Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Нұр сипаты Өлеңдер, әңгіме, һикайалар, дастан Қарағанды, 2013



бет4/14
Дата30.04.2018
өлшемі4,4 Mb.
#40324
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

ЕЛ ӨСКЕН

Даналыққа жеткен де,

Жерге сәуле сепкен де,

Аспан бұлтын тарқатьш,

Ұлтына тілін берген де.

Үндестігін тілінің,

Анықтай ашып көрген де

Қиындыққа мойымай

Азаттық күресі жүрген де.

Кемелді ойдың кентінен

Сабақтап жіпті өрген де

Қайғы мұңды ұмытып,

Жаңа өмірді көрген де.

Күресіп шындық белдескен,

Қазақ пен ұлттар елдескен

Бір - бірімен сен,- деспей

Далалық қалық - Ел өскен.
НҰРЛЫ ӨМІРДІ СҮЙЕМІН

Сал жігіттей көрінеді жырларым,

Тәтті өмірді, пәк көңілді жырладым.

Әлі талай гүл құшақтап, Күн құшам

Жазылады талай әппәқ сырларым.

Сүйем сені сұлу жырлар сиқырлы,

Сеніменен жаным бірге бір қилы.

Асау жаным бір өзіңнен сусындап,

Күтем сенен жанға сайа бір сыйды.

Айды аймалап, Күнге күліп қараймын,

Жақсылықты жүрек сүйіп қалайды.

Әсем сазды, қоңыр назды жырыммен

Нұрлы өмірді сүюге мен жараймын.
НӘЗІК СЕЗІМ

Ақын - қыран қиалы

Қиаға қыран қарайды.

Жақсыны жаны қалайды

Достықта ақын арайлы.

Ақын жүрек тым нәзік

Мінезі соққан дауылдай.

Лүфіген жүрек басылса,

Өледі ақын ауырмай.
ӨЗЕН АҒАДЫ АРНАСЫМЕН

Өмір өзен жылжиды тынбай ағып,

Әр қойнаудың, әр тастың төсін қағып.

Өзім жайлы жырды да өзім жазып,

Тыншымаймын өмірдің көзін бағып.

Өзен мәңгі жылжиды арнасымен,

Айналады жағалап Әлемді кең.

Өмір -тариһ, тарауы тұлпар шабыс, .

Қарапайым шындықты негіздеген.

Өмір-өзен жылжиды арнасымен

Бір шомылып қалғайсың Һақ ісімен

Екінші рет сол суға шомылмассың,

Өл үздіксіз ағыста Аллаһ ісімен.
МЕН БІР ЖҰЛДЫЗБАЛЫҚПЫН

(кейіптеу)

Мінезім бар Алым-берім екпінді,

Ұқсастық бар мінезімде

Теңіздегі,

Нағыз...

Жұлдызбалық секілді...

Нағыз жұлдызбалық секілді:

Жараланам, жұлынам,

Жабырқаймын, жабығам.

Сонда да өлмей,

Қайта түлеп,

Түрленемін, толысам.

Мен бір, жұлдызбалық секілді:

Қиналамын, қидаланам,

Жұлынғандай бір мүшем,

Қиылады қолымда,

Қиралаңдап,

Жыртылады жолым да.

Бірақ,бірақ,

Мен өлмеймін,

Мен өшпеймін өзгеріп.

Түрленемін,

Жетіледі бар мүшем,

Мен бір Жұлдызбалықпын.

Жұлдызбалық су түбінде

Таңғажайып елінде


Мен де жүрмін жер бетінде

Сүйіп туған мекенді.

Ұқсастық бар мінезімде,

Теңіз сүйген Жұлдызбалық секілді. 2002


САЛАЙЫН СӨЗДІҢ САРАЙЫН

(сөз сарасы)

Бала едім кеше кекілді

Ақыл-оймен есейдім

Отырған жазып бұл жырды

Мен емес, бір күш секілді.

Ән тындап, өлең жазбасам,

Торығып, бір сәт, тарығам.

Атамның тілі-ақындық.

Назерке сырмен толысам.

Сезімім сырды тербейді,

Қиалды жебеп сұлу сыр.

Болмасам да ақиық...

Көзайым болсын мәңгі жыр

Жыр жазбасам жұтандап,

Өмірге мына сыймаймын.

