Сөз ырыс. Жақсы сөзге бас ұрасың. /Ж.Ісләм/

39. Сөзде мағына болса, сол жеткілікті.

  1. Сөзі алғыр, өзі сыпайылар үнемі адамгершілікті бола бермейді.

  2. Өзіңді күніне сәт-сәт тексер: ниетің шын ба, достарыңа адалсың ба, ана сөзін іске асырдың ба,әке сөзін есте ұстайсың ба, жақсылықты жадыңа түйдің бе? Ойлап көр!

66. Естіген өтірік, көрген шын, қаңқу сөзбен жүрмегін.

  1. Өзі бұзьлғанның әуелі сөзі бұзылар.

88. Көз айасы - көл, сөз айаулысына - төр.

92. Жүректен шыққан жылы сөз жүректерге жетеді.

  1. Сөзге шорқақ, есепке ортақ жаңдар да болады.

307. Сөз қадірлісі - жақсылық,- деп біліңіз.

306. Көкірегім- көл, сөзім- теңіз, жақсылықтан туады сөзім -егіз.

  1. Сөз - екі өмірдің бетке шығар шырайы.



  1. Бір сөз үшін жау болып, бір күн үшін дос болып, жүз құбылған- санасыз бір салт шықты.

328. Сөзге тұру, уәжге жығылу, шежіреше сайрау естінің Әлеміне айналсьш.

332. Дұрыс сөз- шырын, бұрыс сөз - қыңыр.

  1. Сөз - атадан қалған асыл, бабадан қалған Бақыт.

  2. Бір ауыз сөзге тоқтаған, бір ауыз сөзбен дау шешкен- қазақ.

359. Біреу шапқылап өсек жинайды, біреу зымырап Эссе жинайды.

  1. Екі ауыз сөзге тоқтамаған,бір ауыз сөзден жанжал ашқан,

көргені жоқ көр соқыр.

444. Сиқырлы сөзден сыр құйдым,

Саналы сөзден жыр түйдім.

584. Сөзде тұру, естің қалыптасуын жетілдіреді.

485. Сөз алыстырады ; сөз қағыстырады;

сөз шабыстырады; » сөз жағыстырады;

сөз қабыстырады; сөз шағыстырады;

сөз жарыстырады; сөз табыстырады,

сондықтан жүректе сөз дұрысы жаратылғаны абзал.

  1. Тосындық сөз ақында молырақ, жазушыда азырақ.

  2. Бұралқылыққа, дүмбілездікке, селкеулікке, босбелбеулікке, қыдырымпаздыққа, жүгірімпаздыққа, жүрісшілдікке, жүгенсіздікке, т.б. желеусіздіктерге жол бермейтін сөз, негізінен ақыл, тағыда ақыл.

646. Күй қалар домбырада тартылмаған, сөз қалар ақын, ғалым, данышпаннан.

648. Сезің толық, тілің анық болсын.

649 Сезге сенбесең, кезге сен.

  1. Өзі бетсіз, өзі сәнсіз, сөзі нәрсіз.

  2. Сөз өнері асыл да, әдемі Әлем..

662. Жетер ме саған әнімнің сөзі, ақ таңда таппай отырмын төзім.

  1. Сөзбен тіл - егіз Әлем.

762. Үгіт сөзге құлақ жоқ, жігіт сөзде бұрақ көп

776. Доллардьщ қолы ұзарьш, сөзі қысқарып барады.

2026. Сөздің іске ауысқаны кұт болар.

  1. Ақ сөйле, ақ сөйлесең нақ сөйле.

  2. Дүние кезек, сөзге де беріп тұр кезек.

  1. Сөз - қару, қыз - ару,ер- азамат, бала - аманат, баба - мәртебе, ата - айбат, ана- қасиет, даналық - есиет.



  1. Өмір құбылысы - сөз.

  2. Сөз - дүниенің асыл тасы.

  3. Қара сөз - қаруымен, дарын сөз - еңсесімен, асыл- сөз ұстанымымен, есті сөз-ақылымен, даналық сөз-даральпымен, бала сөзі - бал тілімен қадірлі.

2069 Би сөзі - билігімен, қыз сөзі- қылығымен, ана сөзі - әлдиімен, әже сөзі - аңызымен,ата сөзі - қатуымен, баба сөзі-батасымен, барымта сөзі- бәтуәсімен, назым сөзі -әуезімен қасиетті.

  1. Сөздің атасы - бірлік.

  2. Жүректің сөзі - зерделіктің көзі.

  1. Сөз өлтіреді де, сөз құтқарады өлімнен..

  2. Жалған сөз азаптайды, жабайы сөз мазақтайды.

  3. Асыл сөз- әрі нұсқа, әрі қысқа болады.

2078. Сөз - дене саулығының күші

  1. Сөздің салмағы болсын.

  2. Сөзде айтқанға дейін бір салмақ, айтқаннан кейін қос салмақ болады.

  3. Сөз сауалы мен жауабының ара кұндылығы болғаны абзал.

  1. Мақал, мәтел- маржан сөз, қоса керме арзан сөз.

  2. Воля - еркіндік, свобода - бостандық, ол - екі сөз.

  3. Сөзбен тіл егіздер, бірін- бірі негіздер.

  1. Жаман сөз жаныңа кірген тікен, жақсы сөз таптырмайтын ем.

  1. Сөзім қанатым, тілім тілегім.

  2. Сөз - сұлу бұлақ, сөз - көкмайса құрақ.

  1. Әр сөзді безбендеп,салмағын саралап айт,себебі сөзді қайтара алмайсың, айтылған сөз атылған оққа тең.

  2. Әйелі, не күйеуі бәдік болса, ауыздыға сөз, айақгыға жол болады

1104. Сөзің анық, жүрегің адал болса, өмірің жарық болып өтеді.

2132. Сөз ұғынғанды ойға жетелейді.

  1. Жақсы сөз - қанағат.

  2. Сөз қалжыңы сабырға салар.

2137. Сөз салиқасы ақылдан.

  1. Сөздің де нұры бар.

  2. Сөз нұрына ұшқан құс, жүгірген аң жете алмас.

  3. Шорқақтың аузына сөз түспес.

Сөзге шорқақ, сөзден қорқады.

  1. Сөздің бәрі асыл емес, сөзшеңнің бәрі ақын емес.

  2. Сөз шындықтың отын жағады.

  3. Сөз ішкі сырдың пернесі, қағысына қарай үн шығарады.

  4. Сиқырлы, сырлы сөздер-ай.

2149 Сиқырлы, сырлы, сұлу да сырбаз сөздің сырын сүйдім.

2154. Сөзді қуа берсең, сөз де балалап туа береді екен, (мәселен,

«елді» сөзін отыз түрлі сөз тіркесімен жеткізуге болады екен).

Сөйле де, зарла қызыл тіл». /Абай/

Ұлы Дала ұраным,

Төрімде түр ңұраным,

Дәнекер бол, деп тіліңе Ұл-қызымнан сұрарым. /Түрсынһан/

2. Тіл - үлкен мәдениеттің бастауы.Тілсіз, дінсіз мәдениет жоқ.

  1. Тілі ұзынға уайым тас төбесінен төгілер.

  1. Тілсіз, дінсіз Болашақ ойшылдыққа жарамас.

  2. Қазақтың тілі өзінің дәстүр тариһы.

331. Өнегелі тіл - өртең тіл, өнерлі тіл- көркем тіл.

  1. Тілдің тоқсан тоғыз тарауын адаспай тоғыстырған қазақтың өз данышпандары.

336. Тіл тәкаббарлығын, сөз зердесін, ой дарынын ғибрат биігіне көтерген қазақ гұламалары - дала перзентгері.

338. Өмір тілі сыртылдаған сағат та,

Ерте тұрам, таппай тыным, тағат та.

  1. Тіл асыл да, қасиетті, киелі, қастерлей білсең, қиынды қиыстырып иеді.

358. Қазақ тілінің сыры, жыры, нұры - тіл; қазақ мәдениетінің сүйеніші -тіл; білім, ғылым игерудің көзі - тіл; тәрбиенің діңгегі де, ел еңсесі, тілегі де - тіл.

  1. Кедей тілдің оралымы келте.

  2. Қордасынан қоқым, қоқымынан қорда жасайтын да сөз, оны жеткізетін тіл.

590. Өнегелі тіл - өртең тіл.

  1. Тілдің тоқсан тоғыз тарауын адастырмай табыстыратын білімдар ғалым, дана ақын.

  2. Толғауы тоқсан қызыл тілдің шабыт шаттығын шүрайландырған - Абай.



  1. Тіл тэкаббарлығын, сөз зердесін, ой дарынын ғибрат биігіне көтерген - данышпандар.

  2. Жетілген ақылың - заты асылың.

652 Береке, бірлік мекені - тіл.

655 Тіл барлық адамда бар, бірақ әртүрлі: бірі жұқа, бірі қалың; бірі ұзын, бірі қысқа; мазмұнды да мазмұнсыз.

Бірі әрлі, бірі әрсіз, бірі нәрлі, бірі нәрсіз,кейде сонша әлсіз. Дегенмен, тілді басқаратын Бас қой. Ал бастарға қараңызшы: түрлі-түрлі, бүрлі-бүрлі, қырлы-қырлы, сырлы-сырлы. Сондықтан болар тілдің аласы мен құласы, маңызы мен мардымы, бақұлы мен ақылы болатыны.

656. Түрлі тіл білсем де, жырым, тек, бір тілде.

  1. Тіл сорламасын, намысты қорламасын.

  2. Бөтен елмен егеспейік, өзге тілге мінгеспейік.

  3. Мемлекет тілі - Мемлекеттің мәртебесі.

  4. Тіл - тірліктің айғағы, жігердің қайрағы.

  5. Тіліміз барда тіріміз.

  6. Құрмет пен ізет тілге

  7. Елім тіліме, тілім Еліме бас иеді.

2108. Әр ұлттың мәдениеті өз тілінің, өз ұлтының ұлылығын көрсетсе керек.

  1. Тілімде кеңдігі даламның, тілімде мінезі анамның.

  2. Тілсіз қалық болмайды, өз қалқынсыз тіл анық болмайды.

  3. Тілді терең біліп, дамытқанда ғана тәуелсіз ел боламыз.

  4. Туған тілім - жаным, туған тілім - сәнім.

  5. Шұбалаң тіл, шолақ ой, сұлусөзге жарытпас.

  6. Өнерлі тіл үндемей отыра алмайды.

  7. Жүрекпен тілдессең, бөтен тіл тыйылады.

  8. Тіл - қалықтың сан ғасырғы тариһы.

2120. Тілге қианат жасалған кезде тіл әлсіреп, қалық мәдениеті төмендей түседі.

  1. Әлсіреген тілді, мәңгірген мәдениетті көтеру үшін: жігер- қайрат, ой-сана, һэм үлкен руһ қажет

  2. Аспаны көк, жері майса,аптын күндей жарқыраған ашык та. айдарлы тіл - менің тілім.

  3. Менің тілім - анам тілі, қасиеті мен қадірінен айналам.

  4. Өте бай қазақ тілінің қиыны мен қисынын,сыйы мен сырын біліп, дұрыс пайдаланған жан: ақын, жазушы, әнші, сазгер,

суретші, ұста, оюшы, шебер, ғалым, кемеңгер болуына әбден- ақ болады-ау.

  1. Балдай тәтті бал тіл, сыйластыққа сый тіл,маһаббатқа ғашық тіл, сырбаз да сыйқырлы, сұһбаты сұлу,биік руһты қазақ тілі.

2230. Болашақ қазақ тілді болады деп, сенеміз. Бұған қоса ақындар дың өлеңі, жазушы,ғалымдардьщ да тіл туралы айтқан тәлімді де тәрбиелі сөздері баршылық. «Тілім менің» атты мақаламда алпыстан аса түрін жинақтап,келтірген болатынмын.

Жасым үлкен, жүрек жас Жолым қысқа, жүрек һас (нақ, дәл). / Тұрсынһан.!

  1. Арқаның есен болсын ескен желі.

  2. Бала кезден ақ ұлпа қанатын қақты сезім.

  1. Фікірді толғай отырып,фікірдің пірін сомдадым, фікірін толғап дананың, қанатты фікірлер қомдадым.

  2. Ұлтабарда жықпьш бар, жүректе терең түкпір бар.

Жақсылық жисаң көңілге, боларсың өмірдің терінде.

  1. Өз ана тілін білмеу ата-анаға сын, баланың болашағына мін.

  2. Ана тілің айбатты айбалтаң болсын.

  1. Не айтарыңды білмесең шындықгы айт, немесе, көмейге кеп- теліп, тілге тіреліп, тіліңнің ұшында үрпиіп тұрған тілегіңді айт.

76. Бір қоғамдағы көптідділік ұстастырады; көпшілік қайссын кэдесіне қалай жаратуды біле бермей сапырылыстырады.

90. Бар бақытгың бастауы бақытты балалықган басталады.

93 Әлем Қуаныш пен Бақыт үшін жаралған.

  1. Уақыт желі қашан да өктем, себебі ол әр кезеңде әртүрлі соғуы мүмкін.

  2. Адамдар күнделікті өмірін сағатпен есептейді. Ал сағат лездемеден (минут), лездеме сәттен (секунд), кірпік қаққанша дегеннен, тұратынын ескере білмейді-ау.

  3. Жүрек сүйіспеншілігі кемшілдер сыпайылыққа жете алмайды, ұнатпай тұрады, иаки өзінің кім екенін әлі толық біле бермейді

  1. Ешбір ғылым ашпаған, аша да алмасты, тек, бір жан кездейсоқ ашуы мүмкін, ол ең тыңғылыкгы, сезімі күрделі де тұракты, елеусізді елей білетін ғана адамның ақыл-қабілетінен болып келеді.

  2. Әр адамда «жоғарғы сана - жарық күші» бар боп келеді білем, тек біреуде аз, біреуде көп, әлдекімде жоққа тән. Бар болса, барды бағалай білмеудің өзі күш болар. Бұл күш-қуат Аллаһ күшімен еселенеді.Энергия - Қуат көзі,-деген осы болар.

  3. Ұлы істер Ұлы оймен жасалып, үлкен қаржымен жүргізіледі.

  4. Ұлы істі тегін жасайтын, тек, табиғат қана.

102 Табиғат қаншама дүние-байлығын бізге текке береді, сондық- тан оны ала біліп, қажетіңе жаратып, табиғатқа жақсы ісіңмен жауап жасап, қарымтасын қайтаруға тиіссің.

103. Аллаһ сыйын (күшін) қысьшғанда ғана емес, үнемі іздеп

жүрсең, сонда өз ойыңмен тұрақты ісіңе орын табылады,өмірің жақсылыққа бөленіп, жарылқана жалғасады.

104 Ақыр соңында жер де кебеді, орман да солады, адам да өледі, бәрі-бәрі өмірден өтеді, ұмытылуы да мүмкін.Өлмейтін - өнер ғана қалады, ол- мәңгі жасайды.

  1. Маған байлық берме, балық аулауды да үйретпе. Мені енерге үйрет,ойшылдыққа үйрет. Көл солады, балық жоғалады, сонда мен Бақыт жолын өзім таба алардай болайын, делінеді аңызда. (һадистен үлгі)

  2. Дұрыс ұрпақ болуы үшін дұрыс құрсақ тап.

  1. Сұлулық Әлемді сақтайды,ал сұлулықты денсаулық сақтайды.

  2. Ашшы шындық ес сергітер, тым тәтгі сөз кергітер.

116. Сәулет пен дәулет үйлессе, өмірің болар шым кесте.

118. Арман өмірге өскен гүл.

120. Бабамнан бота қалмаса да, бата қалған.

  1. Аллаһ барлық істе оңдасын.Бабадан қалған жеріме бөтендер келіп қонбасын.Отанымыз бай болсын. Жүрек саулығы сай болсын.

  2. Қайырлы Қазақ елі - Ұлы Далам - Ұлысымның жері.

  3. Қазақ әйелінің шәші ұзын, ақылы тұтқа.Мықтап ұстасаң адаспайсың.

  1. Бір ұлтқа ыңғайлы сайасат, басқа бір ұлтқа ыңғайлы бола бермейді

  2. Шындық асылы жүректен, өтірік өңештен шығады.

  3. Әр жақсы Күннің соңы адамды бақытқа бөлейді.

135. Айта алмаған ешкімге, құпиа сыр бар әркімде.

  1. Тауға шықпасаң, биіктікті қайдан білерсің. Биіктен құзға қарамасаң, тереңдікті қайдан білесің. Даналар сөзіне құлақ аспасаң, салиқалы білімді қалай біперсің.



  1. Жастайынан еңбекті көріп, біліп өспеген, өмірдің заңдылық- тарын біле бермейді.

  2. Жазда жайлауың болсын, арайлы айлы бағың (сад) болсын, жұлдызды жұмысың болсын, еңбекпен жалғасып ғұмырың толсын.

146. Адамның да байсалы болады. Байсалының жауманы шәшінен де көп,— дейді.

  1. Бартал көшті Бекпатша ғана бастайды.(Бартал көш -салтанат- ты кеш, бекпатша - нар жақсысы).

  2. Ер азаматтардың байсалымен бастас болғанына не жетер.

  3. Уақыт төреші, ағайын арашашы,

  4. Құлша жұмыс істесең, байша мәшине мінесің.

  1. Қоғамда өтірікші көбейген сайын, шындық азайа түсуі кәміл.

  2. Күн тәж киіп тұр, сондықтан дүниеге сыйып тұр.

157. Сенің де бабаң батыр, менің бабам да, атам да батыр, елдікті, ерлікті ту еткен солар, сондықтан олар айтуға тұрар.

159. Өмірдің өрі балалықтан басталады.

  1. Пендесіне раббымның есімін алып жүру ауыр болар, ал әруаһ, руһтардың есімін қою, тым ерсі де, әрі қорқынышты.

  2. Ұрпақ абыройлы да, айбарлы болуы үшін, орынды да тұрақты Атазаң өлшемі қажетті.

168. Өмірге келген екенсің, адамға тэн ізің болсын.

170. Руһы мықтыға қиындық жоқ, ол ертеңіне жете алады.

173. Өз досың да өзің. Өз жауың да өзің.

  1. Өз Абайыңцы танымай жатып, біреудің Пушкинінен не табасың.

  2. Өз Сәкеніңді сезінбесең, себебін өзіңнен сұра.

  3. Ұраншыл Қазақ, ұрангер ұрпақ ұраныңды қазақ тілге ұластыр.

  1. Любовь не искусство, а просто сама жизнь.

  2. Любить надо всех и все: и природу, и людей, и животных, а самое главное себя, но с умом.

191. Заманға бұрын артпа, заманды жасайтын (езің) адам ғой.

  1. Шындықты шыншыл жүрек қана тура айта алады.

Жүрексіздер меңіреу. таскерең, ол шындықтан қорқады.

  1. Ер сыйлағанның еңсесі биік.

  1. Должен ли умный знать то, что знает каждый дурак?

  2. Учитель не может быть бывшим.

. Үкілі Күннен үмітімді үзбеймін,

Өзімді Таң Нұрынан өмір бойы іздеймін.

  1. Дәстүр - мәңгі өзгермес заң.

  2. Дәстүрлі қазақга Ұлттық міндеттер болуы да заңдылық.

254. Қандай да болмасын Әлемдік мәселе құр ұранға айналмай, мәдени руһани бірлестіктегі шындықты көздеуін қалт болмауын қадағалау аса қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет