Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Нұр сипаты Өлеңдер, әңгіме, һикайалар, дастан Қарағанды, 2013



бет13/14
Дата30.04.2018
өлшемі4,4 Mb.
#40324
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

259. Ақыл төзімі үлкен өмір есігін ашады.

264. Жүрегіңмен тілдескің келсе, сезіміңді меңгере біл.

  1. Алпауытқа да ақыл мен парасат керек, сондай-ақ бизнесменге де білім мен тәжірибе керек.

Құр кеуде, жалмауыз ақша алысқа апармас.Үйрену,тер төгу де бар.Салмақгы кеудеге емес, басқа, ақылға салған жөн болар.

  1. Бейбітшілікті өзіңнен тапсаң, оны барлық жерден кездестіресің.

  1. Туған Жердің Таңы жарық, Күні ыстық, Жері майса, Суы бал.

272. Сырым да сымбатым да - ауылым.

274. Ел қазығы - Ауыл!

277. Ғылым мен ғалым да, ағартушы мен ақын да, емші мен диһаншы да, зергері мен ұстасы да - аул перзенті.

282. Ауыл - Ел тариһы.

286. Қашанда, қайда жүрсең де ең қажет қаруың - Білім!

277. Өз тілін жақсы білген бала, басқа тілді қажетінше өзі-ақ меңгеріп алды.

779. Күпсінбе, балам, байсынып, жылқы ішінде «тайсынып», шындық көңілің бапталса, жүрек, көңіл, ар жүйрік.

  1. Бала бақпа, адам бақ.

  2. Әке шешеге сеніп өскен бала әке шеше бола алмас.

  3. Түске дейін ұйықгаған бала, кешке дейін көзін уқалар.

  4. Керек іс бозбалаға талаптылық, әртүрлі өнер, мінез, жақсы қылық.

  1. Таудан төмен құлаған су, жерге жетсем деп асығады,

Алыста жүрген Ер елге жетсем деп асығады.

  1. Талапты Ер - Нұр жауған ер, талапсыз - қар жауар дер.

802. Тіл - көркем ойдың, биік сезімнің құралы.

810. Ұлтжанды азамат өзгеден бұрын өзіне талап қойады.

812. Жаны таза, намысы биік, жайсаң адамдар кеп болса, Әлем әдемілене түседі.

Еңбекпен нан тап.

861. Әр ұл Төлеген болса, қыздарымыздың Қыз Жібектей қылықты боларына сеніңіз.

879. Көргенсіз кері кеткенге ереді.

882. Талап көп, дарын біреу.

885. Мамаңдықгың ең жақсысы өзіңе ұнайтыны.

895. Құлағанды көтеру үшін еңкей.

897. Жанұйаңды жаныңнан артық көр.

  1. Адамға мейірімді, еңбекке пейілді бол.

  2. Олжасты оқысаң ойың орамды болады.

Ақындарын Елімнің багалаймын,

Көсем сөздің көшесін аралаймын. /Түрсынһан/

  1. Ақынға қашанда алдына бас иетін Муза керек. Ақын біреуге ғашық, бір затқа құмар болмаса, өлең тумайды. Ол мінездің тұрақсыздығы емес, жүректің оттылығы, жанының нәзіктігі, қана жүйесінің ғажаптығы.

12. Романтикалық ойларға күндіз емес, түн құшагында молырақ шомудың себебі неліктен екен?! Сірә, тыныштьщтан болар...

20. Жазушы заманының жоқшысы, ақын заманының сақшысы.

115. Ізденіс - шығармашылық қайнары.

163. Өнер - білімнің ұстаһанасы.

206. Жазамын бүгінгіні болсын деп, ертең тариһ.

220. Ақын - Әлем, ол - Индивидиум (даралық).

312. Ақынның тағдыр таңы тым ерекше.

  1. Ғасыр үні - тариһы қазағымның.

  2. Өлеңім ізгілікті ала келді.

  3. Ақындық өнер - сөз өнерінің аса қадірлі саласы, ақын бойын- дагы шығармашылық қуат пен шынайы таланттың биік өлшем- нің тоғысуы.

  4. Ұлт әдебиетіндегі сезім мен ақьш сырының шабыты астасуынан керінетін әсемдік әлеміне, өлең сөздің қасиетті биігіне бас иіп, оны өнер атаулының ең биігіне санап, қазақ ежелден-ақ әділ бағасын беріп отырған.