Күмбезін көкке көтеріп,

Сарайын сөздің салайын. 2002
ТІЛ ТИЕГІ

Тіл тиегі. Тіл - достықтың тірегі,

Тіл - құдірет,

Болашағы қазақтың,

Тіл- ғанибет. Тіл - қасиет,өнеге,

Салт - дәстүрі,

Бақыты мұсылманның.

Тілге тиек. Қазақша сөйлеу мәні

Өз тіліңде ойлансаң,

Кіреді сөздің жаны.

Тіл өнеге. Өршіл тіл ықгырады,

Басты иілтіп,

Айаққа жықтырады.

Тіл құдірет. Қорықпа, көтер мәнін

Ана тілді құрметте,

Қазақел, болашағың. 2010



СҮЙЕМ СЕНІ, ТУҒАН ЖЕР

Отаным өлкем -туған жер

Көркейіп, гүлдеп жайнай бер.

Таза ауа, кәусәр бұлағың,

Көкорай шалғын тұрағың.

Шуақты күнің, жарық ай,

Көлдерің мөлдір гауһардай.

Жүрекке қуаныш құйасың

Көңілде мәңгі тұрасың

Ортақ бізге тойларың,

Бірлік, Бақыт,Берекең.

Көтерем көкке атыңды,

Биіктен орын аласың,

Орындалып талабың

Парасат егір барасың.

Сүйем сені туған жер

Жүректе мәңгі тұрасың. 2007
ҒАШЫҚПЫН

Мен ғашықпын...

Ғашық болам әлі де,

Ғашықжүрек Бағынады

Тәңірге Мен ғашықпын

Аспандағы жұлдызға,

Ай ару мен

Күлімдеген Күн қызға.

Мен ғашықпын

Аспан - әлем көгіне,

Өздеріңді мақтап өтем,

Мүшәйра-жырдың төрінде. 2004


ДАРИҒА-АЙ, ШІРКІН

(мұң - элегия)

Жай тапса көңіл қалауы

Ғашықтың оты жанады.

Ғашықтың көзі -ессіз көз,

Таудан да биік,

Биік-ау, оның талабы.
Қайырмасы: Дариғай, шіркін,

Өтеді-ау бір күн

Сырласқан түндер,

Сыйлас күн.

Қимай да, қимай,

Қош дер-ау, бір күн, амалсыз.

Неліктен, неге, апыр-ай,

Ғашықтар өткен қосылмай?!

Ғашықтық -мәңгі тіршілік

Айтамын сырын ән қылып

Өксітіп өмірін, мәнжұқ қып,

Қозы мен Байан өтіпті,

Қалдырып өмірін сән қылып,

Қайырмасы

«Ғашықтың тілі тілсіз тіл,

Көзбенен көріп, ішпен біл», -

Дегенде, Абай, апырмай,

Білген-ау бәрін,

Білген-ау ,бәрін осылай.


ТІЛЕК ҮН

Мендағы бір атаның баласымын,

Жанымның кім түсінер мағынасын

Тектінің қанасынан жаралмаса,

Өнердің бұйырмақшы қай саласы,

Тектіні жалғастырар текті ұрпақ,

Рудың бәрі текті ойлап тұрсақ

Сәбәбі ,Ұлы Дала үлгі болып,

Батыр, Би Ұлағатты жалғастырған.

Қазаққа Аллаһ берген жеті өнерді:

Баласы бәйгі алып, белдеседі,

Бір сәтте сілкіндіріп Саһараны

Күй шертіп, ән сұлуын селдетеді.

Арқада, әу, демейтін қазақ бар ма?!

Бір ауыз өлең жазбай көңлі толмас!

Жырауы жарылқайды елін мақтап,

Қисығын түзетеді айтыс баптап.

Қазақел әрі аңшы, дүр сайатшы,

Шындыққа тіреледі сөз байаны.

Айатты жатқа біліп, намаз оқып,

Қастерлеп, құрметтейді байағыны.

Байағы бастауы ғой бүгінгінің

Болашақ жалғастырсын ергеңгісін.

Қуатты Қазақелі мәнді жасап,

Мәңгіге дәуірлесін қазақ үні. 2011
ӘЛЕМНІҢ БАЛАСЫМЫН

(толқу)

Мен адаммын

Аллаһ! -деймін, азбайды, адал демім.

Жер - жәннәтін -Тәңірім жаратты пәк,

Адам болып өмірге жаралдым сәт!

Ой түйемін, өремін өмір сөзін,

Тариһымнан бабалар көрем көзін.

Әлем қамы мөлдір түс келбетті де,

Мол тыныштық орнасын жер бетіне

Алыптардан ақ маңдай туады адам,

Керек десең би, батыр, мырза бабам.

Табиғатган айналдым жаратылған,

Тік түрғызған адамды айағынан.

Өмір мәңгі адамды алмастырған,

Тек, ғасырын жылжытыл, ауыстырған

Жұмбақ, мына, Әлемнің жұмағының

Баласымын өмірді жалғастырған

АҚЫЛДЫ МАЗАЛАЙДЫ

Дамылсыз дүние ақылды мазалайды,

Көне берсең ырқына жазалайды.

Мұңы да бар жетерлік бір басыңа,

Күндері бар, береді ойлануға.

Жалған дүние ырқына көне алмаспын,

Адасқақ, қаңқу сөзге төзе алмаспын,

Күндерімнің кеңілі таза маған,

Сұңқар көңлім бағады тәтті арманды.

Арманым бар бұлақтай буырқанған,

Жүрегімде жасын от жарқылдаған.

Аққу сезім бұйыртып сәттілікті,

Құпианың қақпасын ашты маған.

Таныс маған бұл өмір бала кезден,

«Жақсыда жатгық жоқ»,- деп дала кезгем.

«Сырлы айақтан сыр кетсе, сыны қалар»,

Маһаббатқа ризамын мәңгі өбкен.

Талапсызға қайранмын тасырайған,

Бал орнына су берген қосып айран.

Шала сөзі секілді шалабындай,

Парасаттың бүгінде парқы азайған.

Жайсыздық күй ойымды мазалайды,

Шындығым бар жүректе жанға жайлы

Мәртебелі Елімнің бірлігі үшін,.

Жан жүйемді ақыл- ой мазалайды. 2005
АҚЫЛНАМА

Құлата білсең құларды,

Ақылдыдан құлай біл.

Сұлата білсең жаманды,

Жақсы жолында құлай біл.

Жылата білсең жәллепті,

Жамалыңа жылай біл.

Жұбатпасаң жақынды,

Жұбатар жақын неғайбіл.

Бала болдың, жас болдың

Көрдің көңіл тоқтығын.

Биіктерге құлаш ұр,

Өмірдің термей боқтығын.

Жақсылықты ұғып біл,

Жамандықты шолып біл.

Жаманды бастан асырмай,

Ақылынды толықтыр.

Бақытқа үлкен қадам бас,

Жақсылық тілеп адамға.

«Ақырын жүріп, анық бас.

Еңбегің кетпес далаға». 2006
ҮНДЕСУ

(дүлдүл ақын О. Иранбекке еліктеу)

Жүрегіміз бірлікпенен үндессін,

Ақ тілектен көңіліміз мың өссін,

Өмірдегі пәк жақсылық сыйластық,

Ынтымақты ту етейік мирас қып.

Нәзік жыр да, маһаббатта үлесті,

Әлемде бар ақындардың үлесі.

Сыпайылық - тазалығы жүректің,

Таза жүрек - күтімі ғой тілектің. 2012
ШАРИҒАТ

Шариғат - бұлжымау заңы Ісләмнің

Міндеп болмақ мұсылманның

Нәпсіні тыйып, іздену

Тариһат, Ғибрат ұстаньш.

һақиқат — шындық таңдауы,

Үндессе құрмет — мақтаулы

Жүрекпен тану Әлемді –

Марифат биікті аңдауы.
ИМАН СӨЗІН БАЙЫПТА

Имансыздың қателігін айыпта,

Иман сөзін жүрегіңмен байыпта

Жаман іске жүрегіңмен қарсы бол,

Іс- шараңды жүрегіңе лайықта.

Көре тұра еш әрекет қылмасаң

Жақсылықтың жолын нұсқап бүрмасаң,

Бұл әлсіздік, бей - берекет күй кешу,

Иман шартқа, азаматқа лайық па?!
ЖӘМИҒАТҚА ҺҮСНИҚАТ

Һақтан қорық,

иманың болсын ойыңда.

Имансыз, арсыз,

керексізқай дүниада.

Мұңсыз өмір

сүре алмас имансыз,
Имандының

жүзі жарқын, илан шын.

Имансыздық

қоғамның дерт - ауруы,

Жаман істің

оңай бойға даруы.

Имандылық

қоғамның арқа тірегі,

Адамзаттың

имандылық тілегі.

Ар- ұйаттан

лүфіп соғар жүрегің,

Бірлікте ұста

жүрегіңнің тірлігін.

Дүние -заман

қым- қиғаштық куәсі,

Бұл шараға

бар ма өмір дауасы.

Жақсылықгың

дәмін татып, нәрін ал,

Жақсыларға

жақсы келіп паналар.

Жалған дүние

таразысы мөлшерлі,

Көз тойымсыз,

жүрек білсін мөлшерді.

Аллаһ берсін

өмірлерге салауат,

Жаздым арнап

жастарыма һұсниқат

Аллаһ берген

жақсылықты жанға тұт,

Пайғамбардың

үммәті бол, жәмиғат. 2007


ӨМІРДЕН КӨҢІЛ АЙНЫМАС
Дауылды боран соқса да,

Үмітті үзбей тоса біл.

Қалдырып артқа мезгілді,

Болашаққа аттай біл.

Сағат тым жылдам соқса да,

Жүрекке қыспақ болмасын.

Өтсе де ғұмыр мұнарлы.

Сақталсын нағыз құнары.

Қайтпайды уақыт қашанда

Қайтарып ешкім ала алмас.

Өмірдің еткен бейнесі,

Мәңгіге жадта сақталсын.

Дүниә мәңгі, өмір бар,

Сізге де, бізге жетерлік.

Өткен өмір қайрылмас,

Өмірден көңіл айнымас.


ӨЛЕҢГЕ АМАНАТ

Өлеңге салдым назымду,

Өмірден алдым сазымды.

Әуезді әнге қосақтап,

Өлеңмен айттым барымды.

Көңілдегі көркем ой,

Өлеңім саған аманат.

Заңын сүйген шындық сөз-

Ғылым, білім, маһаббат.
ҚҰСТАР КЕЛДІ

(Әнге еліктеу)

Құстар ұшып,

Оралды мекеніне.

Көк аспаннан

Қиқулап ән төгілте.

Құстар,құстар

Көгімде қалықташы

Шаттық үңді

Әніңнен жалықпашы

Тыраулайды-

Тырнаның тұрақты әні,

Созылады аспанда

Бұрыш сәнді.

Құстар,құстар,

Сәніңді сағынамын

Қуанышты

Әніңе қосыламын

Құстар ұшып,

Келеді құстар ұшып,

Мен де тұрамын

Әніңнен бақыт құшып

Құстар келді

Тойлатып айдын көлді

Туған елдің

Өңірі әнге толды

Сыңсып ақ қаз,

Гәккулеп аққу келді,

Ән салады

Сағынып туған жерді

Құстар, құстар,

Перзенті туған жердің

Ажарланды

Келбеті туған елдің. 2004


АСЫЛ АНА

Асыл ана, жүзің нұрлы көрікті



Ізгілікте бір өзіңнен өніпті.

Жомарт жүрек,әділдіктің арасын

Бір өзіңнен,бір сөзіңнен ұғыппын.

Асыл ана, бал тамғандай тіліңнен,

Сөз сөйледің көрегендік ізімен.

Таза тілек, ақыл сөздің пайымы

Бір өзіңнен, бір сөзіңнен өрілген.

Асыл ана, көзің жіті көреген,

Бала сүйіп, ақ бесікке бөлеген.

Маһаббат та, марһаббат та лайықты

Бір өзіңе, тек, өзіңе жүгінем. 2008
БОЛАШАҚҚА

Болашаққа арнаймын жырдың нәрін

Болжаулап болашақты-адам жайын.

Болашақ өзіңменен кеңесемін

Сыр қуып сенімменен теңесемін.

Болашақ, асқақ болсын, алтын айың

Бақытын көру сәті бізге лайық.

Жөргегіне жерімнің бақыт түйіп,

Жәннат бағын мәңгілік аралайын. 2009
БҰЛ МЕНІҢ ҒАСЫРЫМ

Бұл менің ғасырым,

Бұл менің асылым.

Көк туы желпиді

Көкорай жасылын.

Бұл ғасыр жүрегім,

Ғасырмен күлемін.

Ғасырдың қадамын,

Жыл санап білемін.

Бұл ғасыр мерейлі

Тамыры кенейлі

Тынысын тыңдаймын,

Төріне қараймын.

Бұл ғасыр ғажабын

Жырлаймын өзімше,

Ұрпағым көңлінде,

Сақтайды өзінше.
СЕН ҮШІН

Түн Жұлдыздар қақты жымың.

Ғажабын көрдім түннің,

Түндер, тек, жаратылған,

Ғашықтар, бір сен үшін.

Күн. Алтын Күн тағат тілеп,

Сұлулық ,сымбат сыйлар.

Күн сүйген қымбат ару,

Ғашықтан бақыт құшар.

Жоқ. Уайым, мұң құрысын.

Жылауық жыр тыйылсын.

Шыңдықтың ағын ақтар,

Жүректен жыр құйылсын.

Бар. Аспанда Ай, Жұлдыздар,

Сұлтан —ұл, Ай -қыздар бар.

Жаралған ғашық -оттан,

Жаһұттай жырларымды ал.
ЕЙ, ЖАСТЫҚ!

Алда асу, шығар биік жетерлік.

Ең алтын шақ - ол - жастық

Қазақ елдің ірге тасын қаласып,

Жалғастырып,жалындашы, ей, жастық.

Отан! - деші, жүрек қанын суытпай

Болашаққа жалға арман мұратгы.

Елім!-деген ыстық ықыласыңды

Келер ұрпақ танып білсін, ұмытпай

Асқар-алып, биік шыңда сенікі

Туған Отан, Бақыт, Байлық сенікі

Көркейт, қала, ауылыңды, елщді,

Қорға қазақ - бауырыңды, ей, жастық !
АЛЛАҺ БІЗДІҢ ПІРІМІЗ

Аллаһ біздің піріміз,

Үмметіміз пайғамбар.

Жалғасымыз Әлемнің

Біледі оны байқаған.

Жақсылық бар халықтың жүрегінде,

Тыныштықты тілейді жер жүзіне.

Әлемге бақыт сыйлайтын,

Сәбидің тілегі бар күлкісінде

Ұлыс қалық Ұлы да бола алады,

Дос жүректен Ұлы күш жаралады

Дос үні мөлдір бұлақ тау суындай.

Дос-Әлем Қазақелмен санасады.

Тариһ көште айғыз -айғыз жол жатыр,

Еркіндікте мына ғасыр -ол - Батыр.

Ғасырларды ғасырларға бастайтын,

Алдымызда белес-белес жол жатыр.

Мұсылман шындығына сыйынамыз,

Көк байрақтың астына жиыламыз.

Езлігеннен есейген ұрпағың бар,

Мұһит боп кең арнаға құйыламыз. 2009

СЕНДЕРДІ САҒЫНАМЫН

Қыс -боран бауырында,

Көктемнің жауынында.

Мен сені сағынамын,

Қоңыр күз дауылында.

Анамды сағынамын,

Ажалға бағынамын.

Көктемнің сағымына

Анам деп, ағыламын

Баламды сағынамын

Бақыттан табыларсың

Өмірлік бақ-дәулетті

Еншілеп тағынарсың.

Бауьфды сағынамын

Айтуға табынар мұң.

Туыстық бал-дәуреннің

Ұмытпа таңшуағын.

Аулымды сағынамын

Нан-тұзы, дәмі балғын.

Өтіпті-ау тағдыр таңым

Тәңірге табынамын.

Бір шындық білем барын,

Айаулы Тәңір-бағым

Тағдырлар тоғысқанда Бәріңде табыларсың.


ТАНЫС ӨМІР

(көңіл- күй)
Бір қарасам,

Бұл өмір таныс маған,

Сірә, мен

Уақыттан қалыспағам.

Неғұрлым

Армандасам алыстарды,

Алысым қол жетердей

Жақын маған.

Апыр-ау,

Бәрі -бәрі таныс маған.

Махаббат,

Бала,


Ана қасиеті

Бәрі де байағыдай,

Ертеден таныс маған,

Иәки, қалыспағам

Бұл - өмір

Бала жастан таныс маған.

Құс қуып,

Балықты да қолға ұстағам.

Аспаннан

Ай мен Күннің Нұрын танып,

Тербетіп ақ бесікте Бала ұстағам.

Жарқылы


Жай отының таныс маған,

Сөзқуып,


Жаманменен жарыспағам.

Уақыт,


Пырақ мініп зуылдайсың

Мен әлі тосудамын

Бақытга қауышпаған.
ЖІГІТТЕР ҚЫЗҒА ҒАШЫҚ, АЛ БІЗ ШЕ?

(ишара)

Жігіттер ғашық қыздарға.

Жырын да, сырын жазды арнап,

Біз неге қарап қаламаыз,

Ғашық боп, біз де жанамыз.

Ғашық көздің қарасы,

Жүрекке жара салады.

Емде деп, салған жараңды,

Мөлтілдеп жанар қарайды.

Ғашығын тұңғыш аймалап,

Сүйеді, күйіп, лапылдап.

Мас болып, дел-сал, күй кешсең,

Елжірей қарар жаудырап.

Сүюдің тәтті ләззаты - ай,

Ғашықтық - тілдің тәттісі —ай.

Қалады есте мәңгіге,

Ғашықтың отты құшағы -ай.

Ғашық боп қыздар егілер,

Жүректің сыры сезілер.

Жете алмай сүйген досына

Маһаббат әндер төгілер.

Қазақтың қызы тәлімді,

Шарпиды жүрек жалыны.

Мәриәм менен Тәтіштей

Айта алмай, жүдеп, сағынды.

Ақ бетті ару арымсың,

Тәңірдің қосқан жары сен,

Дегенде, ыстық құшақтар

Табысты жүрек, сүйіп жар.
ҒАШЫҚПЫН ӨМІР ӨЗІҢЕ

(сезім шаттыт-пафос)
Жанға жайлы жылы жүздің үлгісін

Бір өзіңнен көрдім, сәулем, жыл құсын.

Тыныш тірлік,түнық көңіл мөлдірі

Бәрі- бәрі бір өзіңнен жұғысты.

Ғашықпын өмір өзіңе,

Айдыны әппәқ көліңе,

Көкорай шалғын көгіңе,

Ғашықпын өмір,

Ғашықпын өмір өзіңе,

Көктем күні- патша Әлемнің еркесі,

Қасиетті Наурыз - жырдың кестесі.

Көкірек көгі көк жүзінде өрілер

Ұлы қасиет жүректерді жүгінтер

Ғашықпын өмір өзіңе,

Айдыны әппәқ көліңе,

Көкорай шалғын көгіңе,

Ғашықпын өмір,

Ғашықпын Әлем өзіңе.


БІЗДІҢ ҮЙДІҢ БҰРЫШЫ
(сыр нақышы)

Неше рет келіп,

Нешеме, қайттым ауылдан

Үзбедім күдер ағайыннан, бауырдан.

Әр келген сайын,

Армандап ұзақ қараймын

Біздің үй тұрған Сарысу өзен бойына.

Қайран да, қайран,

Қайырлы менің ауылым.

Қасқайа қарап, қарсы алушы едім дауылын.

Тас борап, кейде құм жалап айақ, аузымды

Сығалап қарап табушы едім жолымды.

Бар ма адам, сыйласып созсам қолымды.

Сол байағы ауылдың шалғай шетінде,

Біздің үй тұр ғой күн шығар тұстың өтінде,

Беу, байағы мен жасаған әдемі бұрыш бетінде.

Бұзылмапты, көзіме ыстық көрінді,

Он алты жастың қолтаңбасы бұрышым

Ойлаушы ем сол кез, әр нәрсенің дұрысын.

Балалықтың төрт бұрышы өрілді,

Өрлеу жолға қарайды ұзақ көңілім.

Түседі еске балалауса балғын өмірім.

Бүрышы үйдің бэз байағы қалпында

Балалық үйді бағалаймын алтынға

Асықпа көңіл, басылшы жүрек,алқынба?!

Қалмады менен бағалы затта ауылда

Қалдырғаным төрт бұрыш, төрт қабырға

Жастық жігер көңілден қалды алыста.

Неге кеттім, тыныштық тұнған ауылдан?

Қалада жанның жігерлі бағы өсер ме?

Сағынумен ауылды өмір өтер де.

Арман - Сарысу, ақ шағала жағаңда,

Біздің үйдің сэн - бұрышын бағала

Ақ шағала!Ақ шағала! Шағала,

Ертелі-кеш біздің үйді жағала.
Ә УЕЗДI МҮМКІНДІК

Н

Д Саумалдай самал есімде

Е Тұнық бір жаздың кешінде,

Т Отырдық үнсіз қарасып,

К Ай жұлдыздай жарасып.

Е Бақытты бапты күй кешіп

Н Әзіл мен күлкі үйлесіл.
О Ләззәті сол шақ есімде

Й Жұлдызды әнмен билеттік.

Л Арманды жалғап арманға

А Шығармыз талай асқарға.

Р Асықпашы таң бүгір

Қос жүрек лүфіл қаққанда.


ЕСІМДЕ

Есімде күн кездескенім өзіңмен,

Тіл қатпай - ақ өбтің менің бетімнен

Мен ойланып, бір сезіммен қарадым

Сені сол сәт бақытыма баладым

Сөзге шорқақ, маһаббатқа батыл ең,

Өзіңменен талай таңды атырдың.

Арманыңа арманымды байладың

Жарым осы болар деп мен ойладым

Бірге соқты қос жүректер, біргеміз

Қарттық жетті, бұзылмасын іргеміз

Жанұйаның шаңырағы биіктеп,

Шаңырақты түндік жапты иектеп

Арманыңа арманымды байладың,

Жарым осы болар деп мен ойладым.

Жанұйамыз жанға жайлы көктеді,

Сен мені сүй, бұл өмірде,тек, мені.

ҚЫЗЫҚ ДҮНИЕ-АЙ

Қызық дүние - ай,

Қыз түлкідей бұлаңсың

Алдандырып,

Алданып та тұрасың

Адамша күйіп,

Адамды сүйіп кез- кезде

Басыңды байлап,

Бұлтартпай бақыт табасың.

Қызық дүние -ай,

Бұлталақтап болмайсың,

Шоқ басқан жындай

Қып - қызыл дауға тоймайсың.

Амалың қалай?

Періште боп та, пенде боп.

Жаманды қуып,

Жақсылыққа бойлайсың.

Қызық дүние- ай,

Амалың бар- ау, жараған

Адуын, кейде,

Бір сәтте маңғаз кейпің бар.,

Беліңді буып,

Дүниені қуып,

Ұғынып, ұқпай өзің де

Көрсетесің бір ызбар.

Қызық дүние- ай,

Қылығыңа қарадым

Қырды кезіп,

Алға тартып барасың.

Сенде тудым,

Сенде өстім,

Ғажап жұмбақ дүние

Жұмағыңнан нэр алдым.
САРЫ БЕЛДЕН САРҒАЙЫП,

ТАҢ КЕЛЕДІ
Сары белден сарғайып таң келеді,

Сұлу қыздар, күлім көз паң келеді

Сырға толы жүрегі, зиалы ойы,

Ақылы да көркіне сай келеді.

Сары белден сарғайып таң келеді,

Өмір өзен құлпырып түрленеді.

Сұлу қыздай сылаңдап Астана тұр.

Ғажап өлкем жайнайды, гүлденеді.

Сары белден сарғайып таң келеді,

Жақсылықты Отаным меңгереді

Асықтырма уақыт асықпашы,

Шаңырақтан таң озып, күн күледі.


САУЫҒУ

(әсер)

Орақшының орағының астында

Өлімге басы иілген

Сұлу да, паң Інжугүл секілді

менде жүдеп жүр едім...

Мезгілсіз ажал келе ме, деп, күтумен,

Қалам ба, деп, өлімнің көріп қорлығын,

Ақ жүзімді баса ма деп, Эрба* қою түнегі,

Солып, семіп өтем бе деп өмірден,

Жүрегім де байаулатып соғатын,

Жарық күнім сенетіндей болатын...

Жүрегімді жаулап тартты қүбылыс,

Құлағыма келді жылы бір дыбыс,

Жарқ етіп бір жалын отты жанары,

Құшты, өбті, аймалады амалы

Жылы сөздің ышызарлық күшімен

Жұлып алды мені мұңның ішінен.

Берік өмір, бекем ойды сый етіп,

Күлдірді өмір тағдырымды ұзартып.

Осы күштің ләззәтінен сусындап,

Раһаттап, тәтті Әлемнен күй тыңдап,

Сауықтым мен, енді мәңгі өлмеспін!



ЖОЛДАУ

Кездесіп жиі сенімен өлең достасам

Өмір, сенсіз жүрегіме сыр құймас .

Кей кезде сеніп, қоштаспақ болсам музаммен

Жүйкемді жеңіп, жазмышпенен жұлқысам.

Жүрегім жанып жырға да, сұлу өлеңге

Жазамын жанның балшырынына сүйсініп. 2011

Эрба — (қою, қара түнек)

Мұндай һалге түсетін жалғыз мен емес,

Ақынның тілі - Аллаһның тілі,тек емес,

Басқапың бәрі - Адамды алдау құр елес.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет