Басқа үлттың дінін де құрметтеңіз.
Шыдамдылық - қырлы тас секілді. Адамдардың да қарым- қатысы сондай. Бұрынғы болған, болып та жатқан наһак кісі өлтіру, қайғы-уайым, дін қарсылықтарын тудырғанын тариһтан да, қазір де білеміз. Дінді бағаламау, өзінің де дінге деген көзқарсының айқын саналы еместігін аңғартады. Өзгенің дінін кемсітіп, кедергі жасап, қинау, көп жағдайда қиындыққа, не қайғыға, келеңсіздікке соқтырады.
Адамдар дінге сенімін көп жағыдайда ашып айта алмайды. Оған түрлі кедергілер себеп. Адамдардың тариһ қойнауында өмір кешкеннен бері, дінге деген шыдамсыз көзқарастар өмір жалгасында қиындықтар келтірген, келтіріп те отыр. Ерте Грек философтарының езі Құдай табиғаты, Адам жаратылысы, Әлем дүниесі жөнінде көп дауласып,талқылап әртүрлі түсініктерге ауысып отырған. Қазір «механистикалық қағидаға» және материализмге сүйенушілік жол алуда, бұл Ерте Египет пен Ерте Грек дәуіріне кіреді. V ғасырдан біздің дәуірімізге дейінгі бұл талас тұрақты нәтиже берген жоқ, бірде религия, бірде атеизм деумен болды. Мұндай нәтижесіз тоғышар соғыстан аулақтағандар да қаншама. Осы теңіздің асау толқынында бір сөз туындады. Ол: «Адам қай діңді қабылдаймын десе өз еркі»,- деген пікір. «Біздің ойымызша белгілі бір дінді қабылдау үшін логика қажет емес, олар логикадан қашықта. Дін әр адамның өз сенімінен,тұқым негізінен, ұлтгық қасиетінен, білімділігінен сүйеніш таппақ. Өз жүрегінің сезімі мен ақиқатынан тумақ» (Б.Т). Басқаларды мына дінге кір деп,уағыз айту жөн емес. «Дін еркіндікті өзі уағыздайды, оған өкімшілдік жүрмейді. Дін өзінің шын парасатымен сенімді, руһымен, тазалығымен, саналы күшімен білімді адамдарды тартатын Жоғары санадағы табиғи құбылыс» (Б.Т). Адам жаратылғаннан бері діннен қуат пен қуаныш тапқан. Ал Құдай жолына түсе алмай, дін парасатын түсіне алмай, түсінуге бой салмай жүргендерді жарымжан деуге, біз емес Жаратқан өзі иелік жасар. Жетпістен аса келеңсіз жылдарды сылтау етпес күн келді.
Бақытқа барар жолда басқаның дініне
құрметпеп қарамау реніш тугызады.
Өзіңе қаламағанды басқаға да жасамаңыз.
Алғашқы қауымдастықтағы адамдардан және Ерте ғасыр данышпаны Конфуцийден келген «алтын ереже» түсінігі көп ғасыр қолданыста болып келген. Осы бөлімнің тақырыбының аталуының өзінде жамандық жасалады,- деген ой бар. Тек, Жаратқан ғана өмір бойы адамға қастық жасамай, өмірін жалғастыруы ықтимал. Жауыздар маңайына ойланбастан қатер туғызып отырады. Кінәліні, ұйатсызды былай қойған күнде,жамандықтың өзі жамандық жасағанды бірінші ұрады. Жамандықтың бәрі бірдей болмайды, кешірімсізі болады. Одан танып, құтылу мүмкін болмайды. Бұған жататыны кісі өлтіру. Біреудің жанын жойған адамның күнәсі де кінәсі де, түрмеге отырғызумен өтелмейді. Оны тамақтандырып, ұйықтатып, тәрбиелеу өлген жанның әруағына күфірлік жасау деп білген жөн.
Сондықтан, қазақ батырларының «Қанға қан, жанға жан» деп ұрандауы, дұшпанды жеңіп, бейбіт өмір орнатып, адал тұқым жалғастыру қажет деген ұғымнан туған ғой. Иаки «алтын ереже» атауы, қазіргі өркенниетті ұғыммен, жаңа негізде қолданыста болатынына сенеміз. Басқаның өмірін жоюмен өзін жойатынын білу қажет. Басқаның қуанышы мен раһатын жою - өз раһатын жойып, өмір қуанышымен қоштасу болса керек. Философиялық ой тұрғысынан сұрап көріңізші, сіз қалай ойлайсыз, сізді қуаныш пен бақыттан айрып, өмірмен қоштастырам десе не дер едіңіз, келісер ме едіңз? Бұл «алтын ереженің» басқа беті. Ұстаз, өзіңді дұрыс ұста,-дейді, немесе тәртібін нашар бағалайды. Бұған мән берместер бар. Адам кейде қатепікірде болады, «бала бар, бірақ көрінбейді, сонда жақсы болу белсенді болмау ма?». Түсінуге де, түсіндіруге де болады. Адамдар қашаннан адамның жақсы құлықтарын бағалаған. Оларды ізгілікті, данышпан, кемеңгер, деп Құдайға теңгерген. Олардың бар болуы, не жоқ екені адам мәдениеті мен қатыгездігін, жалған мен қоғам арасындағы айырманы анықтаған. Жақсының не екенін білу үшін жаңалық ашу, немесе том-том кітап бетін қарау керек емес. Әркім өз деңгейінде, қажетінде көріп, біледі. Өзіңе адамдардың қалай қарағанын қалайсыз? Өзіңізге әділетті болғанын, сіз туралы жақсы ойда болғанын, өсек өтірік таратпағанын, жала жаппағанын қалайсыз. Солай емес пе? Достарыңыздың, таныстарыңыздың сізге адал, сатпайтын, алдамайтын болғанын қалайсыз. Сізді түсініп, сыпайы сыйлас, ренжіспейтін, түсінушілікпен қарайтын, қиындықта қол ұшын беріп көмектесіп үлкен жүректі, ұстамды, т.б. ережелерде құрметпен қарағанын ұнатасыз. Рас қой. Айналаңыздағы адамдардың бәрі сізге осылай құрмет көрсетсе көңіліңіз қуанышты, өмір раһатты болары белгілі. Ол адамдарға сіз де қастаңдық жасамауыңыз мүмкін. Адамдар қатысымында бір тамаша ерекшелік бар, біреу өзіне айқайласа, ол да солай жауап бергісі келеді, бір-біріне деген суықтық, не жылулық қатысы байқалып, ол онымен қандай қатыста екеніне байланыста болып тұрады, негізінен ол өзі үлгі көрсетіп тұрғанын біле бермейді. Сәулелі адамдар мұны байқап, біледі. Бұл да емір құбылыстарының бірі. Өкпе, реніш, өшпенділік, тіпті жауыздық түрлері де осыдан басталуы кәдік-ау. Ал қазіргі ойдан шығарған жазбалар мен түсірілімдерде жауыз адамдарды сыпайы, қушыкеш етіп көрсетеді, ал өмірдегі шындық тіптен де олай емес. Бұған мысал әркімнің өз көңілінде сайрап, айтып тұр емес пе? Осындай һаракеттерді біле тұра, әркім өзін дұрыс тәлімді ұстағаны абзал. Бұл жақсы тәртіп үлгісін - жақсы мінез дейміз. Жақсы мінез - құлықты болу өзіңці дұрыс ұстай білу. Мұның өзі қолға тимейтін, көзге көрінбейтін, исі жоқ, бірақ кеңілге қуаныш әкелетін, өмірді жақсьшыққа толтыратын, сезімге шабыт беретін іс-шара деп білу һақ. Қуану мен қуанту жүрегі шындыққа толы адамның ғана қолынан келетін іс. Иә, адам пенде, қателіксіз өмір жөқ, бірақ сол қателігін дер кезінде түсініп, кемші лігін жоюға тырысса, бұл да мінез ерлігінің бір басқышы болады-ау. Адамның бір-біріне әсер етуін - орта дейміз, сондықтан адамға кездескенде, не сұһбаттасқан да, оның тек жақсылық жағын көру, жақсы күш-қуат көзін (энергия) береді. Сол күні өз қуатыңа куат қосылып, ерекше күйде боласыз. Өзіңіз осыны талай байқадыңыз да, тағы бір көріңізші. Ал кейбір қонақта кейбір адамдар өмір келеңсіздігін, біреудің жамандығын, атысқан- шабысқан, т.б. көңіл күйзелісін тоқтаусыз байандайды. Осы кезде өмір жаман, себебі адамдардың бәрі жаман деген сиақты ауыр ой басып, иә оны біз жойа алмаймыз ғой деп, сары уайымға салынып,еңсеңіз түседі, сол күні жаман ұйықтауыңыз да мүмкін, оны сіз тамақты артық ішіп-жеп қойдым-ау деп ойлауыңыз мүмкін, бұл да дұрыс, иаки жаңағы келеңсіздіктен ас та дұрыс қортылмағаны. Ал, ойлаңызшы жаңағы келеңсіздер мен келеңсіздіктер қайдан келген? Дұрыс сәз, естіп, дұрыс іс-шараны көріп, бойға дұрыс қуат алсақ, сол дұрыстыққа ұмтылсақ, біздің де, кішкентай болса да, адамдардың жаңа ғасырға жаңа қатысымда болатын іс-шарасына үлес қостық деп, қуануымызға әбден болады.
Бақытқа барар жолда мына ереже сақталса:
«өзіңізге басқаның қалай қараганын қаласаңыз,
өзіңіз де басқага солай қараңыз»
Гүлденіңіз, үлгеріңіз.
Кейде адамдар өзгені өшіріп, арманын аздырып, өмірін өлтіріп, үмітін үздіріп, болашағын жойып, біржола құртқысы да келеді екен. Қалжыңмен қағытып, аңғармай айтқан болып, көңілін жүдетеді. Өзі содан жақсаратындай, өмірі өзгеретіндей көреді, кейде ашық қарсылық айқасқа да шығады. Кейде жоғарыға женсіз ұмтылатынтыңдар жолындағы өзіме кесірі тиер дегеннің бәрін құртып, жоюға тырысады. ^
Сондықтан оның еңбгін де, өнерін де , талантын да бағаламай, көрмеуге тырысып, ертең өзіме пәле болар, немесе орныма таласуы мүмкін деп, әлі келсе құртуға дайар тұрады. Ол адам өзінің осы арам жүрегімен өзін құрдымға сүйрейтінін, езіне қарсы көзқарастардың көбейетінін білмейді де, өз жолын өзі қиындатады. Ал енді бірі өзінің жоғарыға көтеріле алмасын білсе де, негізгі жаман пиғылының жолымен жамандық жасай салуы, жаман ой-пікір тарата салуы мүмкін.Дегенмен, «Ақ көңілдің аты арып, тоны тозбас», деп те тек айтылмаған-ау. Дұрыс жүріс, тура тәсіл, адал жүрек, татымды еңбек жамандықты қуып, гүлденуге де, үлгеруге де жеткізеді. Мұндай жетістіктерді көрген кезде де, олар тыншымай ашық та, жабық та айла әрекеттерге кіріседі. Сізге не істеу керек? Мүмкіндік болса, қарсы тұру керек, бос белбеулік жарамайды. Ең бастысы, гүлденуіңіз бен үлгеруіңізді жоғарылыта түсіңіз, одан бас тартпаңыз. Себебі оларға қажет де, керегі де сіздің бас тартуыңыз. Әсте оған бармай, қайта еңбегіңізді еселей түсіңіз. Сіздің өреңізді танып, өрлегеніңізді көргенде, оның жүйкесі тозып, нәтиже бермеген ісінен басын тартады.
Егер адам тдына дүрыс мақсат қойып, оны орындау
жолында дұрыс еңбектенсе, түрлі әдіс, тәсіл, тәлімгерлер
тәлімі, алтын ережелер сөзі мен тәжірибесін кеңінен
қолдана жүрсе, міндетті түрде жеңіске жететіні анық.
Сіз өзіңізді кіммін деп ойлайсыз?
Сіз, кейде өзіңізді бір жапырақ құрлы болмадым-ау деген ойда боласыз. Жел қайда айдаса сонда ұшып, құмға қона ма, суға қонама кім білсін. Өмір тыныштық пен үнсіздіктен.тәртіп пен теңдіктен ғана тұрады деп кім айта алар? Ал сол қайнаған өмір ішінде адам бар. Адам жапырақ та, құм да болмақ емес. Адам қандай күн туса да өз емірінің жобасын өзі сызып, өзіне қажетгі жоспарын өзі жасауға тиісті, сол жолмен жүріп өтпек. Ал бірі, жол жобасын жасауға кеш қалдым, ескі жол сүрлеуінен шыға алмадым, болашақ үшін күшім де үнім жоқ деп ойлайды. Олай емес.
Барлық жолдың да бір нүктесі бар. Сол нүктеден болашақ жаңа жол жобасын бастауға әбден болады. Өмірдің әр кезеңі жалғасудан немесе қайта бастаудан тұрады. Біреу сізді күлкі етсе, ертең оған’ біреу күлуі мүмкін, біреу сізді жарға соқса, оны да біреу жарға соқпақ, жамандық та, жақсылық та ол адамнан болмаса да, басқа біреуден қайтуы әбден мүмкін.
Бақытқа барар жолда бар мүмкіндігіңізді
дұрыс та, нақты пайдаланыңыз.
Сіз басқаға басқа сізге керек, бұл ешкім
бұза алмас өмір қағидасы.
«Адамның күні адаммен», екенін айтқан да адамдардың өзі. Өз сөзі - өз шындығын өтірік дей алмас. Адамның басты қуанышы - бақыт. Бақыттың құны өте қымбат. Қымбаттығы сонша, қанша тұратынын ешкім тап басып айта алмайды.
Оның кұны да, көлемі де белгісіз. Салмағы мен түсін, мінезі мен мәнісін көруге болады. Түсі - қуаныш келбетінде, салмағы әркімнің көтерер күшіне байланысты. Мінезі салмақты, мәнісі - бақытқа барар жолыңда. Жалғыз кісінің басындағы бақыт тұрақты бола қоймас, қалықтың басындағы бақыт бар адамға ортақ. Себебі Жалғыздан жалпы жаратылады. Аспан, Күн, Ай, Жер, Су жалғыздарға бәріміз ортақпыз, сондықтан олар жалпыға - адамзатқа тән. Өмірден қанағат, бақыт, раһым табамыз. Өмір жақсылығы адамдарға ортақ, сондықган біз бір-бірімізге керекпіз.
Бақытқа барар жалда
жолсеріктерімізді ұмытпайық.
Эпилог
Өмірге де, өзіңе де, өзгеге де кажетті жасалған іс-шара бақыт әкеледі. Бірақ бақыт үшін не керегін сізге өзіңізден басқа ешкім айта алмайды. Ал жоғарыда айтылғанның бәрі жоба, жетек, мысал үлгісі ғана. Сізге бақытқа барар жолдың қандай болатынын ескерткендейміз. Ал сол жолдардың дұрысына түсу, өз қолыңызда, өз ақыл парасатыңызға лайықтап таңдап ала аласыз. Қандай жолдың да кедергісі болады,тегіс асфальт деп ойлаған жолдың өзінде де ой- шұңқыр кездеседі. Біреу құлап,' түра алмай қалса, біреу тез тұрып кете алады. Жолдан шығып кетпей, не ауып кетпей бақылап отырған адам көп қате жібермейді. Бақытгың арқауы бұзылмай әдемі қалып- тасқан өмір - Бақытты өмір. Өзіңіз дұрыс болған сайын басқаны да дұрыстыққа жетелей аласыз, сіз айтпай-ақ ол сізден үлгі ала бастайды. Бұл да бақыттың бастауы.
Бақытқа барар жол жылдамдықты даңғыл
болғанымен оның жиегі бар екенін ұмытпаңыз.
Жол жиегінің қайда және қандай екенін
жүріп өткен біледі.
Жолаушым, жолыңыз Бақыт жолында !!!
АҚИРЕК АҚЗЕР НҰРЛЫ АҚЫЛ
Ұлттыц тегін таба алматн ұлттар, өзге
ұлттыц олжасы. Ататүрік.
Жаза білсец ақылды елден ерек,
Роман жазып үсаңтау неге керек Ж. Ісләм.
8. Әр заманға өзінен шыққан Ұлы да, ақылы асқақ ұстазы да қажет.
10. Аспан да, Жер де, Су да барлық табиғат тірі жүріс қозғалысында,
олар үнемі айналып, жаңарып, өліп, өніп, өсіп, жылап, күліп,
куанып, тоқтаусыз жүріп тұрады.
17. Земля не просто планета, на которой мы живем, а живое существо, которое способно дать, брать, убивать, рожать, рождать, плакать, утишать, дарить, т.д.т.п.
23. Аллаһның шын ниеттері:
Аллаһ сұлу. Сұлулықты жақсы көреді;
Аллаһ адал. Адалдықты сүйеді;
Аллаһ таза. Тазалықты тілеңді;
Аллаһ қайратты. Қажыр-қайраттылықты қуаттайды;
Аллаһ дос. Елмен де, ермен де достықты қалайды;
Аллаһ әділ. Әділдікті уағыздайды;
Аллаһ өнегелі. Өнегелі ілім өміршеңдігін тілейді.
Аллаһ - барлық жақсылықтың тілеушісі.
Байлық та, алтын да жан шуағын мәңгі жылыта алмайды.
Байдьң бар байлығын алып кедейге берсең де, теңдікті орната алмайсың.
890. Өмір атты әткеншекте тербеліп, елге келіп қосылады ел келіп.
Адам-құпиа, адам қайталанбас тұлға.
Өз ақыльң өз құдіретіңе қожа болсын.
361. Шіркін, қазақ-ай, тар төсекте бас қосқан,таңғы ас Тәңірден, деп, таңсәріден ас тосқан, жайсаң жүрек жандар ғой.
978. Айдынның аққуын, ананың әлдиін айала, әспетте, дүние өтеді қас қағым, бір сәтте.
Дүние бір жатқан жұмбақ, әрі жұмақ
Жақсыдан жақсы қасиет жұғады.
363. Инабаттылық - тәртіптің көкесі, әдептілік - әкесі, ізеттілік - інісі, ибалы болсаң, шырағым, кем болмас, сірә, бір ісің.
Денсаулығы заманның - денсаулығы адамның.
Бастың амандығы - деннің саулығы.
Менің шағын әлемім адалдық, жақсылық, әдемілік кепілі, мұның бәрі - денсаулықтың еншісі.
Ескіден қабарың болмаса, жаңаны немен салмақтарсьң.
Қазақты жақсы көру үшін, оның тариһы мен мәдениетіне үңілген, кемелдікті мақсат еткен адам бақытты.
Жоспар құрып, жол тапқанша өмір зу етер, сол себепті ертерек жақсы оймен жолға шық.
Алла берген сыйдан аспа, адам берер сыйды тоспа.
Екі ауыз сөзге тоқтау білмеген, бір ауыз сөзден жанжал білген - көргені жоқ көр соқыр.
Жанжалы толастамас, қызығы озбас адамда келешек жоқ.
Қазақ-қалық. Қилы қиындықта, қызық пен шындықта көрсеткен бірліктерін,табан тіреген тірліктерш, ата-бабаға деген жүрек сертін, намыс тілектерін күнделікті өмірде де көрсете жүрсе, бұдан да ірі, Ұлы қазақ -Ұлы қалық болары сөзсіз.
3 76. Атақ мансап қумадым, ондай үшін тумадым.
Қалсам болар есінде, туған жер, дос, ортаның.
Аулақ жүр айтыс тартыстан, деніңе саулық әкелмес.
Мазасыз майдан не керек, жан жүрек оны көтермес.
Күстәналау, қүнәлау - бойама өмір.
Татымы жоқ жұлдызды, құлай сүйген ұтылды.
Жалқау жанын жылытып жата берер.
Жаманға сөз кайтармағанның өзі де жауап.
384. Адамды сүю, шындықтың жолында күю.
Сәлеміне қарай кісіні таны.
Сәлемі түзудің Әлемі түзу. ’
Жүз жұлдызды қосса да Ай болмайды,
Жүз сұлуды қосса да Күн болмайды.
Наданды нәпсі күйелемек.
Көрем десең көңілді, жүрегіңнің көзін аш.
Жаныма келген кеңшілік бір ұйқас боп қалады.
Адамның ішкі Нұр сәулесінің үш аты бар: еңбекқорлық, жақсылық, кішіпейілділік.
Арсыз - тәкаббарлық шексіздігі,
Аллаһ шеберлігінен аспақ емес.
Нағыз нәркес жаратылыс: нәзіктікке әуес, көркемге құмар.
Сарыарқа қастерлімсің құтгы мекен,
Сүлулықты сүйгенге шабыт берген.
398. Адамның мактаулысындай дара бол,
Тұлпардың баптаулысы дүлдүлдей бол.
400. Ақылын кең болса, мінезің тең болады.
401 Тірлік іс-әрекетінің тым көп болуы шындыққа кедергі.
Уақытым рауа (қуаныш), қарсы алам күнді қуана.
404 Табиғат тілін білгенге жомарт, білмегенге азап, тусінбегенге ажал болуы да кәдік.
414. Өнер- маһаббат, өмір- талас, маһаббатсыз жандар ойға қораш.
415 Жақсы қалық болу үшін, жақсы текті босатпау керек.
Жаксы адам дегізу үшін, текті бабадан жаратылганын естен шығармаған абзал.
417. Тәрбиенің жаманын көр, біл; дұрысын ал.
418. Заман жаман деп, жамандыққа жүгірме, жамандықпен теңеспе
Өз сәнімен көрінсін уақыт ізі, десек те, сұлу болсын қазақ кызы.Санасы салиқалы, ақылы биік, болсыншы болашақта кыздың бәрі.
Отаның, отбасың ойыңнан, сәт, шықпасын, сонда ғана қиындықты бұзасың.
Тулақтай туған жерің - Отаның.
Дүлей ажалын да дүлейліктен табады.
Шындықты шыншыл жүрек қана айта алады,
Меңіреу.таскерең, жүрексіздер шындықтан қорқады.
Бай мен бай дос бола алмай егеседі,
Кедей мсн кедей дос болса, жетіседі,кедсй мен бай дос болса,басқа таласады,
Бәрінен де жүрек көңілі қаласқан
Шын достық мәңгі жарасады.
Алыстағы туыстан, жақындағы көршің қымбат.
Парасат патшайымы - ана.
Ана руһымен сырлас бол.
Үлкенді сыйла құт - болар.
985. Иә,Әруакты түсінбеген тентірер,
Тәңірді түсінбеген мәңгірер.
Тәңірді сыйлап, әруақты құрметтесең
Аллаһ қуат сыйлап,Тәңір шапағатын берер.
988 Сағым жылдар, сағынсам сені жүрегім жырлар.
987. Адам көлемді деңгейді елестете алатын жерде. Ал қиалы болса, талай есікті ашып, талай шыңға шығып, талай терең көк теңізден өте алады. Сонда арманы асқақтай түседі.
2024. Білімде ұлылық, сұлулық. Білімсіз бұл өмір тұнғиық.
Білімді данышпан саналы, өмірде мәңгілік қалады.
2049. Жыл өткен сайын ақылға жалыныштымыз.
2050. Өтірік шындықты түйрейді, өтіріктен өтірік күйрейді.
Уақытгы қуатын адам; жетсем, ұгсам, алсам, болсам дейді, не алып, не үтқанын біліп білмей өмірден өтеді, иаки уақыттан ұтылады.
Арман, ой, тілегімізге мырзалау болайық.Ойлағанды іске асыру адамның өз күш қуатында. Еңбектен зейнет тапсақ, уақыттан оза шауып, өмір қызығына батып, тілегімізге жетеміз.
Уақыт күнделік күнінің өлшемі ғана емес, бүкіл тариһьщ.
Уакыт үнсіз ақылшың.
Уақытын меңгерген адам шын биікте болады.
2157. Өмір атты әткеншекте тербеліп,
Елге келіп қосылады ел келіп.
Құтты болсын Қонысмайың, көш-қоның,
Маған берген Көңілшәйің - дос көңіл.
Достарыңызбен бөлісу: |