  5. Өлең - ақын жанының кеудесін кернеген, жүрегін тербеген қуатты ойдың жемісі.

  6. Ойды сұлу өрнектеп, көркемдеп, әсемдеп жеткізу үшін ақынның тіл шеберлігі тым қажет.



  1. Жазушының жаны сөз шырайынан көрініп тұрмақ.

  2. Ақын дарьгаының сипатын танытар: сөзінің құлішруы, шалқуы, күлуі, күрсінуі, сыйы мен сырлы сұһбаты болар.

  1. Қазақтың асыл сөздері тамырлы, несібелі, қазыналы, қайратты

  1. Ұлт ақыны ұлттық сөз топтайды, қалық ақыны қалық атынан сөз саптайды.

  1. Толғауы тоқсан қызыл тілдің де шабыт шаттығын шұрайландырған ақын деп танимыз.

343. Нағыз философ ақын ешкімнің алдында кішіреймейді,епггеме іздемейді,ешкімге жалынбайды, оның адамгершілік абройы бәрінен де өзіне қымбат.

  1. Өлең, шіркін, қанаты жетілген жыл құсы, жүрек түбінің жан сарайында бұғынып жата бере алмайды, жетілген сәтте-ақ самғайды.

  2. Назира-Назым, кешір мені, мүмкін саған кеш келдім.

Себебі: бала туып, бай бақтым,сондықтан

Поэзия жүрегінің қақпасын кеш аштым.

Анда-санда бір жазып, көкіректегі сезімнен Бірде жылап, кейде азып, таң асырып, дір қақгым.

Жазбасыма қоймадың, түкпірінен жүректің,

Жыр маржаны жарқырап, сыйа алмай жанға Төгіле тасып,тау-тасты жара жарыстың,

Мақтаным боп менің, мақтаны бол елдің. Тілегім!

  1. Кемел қасиеттерді жаңартушы да, жаңғыртушы да ақын.

  1. Ақын мұнды жырласа көңіл кірінен арылғаны.

  2. Ақын көңіл шерін жазбаса, жан күйін жарақат басып, жан дүниесі құлазып, жүрек сезімі тотыққандай болады.

  1. Құпиа жыр болады жазылмаған,

Құпиа сыр болады айтылмаған Құпиа, сөзі болмағанда Құпиалық та болмаған болар еді.

  1. Жазирама жеткізем жырмен жылу

  1. Ақын жүрек тым нэзік, мінезі бірде дауылдай,

Лүфіген жүрек басылмай, өлмесін ақын ауырмай.

  1. Жетекке ақын жүрмейді, арам көз есерді сүймейді,

Дегенше уақыт зымырап, танылу жыры түлейді.

  1. Ғайыптан келген шарапат, Аллаһдан келген аманат,

Ақындықтың Әлемі даралық болар, жәмиғат.

509. Маһаббат, деген таң гүлін жүремін айтып ән қылып,

Ақын, Әлем - жалғыздык, маздатам отын ән қылып.

  1. Ақындық - сөз өнерінің биік өлшемі.

  2. Ұлт әдебиетіндегі сыр мен сұлулық - әсемдік әлемі.

630. Дала - дастан, емір - кітап, мен соның бір парағы.

  1. Ақынның қыран қиалы, қиаға қыран қарайды,

Жақсыны жаны қалайды, достықта ақын арайлы.

623. Жырымды біреу оқыр, біреу тоқыр, ұқканы ұғар, ұқпағанның болады көңілі соқыр.

638. Адамның арманын өлеңмен өзіне арнадым.

Сырының мазмұнын сөзіме жалғадым.

821. Әр ақынның өз көзі, өз ойы, өз сөзі болуы керек.

850. Абай мен Мұқтарды олардың өз тілінде оқығанға жетер жоқ.

855. Ақындық, суретшілік өнер өмірден әрқашан биік.

Ол өткенді, бүгінді,болашақты көре алар дәрежеде.

  1. Жазушы мен ақын қалықтың руһани көсемі, жаны, жүрегі.

  2. Жас ақын - болашақ, қарт ақын - өткеннің үлгісі.

1039. Әр жылым - роман, әр күнім - новелла.

1059. Ақындық кәсіп емес, Аллаһдан адамға берілген тағдыр сыйы

ТӨРТТАҒАН


*** Қарапайым мен бір жанмын

Қалқыммен жарасамын.

Отаным аман болса,

Биікпен таласамын.

*** Ата - анадан жалқымын,

Жалқылық өмір талқысы

Мәпелеп сүйген ата - анам,

Пейіште нұрың шалқысын.

*** Ақ жауын -ау, ақ жауын,

Айдын көкті арала.

Ақшағала аймалап,

Толқын төсін жағала.

*** Айаулы көктемім,

Күледі көкте күн,

Қалауым, көктемім,

Өзіңмен бірге көктедім


*** Дала жым-жырт,

һош иісті айнала

Гүлі өсіп, шөбі толқыған,

Сүйемін жерді балаша.

*** Нәзік те көркем гүлдерім,

Көктемде нәркес гүлдедің.

Айалап, өбіп аймалап,

Жинадым алуан түрлерін.

*** Айлы түн астында

Ақ гүлдер қасымда.

Өзінді сүйдім,

Басқаға қимай, күйдім.

*** Тұнған ой түйсікте,

Тұншықпа сезімге

Жоқтан бар жасайды,

Жан жүрек сезінсе.

*** Қайда барсам да,

Нені қаласам да

Менің ыстық жүрегім,

Қалады жыр төрінде

*** Туысың бере алмас,

Жақының көре алмас.

Досым бар менің қимас

Деген сөзді еш қазақ тыймас
Ұлы Дала ұраным,

Төрімде тұр құраным

Дәнекер бол, -деп тіліңе,

Ұл - қызымнан сұрарым.

*** Есейгенді ер жетті,- дейміз,

Есеюді ес кірді- дейміз,

Есерлеу өткен жас дәуренді

Ата - анаға еркелік,-дейміз.


Ұлағатты ақынның

Еліне тиер пайдасы.

Тентек, содыр жігіттің,

Өзіне тиер найзасы.

*** Бір тәуекел бұзады,

Қайғының бар «қаласын»

Бір жақсы сөз жазады,

Мұң көңілдің жарасың

Жыр құмарлық ақынды тербетеді,

Шер толқытқан көңілді сергітеді

Сен ақын ол ақынды оқи жүрсең,

Жүрекке сыр құйып, жанды елітеді.

*** Қуансам да жыр жазам,

Мұңайсам да жыр жазам,

Армандасам алысты,

Жыр төгемін жалынды

Ақ парағым асыл дос,

Үкілетем үлгі сөз.

Ақ бетіңе сырғыған,

Ақ қағазға қалам дос.

*** Өкіндірме төзімді өктем өмір

Ізгілікті жақтайды көктем


Жақсылық пен жамандық

Бірін бірі аңдиды пиғылды адам,

Түбі бір күн қаңғиды.

*** Жақсылықгы көп жаса,

Қайырымы Аллаһдан,

Жақсылыққа жан тұнып,

Бақ пен бірлік жарасқан.
Алтын күн, күміс Ай

Жылуын, шапағын шашады.

Туған жер төріне

Бар нұрын төгеді айамай.


***Аулақ бол айтыс-тартыстан

Деніңе саулық әпермес.

Мазасыз майдан не керек?

Жан жүрек оны көтермес.

Жалғыздық та қасірет,

Басынар кейде кесір кеп.

Жабырқама жасыма,

Алдыңда талай өмір көп.

*** Ақындар,ақындар,

Ақылға жақындар.

Ақынның жан сыры

Қуатқа табынар

Жүректі тербеткен,

Құлашты серметкен,

Кеңіл күй базарым,

Өлең жыр ажарым

*** Ұйқыны қуады,

Таң ата туады,

Бір ғажап сиқыр үн,

Жүректі буады.

Самала жұлдыздар

Таң туа тарайды.

Сылаңдап,сығалап,

Ай сұлу қарайды.

*** Керек іс бозбалаға талаптылық,

Әртүрлі өнер, мінез, жақсы қылық.

Туған жер,елі үшін ер күйеді,

Отанын сүйген ұлды ел сүйеді.

Көгілдір аспан, алтын күн,

Күміс айлы мөдір су,

Құнарлы қойнау,от жалын,

Өмірдін бес ғайыбы.


*** Қырандай алғыр,

Сұңқардай өрде, биікте.

Тылсым сыр ұғар жасы бар,

Жаны жомарт, ой терең,

Сұлу да,сырлы заты бар.

*** Өтірік деген дүптпан бар,

Отқа сүйреп салатын.

Шындық деген досым бар,

Биіктерге тартатын.

*** Асылдық тағдыр киесі,

Нэзіктік жанның иесі

Жақсылықтың бэрі

Адам, саған тиесі.

*** Мен бір жан қарапайым,

Қалқыммен жарасамын,

Отаным аман болса,

Биікке таласамын,

*** Алыптар алтын бесігі -

Жүрекке әсер қалдырған.

Мектеп білім бесігі -

Жүректен жазу жаздырған.

*** Жылауық жыр жабыспа етегіме,

Тілектерді қосайын тілегіме,

Арманымның Аққұсы өлең болса,

Қонақтасын Аққұсым жүрегіме.

*** Көңіл, шіркін, көкдөнен,

Тынбай шауып, өрлеген.

Қалды алыста бала кез,

Алда биік бес белес.

Әке баласын қорғайды,

Ана сәбиін қорғайды,

Ата немересін қорғайды,

Ер елін қорғайды

Елі ерін қорғайды.

(Айғыр үйірін қорғайды,

Аққу бірінсіз -бірі көлге қонбайды).

*** Барлық істі Аллаһ оңдасын,

Бабадан қалган жеріме

Бөтендер келіп қонбасын,

Отан ана бай болсын

Жүрек саулығы сай болсы.

*** Қыс соңынан келетін,

Жазғытұры себеле

Жаңбыры құйып көктемнің

Өзеннің толар селебі

*** Самал салқын сананы ширатады,

Сол шымырдан жүрегің ширығады.

Салиқалы сезімге қанат бітіп,

Алға ұмтылып озады жыр тұлпары

Һикайалар


Күншуақел

(өсиет - қисса)

Ерте, ерте, ертеде,

Береке, дарын, бақ қонған,

Базарлы, баулы, байанды,

Бір ғажайып Ел болған.

Таулары заңғар асқақты,

Қар жамылған шың басы.

Түгін тартса май шыққан,

Шүйгін дала жайқалған..

Жер шұрайы қара орман,

Мөлдір бұлақ өзен-көл.

Өзіне ғашық етіпті,

Көрмегенге арман ол.

Сол Елдің үлкен-кішісі

Үлкенін сыйлап бата алған.

Күншуақел,- деп, аталып,

Кешіпті ғұмыр бақыттан.

Күншуақел ғажайып,

Ынтымақшыл болыпты,

Жігіттері ержүрек

Қыздары - ақыл, көрікті.

Ақылына есі сай,

Қыз-жігіт көркем аққудай.

Қариалары қадірлі,

Парасат шеруін тартқандай.

Бөтен жерге қызықпай,

Қызғанбай бөтен бақытын.

Өз жерінің келбетін,

Мақтан тұтып өтіпті.

Зырғып күндер, сырғып ай,

Жылдар да желіп өтіпті.

Қанағат етіп бақытын,

Адалдық тұғырға жетіпті.

Күндерден күн озғанда...

Күншуақ елін қызғанған

Бақытына қызыққан,

Қара жүрек жау шапқан.

Қапысын тауып бас салып,

Үрейін елдің қашырған.

Қаруға қолы жете алмай,

Батырлар жүрегі қарылған.

Қапаланып қарттары,

Арулары жылаған.

Қамдана алмай қапа боп,

Тұтқынға түсіп айдалған.

Аңдыған жау алады,

Қанқұйды дұшпан жарағы.

Қозыдай елді көгендеп,

Қорғанға үлкен қамады.


Тас қорғанда қалың ел,

Ұшарға құстай қанат жоқ.

Телміре қарады Ай, Күнге

Құтыларға дәрмен жоқ.

Арада күндер өтеді,

Көмекті қайдан күтеді.

Биік қорған, тас қамал,

Не амал, қайран бітеді.



Күндерден күн өтеді, бір күні мезгіл жетеді:

«Уа, тұтқындар!»-деп жар салды,

Мұнарадан жау елші.

Әміршінің бұйрығын

Жеткізіп, дабыл қағады.

-Бұйрыққа құлақ салыңдар,

Жақсылап ұғып алындар.

Құдіреті күшті Әмірші,

Мейірімі шексіз, жарлығы:

«Тұтқын болған әйелдер,

Сендерге азатгық береді,

Қолынан ұстар баламен,

Көтерерлік жүгімен, шығуына болады;

Қалған ердің азабы,

Әміршінің қалауы.

Тас қорғанның ішінде,

Ерлер ажал табады».

Мына пасық жарлығы

Күншуақ Елін жасытгы.

«һан жарлығы екі емес»,-

Деп жаршы дабыл қағады

Үш күнге мұрсат берілді,

Қан жылап, қалық езілді.

Ерлерін түгел қырғанда,

Ару, жас балаға кім пана.

Мұндай сұмдық ниеттен,

Қанаты ерлер қайрылды

Ақыл қосып, қайраты

Жұрағатқа үміт артады.

Бұл шешімнен тұтқында,

Күңіреніп ана жылайды.

Ажал күткен әкеге,

Балалар шулап қарайды.

Осы кезде ақ шәшті

Ананың даусы саңқ етті,

Ақылын айтты Еліне,

Үміттің оты жарқ етті:

«Сабыр, сабыр, бауырлар,

Көз жасы араша болмайды.

Көз жастан толса теңіз-көл

Боздақтар қайда, болмайды.

Өмір көші қатал заң,

Ақыл мен қайрат қосылсын.

Әміршінің қабары

Өз аузынан естілсін.

Сабырмен ақыл қорытайық

Жау сөзінен қорықпайық,

Бұлжытпасқа ант етсін,

Дегенін сонда жасайық».

Ақ шәшті ана ойына

Түсініп, жете білмеді.

Үлкенді тыңдау дәстүрімен,

Сөзіне құрмет береді.

Тұтқындар қойған талапқа

Бәлденбей Әмірші келеді.

Жарлығын айтып, қайталап,

һан сөзі берік!-дегені.

Ақ шәшті ана тіл қатты:

«Уа, Әмірші,ант еттің,

Шартыңды аузыңнан естідік,

Шартыңда тұр, қақпаңды аш».

«Бердім уәде, анық сөз,

Көк Тәңір атынан ант еттім»,

Деп Әмірші, сілкініп,

Қақпаны аш,-деп, нұсқады.

Осы кезде ақ ана

Балаларын жетектеп,

Ақсақалын арқалап,

Қақпадан шықгы Бақ қалап.

Алданғанын сезініп,

Әмірші деді: « бұл қалай»,

Ақ шәшті ана бұрылып,-деп еді,

«Көтерер жүгім осындай»,

Басқа әйел, аналар,

Ақ ана соңынан шұбырды.

Балаларын жетелеп,

Күйеу-жүкпен жүгірді.

Осылайша шықты олар,

Аман есен қорғаннан

Ақыл парасат Анадан

Күн шуағындай тараған

«Әйелдің ақыл айласы,

Қырық есекке жүк болған»,-

Деген мақал мәнісі

Таралған үлгі анадан.

Жер Анасы - Ер Ана.

Аналардың келбеті,

Сол Анадан жаралған

Күншуақ Елі ержетті.

Ұрпақтарға үлгілеп,

Қыз-келінін бұлбұл деп,

Күншуақелі сыйлайды,

Әйел ананы, тым, ерек,

Бұрыннан бетер құрметтеп,

Аналарын сыйлапты.

Сол күннен бастап Әйелге,

Оң жақтан орын сайлапты.

Ұрандап әйел атымен,

Тауға да атын беріпті,

Мөлдір бұлақ, көлге де,

Әйелдер есімін беріпті.

Ең қымбатты мұрасы –

Тілі емес пе Отанның,

Ана тіл, деп оған да,

Ана есімді беріпті.

Жер Анасы - Ана тілі,

Сүтінен ана жаралған.

Құрмет, қасиет, парасат,

Ана сүтінен нәр алған.

Күншуақел осылай,

Өмір кешті мамыражай.

Кұрметтеп Әйел, Анасын

Сыйлайды жанын айамай.

Күншуақелдің қыздары

Ақылына көркі сай,

Мақтауға да тұрады

Мақтанайық осылай.

Бақытты Батыр аналар,

Ана тілдің қамқоры.

Күш беріп, ақыл жинаған

Жер Ана - ғұмыр-күш,кегі.

О, аналар, аналар, аналар,

Күн, Жұлдызға пара-пар,

Күншуақелдің төрінде,

Асыл тассың бәріңде.

Түйін:


Болашақтың қыздары,

Жақсыдан үлгі алыңдар

Жақсы келін, жақсы ана,

Алтын қақпа болыңдар!.

Сланұлы Ақселеу, жазған екен әпсана.

Оқығаннан ой туып,

Термеледім өлеңмен

Сұлу сөзбен ой түйіп.

Сібірледі ақ таңда,

Дамылдайық Нұрбақта,

Аналарды, баланы,

Сақтасын,Ұлы бірАллаһ!

ДІНДАР

(эпсана)


Қаланың қақпа қасынан,

Даланың дауыл тасынан

Үлкен базар қасынан

Қайғы, соры басынан.

Мекке, Римнің қасынан

Күйдірген күннің астымен

Жердің басып ыстығын

Жат жерлік діндар келеді.

Майысып белі бүгілген,

Ашқарын, жарты жалаңаш

Түнеріп, көзі батқандай,

Жүрегі толы атқан таң

Соңында қалған саһара

Құмдары сыңси ән салған,

Күндері күліп шығады,

Жұлдыздар жайнап төбеде

Құстары сайрап үн қатты:

-Өмір осылай тұра ма?

-Иә, осылай болады,

«Таңқалардай дүние:

Өтірікшілер тозады

Өкпесі өшіп талады,

Мүмкін қолы жетпейтін

Шексіздіктерге толады.

Иаки, езің де ойларсың

Мені де бір қолдарсың.

Бірінші, сен Аллаһға,

Екінші, сен өзіңе,

Үшінші, сен Еліңе

Төртінші, сен анаңа,

Бесінші, сен балаңа

Орындалсын жақсы ойың,

Қабылдансын тілегің.

Шын тілек тіле Тәңірден.

Жолдарда жолда қалады,

Жаңа жолды адам салады.

Болмасын елес айтқаным

Қабылда ұғып бағасын.

Жаратқан Тәңір пендесін

Бір өзі жебеп-желесін», -

Деп діндар, жолға қарады,

Алға басып қадамы

Дүниеден озып барады..

ТАРБАҚ (СУЫР) -АҢ

(һикайат)

Талай аң - кұс жанымен

Емдейді емшідей тәнімен

Талай ауру жазылған,

Емнің дұрыс көзінен.

Талай аң - кұс мекені

Дала, тауда, жазықта

Әлпі, Тарбағатайда

Тарбақ - суыр мекені.

Тарбағатай таулары,

Мекені сұлу Тарбаған*

Күйбең қағып, ін қазып,

Көктем сайын тынбаған.

Тарбақ іні-үлкен үй

Бес бөлмелі пәтердей,

Құрғақ жатар орыны,

Дәретқана бөлек үй.

Өте ұзын дәлізді,

Қысқы ұйқының бөлмесі

Дамылдайды ұйқыда,

Бала-шаға, әулеті.

Дайыңдық күзден басталып,

Төсенішке шөп үйіп,

Алтай қыста ұйықтап,

Түс көреді пысылдап.

Қауіп төнер, қатер сәтке,

Арналады басқа есік.

Түске сенбес, үйқы сергек,

Түйсіктері тым ерек.
Дұшпаны көп суырдың,

Бірі - адам, бірі - аю,

Тарбақ інін қопарады,

Тамақ іздеп долы аю.

Есігінен бірінші үйдің,

Тарбақ лебін сезеді.

Қасқырға ұқсап, аю мінез

Желжақтан иіс келеді.

Қысқы боран айаздарда,

Аю, борсық үйқыда.

Суыр тарбақ, кірпі, жәндік

Ұйықтап өліп жатуда.

Бірақ қатер, аштық туса

Ойанар сәті болады.

Ұйқыны қуып, айла жасап,

Басқа есіктен қашады.



*Тарбаған (суыр) - Әлпінің Суыртауында жэнеАрқа жазығында мекендейтін аң.

Жазда жазғы үй жасайды,

Көлеңкелеп жатуға

Дәретқана іннен жеке,

Сайланады аулақта.

Тарбақ аңның тазасы

Бұзбайды өзіндік қазасын.

Арам асты жемейді,

Жейді дәрі-шөп тазасын.

Қашса басын сауғалайтын,

Жайдақ іні тағы бар.

Қолға түссе, бетін басып,

Жылайды екен адамша.

Қолыменен дәнді үгітіп,



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет